Қателер:
– көп оқылатын сөздерді (ауысты-
ру, орнын ауыстыру, рұқсатнамалар
немесе әріптерді, буындарды, сөз-
дерді қосу) бұрмалау;
– барлық мәтінді мағыналық үзіліс-
сіз оқу, сөздерді дауыстап оқығанда
қарқынының, нақтылығын және ай-
тылуын бұзу;
– оқуға берілген уақытта оқылған
мәтіннің жалпы мағынасын түсініс-
пеушілік;
– оқу мәнерлілігінің болмауы, оқу
бірсарынды естілуі.
Кемшіліктер
:
– жекелеген мағыналық үзілістің,
қарқыны және айтылу анықтығының
бұзылуы;
– берілген уақыттан сәл асырып
оқылған мәтінді ұғынуы;
– кейіпкердің мінезін сипаттау ба-
рысында айқындықтың, бейнелілік-
тің жеткіліксіздігі.
Оқу жылдамдығына шамадан тыс
назар аудару дұрыс емес оқуға жиі
итермелейді. Дұрыс оқу дегеніміз
- бұрмалаусыз, әріптерді немесе
буындарды
ауыстырмау
болып
саналады. Оқудың дұрыстығы тиімді
болу үшін мұғалім арнайы оқу
режимін анықтауы тиіс: 1) күнделікті
жаттығулар
(арнайы
мәтіндер,
жаңылтпаштар, жаттау, өлеңдер мен
прозаны жатқа айту); 2) қате оқудың
алдын алу; оқуға дайындалу, кіріспе
әңгіме құру, кеспе әріппен жұмыс
(1-сынып) жасау, қиын сөздерді
құрамы бойынша талдау, қиын
сөздерді хормен дауыстап (буындап,
бөліп-бөліп, толығымен) оқу.
Сондай-ақ, оқудың дұрыстығына
мыналар да әсер етеді: оқу кезіндегі
дененің қалпы, көз бен мәтін ара-
сындағы қалыпты ара қашықтық,
алдын-ала ішінен оқу, мұғалімнің үлгі
ретінде оқуы.
Л.К. Назарованың пікірі бойынша
– оқырманның мәтіннің мазмұнын
айқын, терең түсініп, ұғынып оқуы.
Ол жекелеген сөздердің мағына-
сынан, сөйлемдердің мәнінен, мәтін
бөлімдерінің мазмұнынан құралады.
Оқудың саналылығын тексеру
әдетте оқылған бойынша әңгіме
барысында жүргізіледі. Бұл ретте
сұрақтар қабылдаудың үш деңгейіне
қатысты болуы тиіс:
42
1-деңгей–нақты мазмұны;
2-деңгей – себеп-салдарлық бай-
ланыстарды түсіну, кейіпкерлердің
қылықтарының уәждемелерін ұғыну;
3-деңгей – әрекет етуші тұлға-
ларды, кейіпкерлерді және олардың
іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы.
Оқу жылдамдығы мен икемділігін
(мазмұнына байланысты оқу жыл-
дамдығы өзгертуге) дамыту үшін И. Т.
Федоренко мен И. Г. Пальченконың
жаттығулар жүйесінқолдану ұсыны-
лады.
Оқу техникасын жеделдетуге Фе-
доренко мен Пальченко мынандай
жаттығуларды ұсынады:
1) қайталай бірнеше рет оқу;
2) жаңылтпаш қарқынмен оқу;
3) оқып келе жатып оқымаған
бөлімге ауысып мәнерлеп оқу;
4) қиын сөздер мен сөз тірке-
стерімен жұмыс;
5) суреті көп кітаптарды көрсету,
балалар оқығысы келеді;
6) кластан тыс оқуды ұйымдасты-
ру;
7) слайдтарды пайдалану;
8) ойын ойнату – сөйлемде қойыл-
май қалған сөздерді табу;
9) жұптасып оқу. (2 адам оқу);
10) сабақта үйге берілген текстен
үзінді оқу;
11) мәтінді түгел оқу;
12) мәтінді оқу, бөлімдерге бөлу,
жоспар құру;
13) белгіленген жоспар бойынша
оқу;
14) мысалдардан мақал-мәтел,
нақыл сөзге айналған жолды тауып
оқу;
15) мәтіннен лепті, сұраулы, ха-
барлы сөйлемдерді табу;
16) мәтінді іріктеп көркем сөз,-
теңеулерді тауып оқу;
17) мәтін ішіндегі ең ұзын сөзді
оқу;
18) мәтіннен 2,3,4 буынды сөз-
дерді табу;
19) мәтіннен сұраққа жауапты із-
деу, үзіндіні табу;
20) мәтінді оқу, әңгіме несімен
ұнағанын, ұнамағанын айту;
21) мәтінді оқу,оқығанын қи-
мыл-қозғалыс арқылы әңгімелеу;
22) мәтінді рөлге бөліп оқу;
23) мәтіннен жылдам, жай, кө-
теріңкі дауыспен оқылатын сөйлем-
дерді табу;
24) мәтінді оқу, шағын мазмұнда-
ма жазу;
25) мәтінді оқу, шағын шығарма
жазу;
26) мәтінді оқу, жай, күрделі
жоспар оқу;
27) мәтінді оқу, мағынасы түсініксіз
сөздерді белгілеу;
28) мәтіннен өкінішті, аянышты,-
мысқылмен, қуаныш, ренжіп, т.б.
эмоциалды кейіппен оқылатын сөй-
лем, үзіндіні тауып оқу;
29) мәтіннен іріктеп көркем сөз,-
теңеулерді тауып оқу;
30) оқу арқылы көру диктантын
жаздыру.
Оқу дағдысының дамуын қамта-
масыз ететін негізгі әдіс әр кезде
жаңа тапсырмамен оқи отырып,
мәтінге бірнеше рет қайта оралу бо-
лып табылады.
Оқушылардың сүйікті оқу түрі –
рөлмен оқу, көптеген сезімдер мен
эмоциялар тудырады. Педагогика-
да оқу дағдысын және мәтіндерді
түсінуін қалыптастыру үшін жаттығу-
лар кешені әзірленген. Бұл әзірлеме-
лердің авторлары мына педагогтар
мен психологтардың тобы болды:
Заика Е.В., Нечаева Н.В., Кудина Г.Н.,
Новлянская З.Н., Ладыженская Т.А.,
Симановский А.Э.
Бастауыш мектептің өзінде бала-
ларды түсіндірме сөздікпен жұмыс
жасаумен таныстыру керек.
Балаларды оқытуда ата-аналар-
дың көмегі өте маңызды. Сондықтан
ата-аналар жиналыстарында оқу
43
оқушының күнделікті әдетіне айна-
луы керек екеніне әрбір ата-ананы
сендіруге тырысу керек. Бұл ретте,
әсіресесауатты оқудың бірінші саты-
сында баланың айналасында оның
оқуын тыңдап отырғандардың қы-
зығушылығын көрсететін жағдай
жасау қажет. Ата-аналар әңгіменің,
үзіндінің және т. б. мазмұнына қы-
зығушылық танытқаны жөн, балаға
мүмкіндігінше ұстамды, сабырлы,
шыдамды, төзімді және мейірімді
болу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |