Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет28/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Суреткер ақын. 
Сұлтанмахмұт шығармашылығының өзекті 
тақырыбы – оқу-ағарту жөнінде. Ақын оқу-білім тақырыбын ақындық 
жолының алғашқы кезеңінен-ақ өз шығармашылығына өзек ете 
бастаған. «Орнымыз медресе оқып жатқан», «Оқу», «Оқып жүрген 
жастарға», «Талиптарға», «Оқудағы мақсат не?» өлеңдері осының 
айғағы. Сұлтанмахмұт оқу-ағартуды арқау еткен өлеңдерінде өз 
мақсаты мен қазақ жастарының мақсатын ұштастыра отырып 
жырлайды. Ақынның үміт-арманы мен білім-ғылым туралы түсінігі, 
жеке басының ғана емес, ұлт қамын ойлаған жанның биік азаматтық 
мақсаттарымен айшықталады.
 


33 
Сұлтанмахмұттың бұл тақырыпқа жазған кейінгі өлеңдерінде 
(«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы») лирикалық 
қаһарманның өршіл ойлары айқындала түседі. Ақынның 
романтикалық рухқа толы жалынды өлең жолдары өлең сөзінің 
құдіреті арқылы оқырман көңіліне жылы ұялап, жүрегіне жол табады.
«Шығамын тірі болсам адам болып» атты өлеңіндегі осы жолдар 
лирикалық қаһарманның арманының биік, ойының асқақ екенін 
танытады. Сұлтанмахмұттың оқу-ағарту тақырыбына жазған 
өлеңдерінің ішінде шоқтығы биігі – «Шәкірт ойы» (1917). Бұл – нағыз 
ақындық ой мен сезім толғанысынан туып, ақын жан дүниесінің 
тынысын сездірер өлең.
Сұлтанмахмұт ақын ретінде қоғамдық өмірдің алуан түрлі 
сұрықсыз жақтары мен ұнамды-ұнамсыз кейіпкерлердің іс-
әрекеттерін, характерлерін, мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін ашық, 
айқын, әсерлі көрсетуде асқан шеберлік танытады. Суреткер адамның 
әр түрлі қасиеттерін, сыр-сипатын бейнелі сөз үлгілерімен бере 
отырып, жаратылыс көріністерін, табиғат құбылыстарын жанды бейне 
кейпінде бейнелейді. 
«Бір адамға» лирикасы – ақынның әлеуметтік сарыны басым, өткір 
де шымыр өлеңдерінің бірі. Мұнда ақынның сыншыл реализм әдісін 
жете меңгергендігі айқын көрініс тапқан. Сұлтанмахмұттың 
суреткерлік шеберлігі сонда. Ол осы шағын өлеңіне үлкен әлеуметтік 
жүк артып, кереметтей сурет жасап, түйін түйген.
Сұлтанмахмұттың сыршылдығы мен ақындық суреткерлігі оның 
табиғат лирикасынан, табиғатты әсем жырлауынан танылады. Оның 
бұл саладағы жырлары жалаң табиғат көрінісінен тұрмайды, сол кездің 
қоғамдық жағдайымен үнемі астасып жатады. 
Сұлтанмахмұт өз поэзиясына негізгі өзек етіп халықтың бостандық 
сүйгіш ұлы мұратын таңдап алды. Оның ақын ретінде қалыптасуына 
әсер еткен жағдай өз кезеңіндегі халықтың әлеуметтік өмірі, ұлтының 
бостандық жолындағы күресі болса, үйренген мектебі, алған тәлімі 
ұлы Абайдың озық үлгідегі әдеби дәстүрі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет