«Ой жалғау»
Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-
топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма
беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер
шығып оқиды.
«Ой күмбезі»
Бұл әдіс тақырыптық тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп
орындауға негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
«Ой қазығы» - айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым
түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды;
«Ой желісі» - негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған
білімді қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді;
«Ой өрімі» - оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап,
салыстыру,
дәйектеу,
дәлелдеу,өзге
ұқсайтын
(ұқсамайтын)
құбылыстармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын
ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді;
«Ой күмбезі» - шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың
маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап,
баға беруге жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |