«Мен ешқашан...» Қатысушылар кезекпен «Мен ешқашан...» деп басталатын
сөйлем айту керек. Мысалы, «Мен ешқашан парашютпен секіріп
көрген жоқпын». Қалған қатысушылар бұл фраза өздеріне қатысты
болмаса, саусақтарын бүгіп отырады, яғни олар парашютпен секірген
болса. Бұл ойында кімнің өмір тәжірибесі ерекше болса, жеңіске
жетеді.
«Мені түсін» Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін
дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын
жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі
ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім
парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен
салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп
болса, сол жеңімпаз деп танылады.