Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
 ҚАЙЫРЫМДЫ ӘПКЕ
Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. 
Мамасы жұмысқа кетерде, малға 
уақтылы шөп салуды Дәуренге 
ескертті. 
Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді 
таза шүберекпен сүртті. Терезе 
алдында өсіп тұрған үй гүлдеріне 
су құйды. Дәурен достарымен бірге 
балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы 
өзеннен он шақты балықты түске 
дейін қиналмай-ақ ұстады.
Су бетіндегі қалытқы тұңғиыққа 
тастай батып кеткенде, қармағына 
іліккені жайын балық болатын. 
Дәурен бұған мәз. Балық аулаймын 
деп күннің түс ауып кеткенін Дәурен 
кеш байқады. Мамасының сөзі есіне 
түсті:
– Ау, достарым, мен үйге қайттым. 
Мамам «малға шөпті уақтылы бер» 
деген еді, – деп ұстаған балықтарын 
жинастыра бастады.
Үйге кірерде Дәурен ең алдымен 
малды қораға қарай бұрылды. 
Қора ішінен байқағаны – екі сиыр 
алдындағы мол шөптен жеп тұр.
– Дәурен, балықты көп ұстапсың 
ғой, – деді Гүлнәр.
– Балықтың қызығына түсіп, кеш 
келдім.
– Сен кешіккен соң, малдарға шөп 
салып қойдым.
– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ри-
зашылығын білдіріп. (140сөз)
8-сынып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет