М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет10/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
8
Авторлық ұжым пәнаралық ғылыми талдау үшін аса маңыз-
дылығы бар Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» жұмысында 
берілген ұлттық тарихты 12 бөлікке жіктелген кезеңдеуге сүйене 
отырып әл-Фараби заманынан Абайға дейінгі қазақтардың рухани 
өмірі дамуын 3 негізгі кезеңге бөледі: 1) болмысты құндылықтық 
пайымдаудың түркілік кезеңі (IX–XV ғғ.); қазақ хандығы дәуіріндегі 
дүние түсінігі (XV–XVIII ғғ.); қазақ даласының ағартушылары (XIX–
ХХ ғғ.). Зерттеушілер осы тарихи кезеңдер және Абайға дейінгі 
әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иүгінеки, Қожа Ахмет 
Ясауи және басқа да қазақ даласы ойшылдарының шығармашылық 
мұраларымен әрдайым және жүйелі түрде зерделеді.
Соңғы уақытта философиялық және тарихи әдебиетте түркі та-
рихы, мәдениеті мен дүниетанымына деген қызығушылық кұшейге-
нін атап өту керек, тек қана қазақ философиясының тарихы ғана емес, 
сонымен қатар түркілік философияны тұтастай қайта құрастыру 
үрдісі белең алып отыр.
Жаһандану жағдайында қазіргі суперөркениеттің байланыс 
аймағы ерекше маңызға ие болуда, ал түркі әлемі мәдениеттер 
мен мәдени әлемдер тоғысқан аймақтар қатарына жатады және 
тәуелсіз жаңа түркілік мемлекеттерде пассионарлық деңгей өте 
жоғары. Түркілік философияның бастаулары түркілік филосо-
фиямен айналысудың тәсілдері мен формалары, түркілік ойдың 
қалыптасуындағы исламның рөлі мен мағынасы, еуразиялық 
кеңістіктегі түркілік және славяндық философиялық дәстүрлердің 
диалогының маңызы, түркі философиясының бір тармағы ретіндегі 
қазақ философиялық ойының ерекшеліктері туралы ойтолғаулар 
қазіргі ғылыми әзірдемелер үшін басты мәселеге айналуда.
Қазіргі жағдайда қазақ халқының бай рухани мұрасын ғылыми 
зерттеудің маңыздылығы артуда. «Ұлт жоспары – 100 қадам. Қазіргі 
мемлекет барлығы үшін» бағдарламасында ұлттық өзіндік сананың 
пәрменді өрлеуі жөнінде айтылуы кездейсоқ емес. 
Әлемде теңдесі жоқ «Мәдени мұра» («Культурное наследие») 
мемлекеттік бағдарламасы 2004–2011 жылдары жүзеге асырылды 
және ол халық мәдениеті мен ұлттық рухтың қайнар бастауларын 
зерттеуге арналды. Осы бағдарламаның арқасында қазақ халқының 
ұлттық рухани мәдениетінің көптеген жазба ескерткіштері баршаға 
белгілі болды. Қазіргі кезеңде ашылған түпнұсқаларды талдаудың 
ғылыми сәйкес келетін әдіснамасын кезеңі келді, «ұлттық рух» 
ұғымының мағынасын терең әрі жан-жақты ашу үшін олар-
ды объективті түрде зерделеудің уақыты туындады. Әлемнің 
жаңғыртылған және сонымен бірге тарихи іргелі ұлттық бейнесі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет