М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет9/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

К і р і с п е

да ағартушылық ойларды зерттеудің тиімді әдісі тарихилық пен ло-
гикалықтың бірлігі қағидасы болып табылады. Оның мағынасы мы-
нада – кейбір нақтылықтағы шынайы тарихты танытатын, білдіретін 
нәрселер хронологиялық сипатта оның алдында келген барлық 
оқиғалар емес, тек осы нақты құбылысты шын мәнінде, «табиғаты 
бойынша» айқындайтындары ғана болып табылады. Ол зерттелетін 
әрбір құбылысты өзінің дамуының барынша кемелденген шағында, 
яғни бұл құбылыстың мәнін анықтауға және көрсетуге оңайырақ кез-
де қарастыруға мүмкіндіктер береді. Жоғарыдағылардың барлығы 
біріккен кезде және зерттеудің салыстыру әдісін бірге қарастырған-
да, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» концептісіне әдіснамалық тұрғыда 
арқа сүйегенде авторлық ұжымға басты құндылықтық бағдарлар мен 
әдіснамалық зерттеудің логикасын анықтауға нақты мүмкіндіктер 
туындады.
Ұжымдық монографияда қазақстандық және әлемдік әлеуметтік 
гуманитарлық ғылымда тарихи үдерістегі қазақтың рухани әлемінің 
біртұтастғы жөнінде түсініктер енгізіледі және ол ұлттық тарихтың 
мәніне түбегейлі жаңаша қарауға мүмкіндіктер береді. Ұлт тари-
хының ерекшелігі оның бойында үнемі рухани сабақтастықтың бо-
лып тұрғанында, бірақ осы құбылыс гуманитарлық ғылымдардың 
зерттеу жұмыстарында дискретті және үстірт көрініс бергенін 
байқаймыз.
Қазақ халқының тарихындағы рухани сабақтастық тарихи 
оқиғалардың қарапайым кезектесіп келуінен түбегейлі айрықша-
ланады, ол түркі әлемінің мифологиялық түсініктерінен бастап 
қазақ халқының біртұтас дүниетанымының қалыптасуына дейінгі 
барлық салалардан байқалады. Зерттеуде көрсетілген жаңа ғылыми 
тұрғылардың негізінде нақты біртұтастықтың өлшемдеріне, түсін-
діру сипатының толықтығына және еуразиялық рухани-мәдени ин-
теграция жағдайындағы этностың өмірмәндік болашағына жауап 
беретін дүниені түсінудің маңыздылығы нақтыланған.
Авторлар өткен дәуірлердің рухани құндылықтарына деген 
құрмет пен бағалауларға негізделген шынайы адами қоғам мен 
әлеуметтік қатынастардың жаңа типіне сәйкес келетін халықтың 
мәдени мұрасына, рухани ұстанымдарға деген ерекше қатынас 
дерегін зерттеу барысында орнықтырады. Зерттеуде ұсынылған 
теориялық-әдіснамалық мағынадағы жаңа концептуалдық идея-
лар, терең конструктивті ұғымдар және тарихи-философиялық 
зерттеулердің ғылыми нәтижелері қазіргі Қазақстанның рухани
мәдени және қоғамдық дамуы үшін жақындағы он жылдығы мен 
арғы болашағына үлкен маңыздылыққа ие болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет