Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет91/155
Дата08.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#118207
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   155
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

«Минуттық шешім» 
Оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды 
тармақтарды (пайдалы, мағынасы бар) анықтайды.
«Мозаика»
«Мозаиканың» басымдылығы - оның топтық жұмыс істеу 
үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік 
береді.
• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта 
шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық 
топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері 
мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған.
•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме 
материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі 
көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған
негізгі тапсырманың ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр 
топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.
«Молекулалар» 
Жүргізуші қатысушыларға енді олардың атомдар екенін 
айтады. Содан соң «10 атомнан молекулаға бірігіңдер!» деген пәрмен 
береді. Осылайша, атом санын азайта береді. Айтылған санға біріге 
алмағандар ойыннан шығып отырады. Соңында қалған екі атом 
жеңімпаз атанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет