6
Оқу әдістері
Әр ғасырда оқуға үйретудің әдіс-
тері болған. Содан кейін олар ұмыт
қалады да, бірнеше онжылдықтардан
кейін қайта жаңғырып,
қолданыла
бастайды. Әр әдістің өз ерекшелігі
бар. Енді осы алуан түрлі әдістерді
талдап көрейік.
Оқуға үйретудің өз негізінде бір-
біріне қарама-қайшы негізгі екі әдісі
бар. Біреуі тұтас сөз әдісі, екіншісі
фонологиялық әдіс деп аталады.
Ұзақ уақыт бойы фонетикаға үйре-
ту керек пе деген қызу пікірталас жүр-
ді. 1930 жылы осы тақырыпқа бірқатар
зерттеулер жүргізіліп, фонетиканы
оқыту қажет деген қорытындыға
келді. Алайда, балаларға қалай және
қандай көлемде берілуі керек деген
сұрақ тұрды.
Мысалы, мынандай эксперимент
жүргізілген. Балалар тобын екіге
бөлген, бірінші топта сөздерді тұтас
оқу әдісі бойынша, ал екінші топты
фонологиялық әдістің көмегімен
үйретеді. Балалар оқи бастағанда,
оларды тестілеуден өткізеді. Бірінші
кезеңде бірінші топтың балалары
дауыстап және ішінен жақсы оқыған.
Ал «фонологиялық» балаларға таныс
емес сөздер оңай болып,
екінші сы-
ныптың соңында қабылдау және
сөздік қорының байлығы деңгейі
бойынша өз сыныптастарын басып
озған.
Ғалымдардың
бақылаулары
бойынша, сөзді тұтастай оқитын
балалар әдеттегі қателерді жіберген.
Мысалы, суреттің астындағы жазу-
ларды оқығанда, мағынасы жақын
сөздермен алмастырған. «Жолбарыс»
деген сөздің орнына «арыстан», «қыз»
деген сөздің орнына «балалар»,
«машина» деген сөздің орнына
«доңғалақтар» деп айтуы мүмкін еді.
Сөзді анықталған белгілі бір мәніне
бекітуге ұмтылу бүкіл оқу жылы бойы
балалар біреудің көмегінсіз жаңа
сөздерді оқып үйрене алмауына
әкеліп соқты.
Әділдік үшін «фонологиялық» ба-
лалар әріптерінің орны ауыстырыл-
ған немесе ұқсас сөздермен алмасты-
рылған сөздерді оқуда қиындықтарға
кездескенін айта кету керек.
Осылайша, көптеген кішкентай
оқырмандарға фонетика қажет екені
түсінікті болды. Соңғы зерттеулер
адамдар сөздерді әріптеп оқитынын
растады. Бірақ бұл жылдам болған-
дықтан, біз сөзді тұтастай қабыл-
дайтын сияқты көрінеді.
Әрі қарай зерттеулер жүргізу ба-
рысында психологтер оқу – баланың
мәтінді ішінен айтуы екенін түсінді.
Мәтінді тұтас қабылдау теориясын
жақтаушылар біз мәтіндегі сөздерді
тікелей қабылдаймыз деп санаған
және әлі күнге дейін солай ойлайды.
Бірақ тәжірибелер ішінен оқу кезінде
де, дауыстап оқу кезінде де мидың
дәл сол
бір бөлігі іске қосылатын
көрсеткен.
Сонымен, еркін оқу үшін әріптер
тез және оңай танып, оларды
дыбыстармен сәйкестендіру қажет.
Фонетиканы жаттап алу өзге де
айла амалдар мен әдіс-тәсілдерден
әлдеқайда тиімдірек екен.
Бірқызығы, әліпбиді білмей тұра
оқып үйренуге болады екен. «Тұтас
сөз» әдісінің жақтаушылары балаға
әріптерді үйретпеуге шақырады.
Жақында ғана ғалымдардың соңғы
қорытындылары белгілі болды: тек
әріптерді білген жағдайда ғана оқуға
үйрету процесі барынша табысты
бола алады.
Мынадай эксперимент жүргізілді.
Балаларға сөздер жазылған карточ-
калар көрсетілді. Тек бір топта
бұл сөздер суреттердің астындағы
жазулар болатын, ал екіншісінде
тура осы сөздер иллюстрациясыз
берілді. Әр топқа бірдей төрт сөз
7
берілді. Содан кейін балаларды
біріктіріп, карточкалар араластырып,
қайта көрсетілді. Балалар тек үш
карточкадағы өздері өткен сөздерді
ғана танығаны белгілі болды.
Яғни, «таза түрінде» жазылуын
есте сақтайтын балаға қарағанда
иллюстрацияланған
сөздерді есте
сақтайтын бала сөздердің графика-
лық бейнесін әлдеқайда аз ықтимал-
дылықпен таниды.
Бұл – әліпбидің қажет екенінің
жанама дәлелі. Бірақ, ең бастысы,
әріптердің қалай аталуы емес,
олардың нені білдіретіндігі. Балалар
әріптердің атаулары мен ретін ғана
біліп қоймай, әріптерге баса назар
аудырып, тұтастың бір бөлігі ретінде
қабылдай алуы керек.
Сонымен қатар, әліпби – бұл
абстрактылы код. Бұған дейін нақты
заттарды білген, қолданған балақай
символдарды қолдана бастайды, ал
бұл абстрактылы ойлаудың дамуына
алғашқы қадам болып табылады.
Барлық тілде оқуға үйретудің
әмбебап бір әдістемесі болуы мүмкін
емес. Дегенмен, үйретуді әріптер мен
дыбыстарды түсінуден, фонетикадан
бастау қағидасы барлық тілге ортақ.
Тіпті жазуда иероглифтер қолдана-
тын Қытайда да соңғы 50 жылда
балалар алдымен сөздерді латын
әліпбиінің көмегімен оқуға үйретіп,
содан кейін ғана дәстүрлі жазуға
көшеді.
Қазақ тіліндегі сөздердің басым
көпшілігі қалай жазылса, солай
оқылады.
Бірнеше ондаған жылдар бұрын
әдістеме мынадай болған: балалар
ең алдымен әріптердің атауын,
сосын дыбыстарды үйреніп,
содан
кейін әріптерді буынға біріктіріп
оқитын. Қиындығы сол, 1-сынып
оқушылары ұзақ уақыт бойы әріптің
аталуы мен айтылуы арасындағы
айырмашылықты меңгере алмай-
тын. Буындар ұзын болғандықтан,
балаға ойында бірнеше әріптерді
сақтап тұру өте қиын болатын.
Соңғы жылдары фонемаларды
тіркестіру қағидасы
табысты қолда-
нылуда.
Сонымен, біз балаға фонетиканы
білу қажет екенін анықтадық. Бірақ
бұл бала зеріктіретін ережелерді
жаттауы тиіс және сапалық редукция
мен сандық редукцияны ажырата
білуі тиіс дегенді білдірмейді. Ең
бастысы, баланың оқуға деген
қызығушылығын сақтау керек. Бала-
ның мүмкіндіктері мен қойылған
міндеттері сәйкес келгенде ғана оған
қызықты болады.
Баланың қолынан келетіндей,
оған жетімді болатындай, оның
жетістіктері айқын көрінетіндей
жағдай жасап отыру қажет. Мысалы,
бірнеше
ондаған сөздер игеру
үшін сол сөздерді білдіретін үйдегі
заттарды алу. Егер осы заттарға оның
атауы жазылған қағаздар іліп қойса,
бала көп ұзамай, таныс жазуларды
біле бастайды. Содан кейін сол
сөздермен «Тауып көр», «Лото»
ойындарын ойнатуға болады. Сонда
бала өз күшіне деген сенімділігін
сезеді. Тек жағымды сезімдерді
сезінсе ғана одан кейінгі оқыту тиімді
болады.
Оқуға үйрету әдістерін толығырақ
қарастырайық.
– Фонетикалық әдіс.
Фонети-
калық тәсілдеме әліпбилік қағидаға
негізделген. Оның негізінде – әріптер
мен дыбыстардың (фонетика) айты-
луын үйрету, сосын бала жеткілікті
білім жинақтаған соң ол буындарға,
содан кейін тұтас сөздерге көшеді.
Фонетикалық
тәсілдеменің
екі
бағыты бар:
– Жүйелік фонетика
әдісі. Тұтас
сөздерді оқымай тұра, балаларға
жүйелі түрде біртіндеп дыбыстарды,
соған сәйкес әріптерді үйретеді, осы
8
дыбыстарды қосуға жаттықтырады.
Кейде бағдарлама фонетикалық
талдауды да (фонемаларды қолдана
білу) қамтиды.
– Ішкі фонетика әдісі көзбен
шолуға және мағыналық оқуға баса
назар аударады. Яғни, балаларға
сөздерді әріптің көмегімен емес,
суреттер
немесе мәнмәтін арқылы
тануды
және
сәйкестендіруді
үйретеді. Содан кейін ғана таныс
сөздерді талдай отырып, әріптермен
белгіленетін дыбыстар оқылады.
Жалпы алғанда, жүйелік фонетика әді-
сіне қарағанда бұл әдістің тиімділігі
төмен. Бұл біздің ойлауымыздың
кейбір ерекшеліктерімен байланыс-
ты. Ғалымдардың айтуынша, оқу
қабілеттілігі әріптер мен дыбыс-
тарды білумен, ауызша сөйлеуде
фонемаларды ажырата білу қабілет-
тілігімен тікелей байланысты. Оқуға
үйретудің бастапқы кезінде бұл
дағдылар жалпы ақыл-ой деңгейінен
де маңыздырақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: