56
Күн соңынан сансыз күндер, жыл
соңынан жүздеген жылдар өтіпті. Бір-
де Күн мен Ай бір сұрақтың шешімін
таба алмай, өзара өкпелесіп қалады.
– Күн жақсы ма, Ай жақсы ма?
Күн айтады: – Мен Жер бетіне
сәуле, жылу таратамын. Адамдар
ерте тұрып еңбек етеді.
Ай да уәжді сөзден қалыспайды: –
Мен Ай десе аймын. Сен айналаны
қараңғыға бояған сәтте түндерді
аппақ нұрға бөлеймін. Ақындар айлы
түнде жүрегіне
жақын жанды өлеңі
мен жырына өрнектеп қосады.
Күн мен Айдың өзді-өзін мақтай
сөйлеген лебіздерін Жер – Ана
байыппен тыңдап, былай депті: –
Күнім мен Айым, сендер болмасаң,
мен бусанып жатпас ем. Көсегем
көгермес еді.
Бірің жылу дарытып,
топыраққа түскен дәнге жан бітіресің.
Ал Ай болса, мызғыған тіршілікке
сұлулық әкеледі. Шаршаған жанға
қуат дарытады. Сондықтан екеуің де
маған қымбатсыңдар.
Жер – Ана толғана тұрып: – Менің
бағыма орай Күн мен Ай мәңгі
жасай беріңдер, – деді. Күн сол сәтте
сәулесін молынан төге түсті. Ай да
сол мүлгіген түні
төңіректі керемет
сұлулыққа бөледі. (160сөз)
9-сынып
ЕКІ БОЗТОРҒАЙ
Ерте, ерте, ертеде кең далада екі
бозторғай балапаны жұмыртқаны
жарып шығып, дүниеге келіпті.
Сайын дала төсінде көктен себелеген
күн нұры олардың бойына қуат
беріп, тезірек өсуіне жәрдем етіпті.
Қос бозторғай балапанының түр–
түсі
бірдей болғанымен, мінездері
ұқсамапты. Екеуі жиі-жиі шекісіп
қалады екен. Ұрыс-жанжалды үнемі
бірінші
бастағанына
қарамай,
енелері «пысық» деп, мінезі шадыр
балапанын жақсы көріпті. Бір жаққа
бармақ болса,
қасына соны ертіп,
момын балапанын ұяда қалдырып
кетеді екен.
Көктем шығып, ағаштар жаңа-
жаңа бүр жара бастағаннан-ақ, құс
біткен алуан түрлі әнге басыпты.
Айналадағы тіршілік иелері бұлбұл-
дың жүрек тебірентер әдемі әуеніне
тәнті болыпты.
Таудың биігіне ұя
салып, жер бетін зеңгір көктен
шолып, қалықтап жүретін бүркіттің
саңқылдаған
батыл
даусынан
бойларына күш жинапты.
Бірде ән салу кезіндегі өз дегенінен
қайтпайтын бозторғайға тиіпті. Ол
әркімге бір еліктеп, бірде бұлбұлға,
бірде қарлығаштың даусына ұқсас
әуенге басты. Бұл ән әуені құстарды
зеріктірді.
Осы
мезетте кең далада шырыл-
дай жөнелген дауыс естілді. Әсем
бұлбұл да, қыран бүркіт те, аппақ
төс қарлығаш та нәзік, мұңды,
сағынышқа толы ән ырғағына елітіп
тыңдай қалыпты.
– Маған ән салуды туған далам,
жұлдызды түндері мен сыбдыр
қаққан өзені үйретті. Осы алтын бесі-
гімде ешкімге еліктемей өстім. (180
сөз).