«Менің тұлғамның формуласы»
Сынып оқушыларын бір-біріне жақынырақ таныстыру,
жағымды ахуал тудыру үшін қолданылады. Әр оқушы өзінің
қызығушылығын, мінез-құлқын, дарыны мен талантын формулаға
түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар «қосу», «азайту», «көбейту»,
«бөлу» ұғымдарын қолдана отырып, математикалық формула шығарса,
кейбірі химияны еске түсіретін формулалар құрастырады.
Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік
– 0,5 жалқаулық
Сыныпта «бөлу» мен «азайту» амалдары көбірек болған
оқушылар мен «көбейту» мен «қосу» амалдары көп оқушылары
араластырып отырғызу, бір-бірімен пікір алыстыру т.с.с жұмыстарда
мұғалім қаперінде ұстау үшін формулаларын жазғызып, жинап алып
қарап отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |