12
жазылады. Осы кестелерді жүйелі
оқу осы әріптердің қабылдануын
автоматтандырады.
Оқуға үйретудің басқа да түрлері:
1. Дауыстап оқу.
2. Ішінен оқу.
3. Ызыңдап оқу.
4. Хормен оқу.
5. Жаңылтпаштың қарқынымен
оқу.
6. Тізбектеп оқу.
7. Динамикалық оқу.
8. Бинарлық оқу.
Дауыстап оқу және ішінен оқу
Ең бастысы –
жаттығулардың
ұзақтығы емес, жиілігі маңызды.
Адамның жады үнемі көз алдындағы
нәрсе емес, қараңдап тұратын, яғни
бірде бар, бірде жоқ нәрсе есінде
қалатындай құрылған. Дәл осы нәрсе
қоздыру тудырады және есте қалады.
Сондықтан, ұзақ уақыт алатын
жаттығулар жүргізбей, аз уақытқа
есептелген
жаттығуларды жиі-жиі
жүргізу керек.
Ызыңдап оқу
Ызыңдап оқу – В.А. Сухомлинский-
дің Павлыш мектебінде оқуға үйре-
тудің негізгі элементтерінің бірі
болды. Қазір бұл элементті көптеген
мұғалімдер қолданады.
Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір
мезгілде дауыстап, сыныптастарына
кедергі келтірмес үшін күбірлеп,
әрқайсысы
өз жылдамдығымен,
біреуі жылдам, біреуі баяу барлық
оқушылардың оқуы. Жаттығу бес
минут жүргізіледі.
Әр
сабақтағы
бес минуттық оқу
кезінде кез келген сабақта – әдебиет-
тік оқу,
көркем еңбек, математика,
қазақ тілі балалар бес минут оқиды.
Сабақ қосымша кітапты немесе
арнайы дайындалған кестелерді
ызыңдап оқу режимінде бес минут
оқудан
басталады, сосын сабақ ары
қарай өз қалпымен жүргізіледі.
Талдап көрейік. Егер 3-сыныптың
әдістемесіне сәйкес аптасына әде-
биеттік оқу 3 сабақ болса, сыныпта
25 адам болса, мұғалім әрбір оқушы-
ны аптасына бір-бір реттен тексеріп
шыға алады.
Бұл ретте оқушының
жаттығу үшін аптасына 3 минут уақы-
ты болады, мұндай деңгейде бала-
ларды оқуға үйрету екіталай.
Егер отбасында баламен жұмыс
жасап, оқуға үйретсе жақсы. Ал егер
баланың отбасы сәтсіз болса? Сонда
баланың жаттығуы осы үш минутқа
ғана саяды, мұндайда бала оқып
үйрене алмайды.
Әр сабақтағы
Достарыңызбен бөлісу: