Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Алғашқы оқу 
Үлгі бойынша сөзді практикалық 
құрылымдау дыбыстың және әріптің 
көмегімен 
белгіленген 
сөздің 
сәйкестік заңын ашады. Сөздік бейне 
қарапайым принциптерін түсіну 
белгісі үлгісіз сөзді дұрыс «жинау» 
қабілеттілігі болады. Енді дереу 
көркем сөз, баяндау сөз, хабарлы 
сөздерге көшу қажет.


29
Бастапқыда ықшамды және ашық, 
оқушыға жақсы түсінікті көркем 
мәтіндер қолданылады. Балалар 
поэзиясы – осы кезең үшін ең жақсы 
материал. Көпшілік мәтіндерді бала-
лар жатқа біледі. Бұдан әрі сабақта 
жаңа, таныс емес материалдар 
қолданылады. Бірақ қазір, баланың 
мектепте болған алғашқы айының 
өзінде ғана сабақта өздеріне таныс 
кейіпкерлердің болуы оқушыларды 
қызықтырады және қуантады. Жаңа, 
қабылданатын, қалаулы бірақ әлі де 
жат мектеп өмірі мен отбасылық – 
қауіпсіздік және жайлылық арасында 
өзінше бір эмоционалды көпір пайда 
болады. Бейімделушілік белсенділік 
әлі де танымдықтан биік тұрады, 
сондықтан алғашқы тоқсан бойы
таныс әдебиеттерді қолданудың мәні 
бар. 
Оқушы үстелінде оқу кітабы 
болады. Тақтада немесе экранда да 
сол кітаптағы мәтін. Ең дұрысы осы 
кітап бетін экранда бейнелейтін 
проекторды 
пайдалану 
болып 
табылады. 
Мұғалім 
қолының 
қимылымен немесе сілтеу таяқша 
көмегімен жол бойынша көрсете 
отырып мәтінді оқиды, сонымен 
қатар оқушыларды оқылған жолды 
көздерімен немесе саусақтарымен 
байқап отыруға баулиды. Оқушылар 
әдісті меңгеруі үшін осы сызба 
бойынша бір-екі сабақ жеткілікті. 
Проектор болмаған жағдайда пла-
каттарды қолдануға болады. 
Сабақты көптеген жаттығулармен 
және әрекет түрлерін ауыстырумен 
түрлендіру керек емес. Осындай 
нұсқау сабақтың мазмұнсыздығына 
байланысты қалыптасқан – оқушылар 
жылдар бойы сол және басқа да 
дағдыларды меңгерген, жылдар 
бойы шала дағдыларды қолданған. 
Қызығушылық сабаққа емес, жұмыс 
пәні – мәтінге қажет. Қызықты мәтін 
қажет! 
Балалар сілтеуіш таяқшамен 
Келесі бірнеше сабақта оқушылар 
кезекпен экранға (немесе мәтіні 
бар плакатқа) жақындайды және 
қай жерін оқу керектігін мұғалімге 
көрсете отырып, сілтеуіш таяқшамен 
жол бойынша қозғалады. 
Мұғалім мәтінді сілтеуіш таяқша 
жылжыған бағыт қарқынымен, жолға 
көзін тұрақтандыру үшін бағытпен 
қарқынды түрде дауыстап оқиды.
Бірнеше сабақтан соң мұғалімнің 
оқуы 
көшбасшылық 
деңгейге 
ауысады, оқушыны әр жол бойынша 
оны қуып жетіп отыруға жетелейді. 
Оқушыларда өз әрекеттеріне сенім-
діліктің пайда болуына қарай бұл 
кезең дайындықпен өтуі керек. 
Бірте-бірте оқушылар кітаппен 
жүргізіп отыруға қалыптасады. Бұл 
кезеңнің басым көпшілігінде қысқа 
жолды өлең түріндегі мәтіндер алы-
нады, сондықтан оқушыларда кітап-
қа ауысу аса қиындық туғызбайды. 
Оқушылардың көпшілігі кітапқа көш-
кеннен кейін, дауыстап оқудың орны-
на аудио жазбаларды қолдануға бо-
лады. Мұндағы жылдамдық жобамен 
минутына 40 пен 50 сөз аралығында. 
Мәтінді оқу барысында сөздерді со-
зуға немесе оларды әндетіп айтуға, 
орфограммалық дауыспен бөлуге, 
немесе одан да нашары, буындап 
оқуға болмайды. Жазба кәдімгі түсі-
нікті мәнерлеп оқу түрінде болуы 
қажет, үзілістердің ұзартылуы мүмкін. 
Жылдамдықты арттыру. Баяу 
дыбыстап оқу 
Келесі кезеңде оқушылардың мүм-
кіндіктерінің артуы, көлемді, оқиға 
желісі жетілген шығармаларды қол-
дануға мүмкіндік береді. Күнделікті 
минутына бір сөзге арттыру арқылы 
дыбыстық бағдар қарқын алады, бұл 
алға жылжу тенденциясын қалып- 
тастырады. 
Бұл жерде алдыңғы сыртқыдан 
ішкіге ауысу байқалады: айтылумен 


30
қатар мұғалімнің бір мезгілде мәтін 
бойынша меңзеп отыруы – сұқ сау- 
сақпен жолды жүргізіп отыру – өз 
бетінше көзбен жүргізіп оқу – «орта-
лық» көруін жолдан ажырату және 
үдерісті ерікті деңгейге дейін авто-
маттандыру. Мәтіннің айтылу жыл-
дамдығы күнделікті минутына бір 
сөзге артып отырады және бұл ке-
зеңнің аяғында минутына 50-ден 70 
сөзге дейін құрайды. 
Енді оқушыға диктормен қосылып, 
сыбырлап оқуды ұсынамыз. Бірақ 
абай болу қажет! Мұндай тапсырма-
ны дәйекті түрде жекелеген оқушы-
ларға ұсынуға болады, ерікті – кітап-
тағы мәтінді қиындықсыз жүргізіп 
оқи алатын. Мұғалім осы жаттығу-
ды орындауға дайын әрбір білім 
алушының қасына кезегімен барады, 
оларды бір-екі минуттың көлемінде 
тыңдайды. Мысалы, мұғалім оқушы-
ның қасына жақындап, қолын иығы-
на қояды, бұл дикторға қосылып да-
уысын шығарып оқуға болатынын 
білдіреді. Неғұрлым баяу болса, жақ-
сырақ болады – оқып отырып басқа-
ларға кедергі келтірмейді. 
Басында оқушы диктормен бір-
ге тек жекелеген сөздерді ғана қо-
сылып айта алады. Сөзді диктормен 
бірге айту үшін, графикалық және 
айтылып жатқан мәтінді теңдестіріп 
қана қоймай, сонымен бірге, диктор 
айтқанға дейін, өз бетінше сөздің ар-
тикуляциялық моделін қалыптасты-
ра алуы керек, бұл жағдай, айтылып 
жатқан мәтіннен көзбен жүргізіп оқу 
озып отырғанда ғана мүмкін болады. 
Басқаша айтқанда, қарапайым фор-
мадағы өз бетінше оқу пайда бола-
ды – графикалық бейненің негізінде 
сөздің артикуляциялық моделін қай-
та қалпына келтіру. 
Бұл тәсілді қолдану өте нақты 
және шектеулі функцияны жүзеге 
асырады – хабарламаның артикуля-
циялық формасын қалпына келтіру 
қабілетін көрсетеді және соған ынта-
ландырады. Оқушы өзінің қабілет-
тілігін көрсеткеннен кейін, жұмыстың 
бұл түрі тез арада тоқтатылады. 
Жұмыстың бұл түрі мен бұл 
кезеңдерінің мерзімі, әрбір бала 
үшін жеке, әрі қатаң сақталады, 
жаттықтыру түрінде болмауы қажет. 
Бұл қатаң талап. Бұл жаттығумен 
әуестену артикуляциялық автома-
тизмнің бекуіне алып келеді, оқуды 
дамытуды ақпараттық үдеріс ретінде 
қабылдауға 
барынша 
кедергі 
келтіреді. 
Мына нәрсеге назар аудару қажет, 
үлгерімі нашар білім алушылар 
күштілердің алға жылжуына кедергі 
келтірмейді, ал күштілер қалыс келе 
жатқандардың сәтсіздігін көрсететін 
жағдай туғызбайды – барлығы 
өте қауырт: қызықты оқиға желісі, 
магнитофон үнемі жұмыс ритмін 
ұстап тұрады, қалыс келе жатқандар 
мазмұнды жеткілікті жақсы түсінеді, 
бұл оларға оны белсенді зерделеуге, 
түсінуін бағалауда табысты болуға, 
бағамдауға 
мүмкіндік 
береді, 
мұғалімнің әрқайсына көңіл бөлуге 
уақыты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет