Эмбриология грек тілінен


21-Тарау. Адам эмбриологиясының негіздері Плацентаның  аналық



Pdf көрінісі
бет42/43
Дата08.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#118501
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
9563189c-9b13-4d2a-8e26-3c5015dc3461

792
21-Тарау. Адам эмбриологиясының негіздері
Плацентаның 
аналық 
бөлімі базальды табакша мен котиледондарды 
бір-бірінен бөліи тұратын, дәнекер тіндік септалардан және ана канына 
толы лакуналардан тұрады. Бағаналы бүрлердің түсіп калушы кабыкшамен 
байланыскан жерлерінде трофобласттык жасушалар (шеткері трофобласт) 
кездеседі.
Жүктіліктің ерте сатыларында хорион бүрлері нәрестеге жакын жатырдың 
негізгі түсіп калушы кабыкшасының кабаттарын бұзады және оның орнына 
ана канына толы лакуналар пайда болады, оларға хорион бүрлері еркін сал- 
бырап тұрады.
Түсіп калушы кабықшаның закымдалмаған терен бөлімдері трофобласт- 
пен косылып базальды табакшаны кұрайды.
Эндометрийдің базальды қабаты (lamina basalis) — децидуальды
жасушалары 
бар, жатырдын шырышты кабыкшасының дәнекер тіні. Бұл ірі, гликогенге 
бай дәнекер тінінің жасушалары жатырдын шырышты кабыкшасынын терен 
кабаттарында орналасады. Олардың шекаралары анык, ядролары дөңгелек 
және цитоплазмасы оксифильді. Жүктіліктің 2-ші айының барысында деци­
дуальды жасушалардың көлемі едәуір үлғаяды. Олардың цитоплазмасында 
гликогеннен баска, липидтер, глюкоза, С дәрумені, темір, ерекше емес эсте- 
разалар, янтарлык және сүт кышкылдарының дегидрогеназасы аныкталады.
Базальды табакшада, көбінесе бүрлердің плацентаның аналык бөлі- 
міне бекіген жерінде, шеткері цитотрофобласт жасушаларының жиын- 
тыктары кездеседі. Олар децидуальды жасушаларды еске салады, бірак 
цитоплазмасының канык базофилділігімен ерекшеленеді. Аморфты суб­
станция (Рордың фибриноиды) базальды табакшанын хориальды бүрлерге 
караған бетінде орналасады. Фибриноид ана—нәресте жүйесінде иммундык 
гомеостазды камтамасыз етуде мацызды кызмет аткарады.
Плацентаның дамуы барысында, тармакталған және тегіс хорионның ше- 
карасында, яғни плацентарлык дискінің шетінде, орналаскан негізгі түсіп 
калушы кабыкшаныц біраз бөлігі закымдалмайды. Ол хорионға тығыз косыла 
өсіп, плацентаның лакуналарынан канның ағып кетуіне кедергі болатын
туиықтаушы табақшаны
кұрайды.
Лакуналарда кан үздіксіз айналымда болады. Ол мұнда жатырдын бүлшык 
етті кабыкшасынан кіретін, жатыр артерияларынан келеді. Бүл артериялар 
плацентарлык тосқауылдар аркылы келіп, лакуналарға ашылады. Плацен- 
тадан ана каны лакуналардан ірі тесіктер аркылы басталатын көктамырлар 
аркылы шығады.
Плацентаныц калыптасуы жүктіліктің 3-ші айынын соңында аякталады. 
Плацента 
осы 
уакытка 
карай 
калыптаскан 
ұрыктың 
мүшелерінін 
бастамаларының коректенуін, тіндік тыныс алуын, өсуін, реттелуін және 
оның корғанысын камтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет