31
талабына қолдау көрсету қажет.
Оқушының қолын өз қолыңа алып,
үлгеріп отыруға көмектесуге болады
немесе парталас көршісінің кітабына
қарап, өз бетінше қиындықтан тез
шығудың
жолдарын көрсету қажет
және т.б.
Алғашқы кезде назардың бар-
лығы дыбысталатын сөзге тура
бағытталады, кейін сатылап ауқым-
ды дәрежедегі перифериялық көру
шеңберіне ауысады. Ақпараттық
бөліктерге бөліп оқудың психофизи-
калық негізі қалыптасады.
Оқушыны сөздердің мағынасын
ажыратудың қиындықтарынан алып
шыққаннан кейін, мағынасы белгілі
сөздер мен дайын артикуляциялық
моделді графикамен байланыстыру
мәселесі туындайды, таныс сөздердің
сөздігі жылдам қалыптаса бастайды –
мағынасы бірден еске түсетін сөздер.
Тәжірибе көрсеткендей, әдетте
көп
оқитын білім алушылар тез
жаттығады. Оқу процесінің бары-
сында оперативтік жады және аң-
ғарымының тұрақтылығы жетіледі.
Ақыл-ойының жұмысқа қабілеттілігі
осы екі көрсеткішке тәуелді. Дауыстап
ұзақ оқу мүмкін емес, себебі бұлай
оқу, ақпарат алу құралы ретінде
тиімді емес. «Ішінен оқу» кезінде оқу
жылдамдығы айтарлықтай артады.
Ғалымдар мен практик мамандардың
пікірлері, минутына 120 сөзге дейін
оқу жылдамдығы білім алушылардың
көпшілігіне
қолжетімді
дегенге
тоғысады.
Баланы саналы түрде дұрыс
оқуға, әртүрлі мәтіндермен жұмыс
істеу дағдысын қалыптастыруға,
оқыған материалын түсіну деңгейін
саралай алуға қалай тәрбиелеуге
болады?
Жалпы білім алушыларды
оқыған
мәтінінің
мағынасын
түсінуге қалай жеткізуге болады,
арифметикалық есептің шартын
түсініп және есіне сақтауға, бір
оқығаннан грамматикалық ереже-
лер мен тапсырманы ұғынуға,
ғылыми-танымдық мақаладағы, оқу
мәтініндегі негізгі ойды ажыратуға?
Оқу сабағын және оқу процесінің
өзін білім алушы үшін қалай қуана
айналысатын әрекетке айналдыруға
болады? Дегенмен, бұл мәселе
төңірегінде
әр мұғалім ойланады,
сонымен
бірге
оқу
дағдысын
жетілдіру мәселесін әрқайсысы өз
бетінше шешуге талаптанады, оқуға
үйрету сабақтарында әр оқушының
санасында есте қаларлықтай із
қалдыруға ұмтылады, оқушыларды
идеялық-адамгершілік,
ақыл-ой,
эмоционалдық, эстетикалық және тіл
дамыту бағытында, білім алушылар-
дың кітапқа қызығушылығын арт-
тыруға, оқуға құлшыныс танытуға,
өмірге қажетті
және әрі қарай білім
алуға керекті біліктіліктер мен
дағдыларды бойына сіңіруге жұмыс
жасайды.
Бастауыш мектептегі оқу техни-
касы бағдарламасының талаптары:
1-сыныптағы оқу техникасы
1-сыныпта оқу техникасы аса
мұқият тексеріледі.
1-ші жартыжылдық
1-ші жартыжылдықта оқу техника-
сын тексермеуге болады.
2-ші жартыжылдық
Оқушы саналы түрде бүкіл сөзді
тұтас, дұрыс оқи алады. Құрамы күр-
делі сөздерді буынға бөліп оқиды.
Оқу жылдамдығы – минутына 25-
30 сөз.
2-4-сыныптардағы оқу техникасы
–
білім алушылардың толық-қанды
оқу дағдысын меңгеруі.
– толыққанды оқу дағдысын
жетілдіру (дұрыс оқу, мән беріп және
мәнерлеп оқу).
Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу
тәсіліне, түсінуіне және мәнеріне ті-
келей байланысты.
Толыққанды оқу
дағдысы осыдан құралады.
32
Оқу техникасының талаптары:
2-сынып
3-сынып
4-сынып
2.2.1.1 шығарманы дауыстап
дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге
бөліп/ мәнерлеп оқу
3.2.1.1 мәтінді дауыстап
түсініп/
рөлге
бөліп/
мәнерлеп/ теріп оқу
4.2.1.1
мәтінді
дауыстап
түсініп/
рөлге
бөліп/
мәнерлеп/ теріп/ шапшаң оқу
Бастауыш
сыныптағы
оқу
техникасының нормалары
• 2-сыныптағы оқу техникасы
1-ші жартыжылдық
Дұрыс оқи алады, саналы, сөзді
тұтас оқи алады. Логикалық екпін
сақталады.
Оқу жылдамдығы – минутына 40-
45 сөз.
2-ші жартыжылдық
Түсініп, кідірістерді, интонациялар
мен
логикалық екпінді сақтай
отырып, сөздерді тұтас дұрыс оқу.
Оқу жылдамдығы – минутына 50-
55 сөз.
• 3-сыныптағы оқу техникасы
1-ші жартыжылдық
Түсініп, сөздерді тұтас дұрыс оқу.
Кідірістер
мен
интонацияларды
сақтай отырып, білім алушы оқыған
мәтінінің мағынасын түсінетінін
көрсетеді.
Оқу жылдамдығы – минутына 60-
65 сөз.
2-ші жартыжылдық
Түсініп, сөздерді тұтас дұрыс оқу.
Кідірістер
мен
интонацияларды
сақтай отырып, білім алушы оқыған
мәтінінің мағынасын түсінетінін
көрсетеді.
Оқу жылдамдығы – минутына 65-
70 сөз.
• 4-сыныптағы оқу техникасы
1-ші жартыжылдық
Түсініп, сөздерді тұтас дұрыс оқу.
Кідірістер
мен
интонацияларды
сақтай отырып, білім алушы оқыған
мәтінінің мағынасын түсінетінін
көрсетіп қана қоймай, оған қатысты
өзінің ойын да білдіре алады.
Оқу жылдамдығы – минутына 75-
80 сөз.
2-ші жартыжылдық
Түсініп, сөздерді тұтас дұрыс оқу.
Кідірістер
мен
интонацияларды
сақтай отырып, білім алушы оқыған
мәтінінің мағынасын түсінетінін
көрсетіп қана қоймай, оған қатысты
өзінің ойын да білдіре алады.
Оқу жылдамдығы – минутына 80-
85 сөз.
Оқу дағдысының қалыптасуының
шамалық нормалары:
Сынып
Міндетті
деңгей
Мүмкіндік деңгейі
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық
1-сынып
25- 30 сөз
35-45 сөз
2-сынып
40 – 45 сөз
50-55 сөз
50-55 сөз
60-65 сөз
3-сынып
60-65 сөз
65-70 сөз
65-70 сөз
70-75 сөз
4-сынып
75-80 сөз
80-85 сөз
80-85 сөз
85-95 сөз
Ескерту:
Шылау, одағай, еліктеу сөздер, екі әріпті сөздер, қос сөздер жеке
сөз ретінде саналады.
33
Оқу
техникасын
жоғарыда
келтірілген арнайы ойындардың
көмегімен дамытуға болады.
• Керісінше оқу. Бұл тәсілде
сөздер солдан оңға қарай емес,
керісінше
оңнан
солға
қарай
оқылады. Оқудың бұл түрі пайдалы,
себебі әріптерді қосып, сөздерді
қиналмай айтуға баланы жүйелі
жаттықтырады.
• Төбесі мен асты. Оқушыларға
ұзын
көрінбейтін
сызғыштың
көмегімен әріптердің үстіңгі және
астыңғы бөліктерін жауып тұрып оқу
ұсынылады.
• Тақтаға көп сөздер жазылады.
Бала
мұғалім айтқан сөзді дұрыс
табуы керек.
• Оқуды өз бетінше өлшеу.
Сабақтың соңында оқуын өз бетінше
бағалап, арнайы күнделікке жазуға
бірнеше минут қалдырылады.
• «Төңкеріп» оқу. Төңкеріп ұстап
тұрған кітаптағы мәтінді оқушылар
бар ынтасымен оқып шығады.
Бастауыш мектепте оқу техника-
сын дамыту жұмысы аса маңызды.
Нақты айтқанда, мән беріп отырып
оқу ойлау, аңғару, есте сақтау
қабілеттерін белсендіреді және оқу
процесінде жетістікке жетудің кепілі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: