Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
 
Қарап шығушылық оқуы 
барысында мәтінді оқитын адамның 
алдында үш басым мақсат: сөйлеу 
нысанын 
(тақырыбын); 
кітапта, 
мақалада, 
газетте 
ұсынылған 
мәселелерді, тақырып қандай да 
бір қызығушылықты қамтитынын 
анықтау тұрады. Іздеушілік оқудан 
айырмашылығы, мәтінді оқитын адам 
оқып бастағанда, ақпараттың оған 
пайдалы болатынын/болмайтынын 
білмейді. Ең алдымен, ол мәтін ақ-
паратының қай салаға жататынын 


24
анықтайды және оған «қажет» – 
«қажет емес», «қызықты» – «қызық 
емес», «түсінікті» – «түсініксіз» деген 
баға береді. Егер оқушы мәтінде 
ешқандай бағалы ақпарат жоқ деген 
шешімге келсе, онда ол мәтінді оқуын 
тоқтатады. Оқудың бұл түрі мәтінге 
көз жүгіртіп шығу және қаралған мә-
тінді іріктеп түсінумен байланысты. 
Оқудың бұл түрінде оқушы сөздікті 
қолданбайды. Жетілген оқырманға 
мәтіннің білімнің қай саласына 
жататынын анықтау үшін мәтіннің 
атауын және тақырыпшасын оқу 
немесе мәтінді толық, шапшаң көз 
жүгіртіп шығу жеткілікті. 
Оқудың аталған түрін жүзеге 
асыру үшін мектеп жағдайында 
бірқатар шектеулер мен ескертулер 
қарастырылады. Қарап шығушылық 
оқу мазмұн туралы болжамдар 
қалыптастыру мақсатында, жаңа 
мәтінді 
алғаш 
ұсынған 
сәтте 
бірден қолданылады. Яғни, қарап 
шығушылық оқу мәтінді оқып 
шығуға бағыттайтын фактор ретінде 
қолданылады. Сынып жағдайында 
оқудың бұл түрін жүзеге асыру 
жоғарыда 
айтылған 
мақсатпен 
шектеледі. Керісінше, қарап шығу-
шылық оқу оқытудың жоғары 
сатысында білім алушылардың өздік 
жұмыстары, жобалар, шығармалар 
және басқа да шығармашылық 
жұмыстарды орындау барысында 
жиі пайдаланылады. Қарап шығу-
шылық оқу кәсіби білімге назар 
аударуының артуына байланысты 
ерекше өзекті бола бастайды. 
Кәсіптік білім беру негізінен білім 
алушылардың өз бетінше жұмыс 
істеуін қарастырады. Білім алушы 
өзінің таңдаған бейініне сәйкес (тіл 
және әдебиет, тарих, жаратылыстану 
ғылымдары, математика және т.б.) 
ақпарат көздерін өз бетінше іздей 
алуы, яғни қарап шығушылық оқуды 
қолдануы тиіс. 
Көз жүгіртіп оқуды табысты жүзе-
ге асыру үшін оқушы ізденісті оқуға 
үйренген кезде меңгерген тәсілдерін 
де пайдаланады. Оқушы оны қызық-
тыратын мәселелер бойынша дерек-
тер кездестіруі мүмкін болатын басқа 
да баспа көздерінен мақалалар-
дың тақырыптарын қарастырады. 
Ол мақалаға, кітаптың кіріспесіне, 
мазмұнына көз жүгіртіп өтіп, оны 
оқу қажет пе екенін анықтайды. 
Ақпараттық ресурстармен, кітаппен 
өздігінен жұмыс істеу қабілеті – 
мектеп бітірушінің ең маңызды 
біліктіліктерінің бірі. 
Мектепте оқуға үйрету үшін маз-
мұнды таңдап алу принципі, оның 
барлық түрлерін кірістіру болуы тиіс. 
Оқи білуді дамытудың жоғары дең-
гейіне жетудің негізгі белгісі, оқушы-
ның оқу мақсатына, нақты жағдайға 
байланысты іс-әрекет сипатын өзгер-
те білуі болып табылады. Оқырман 
өзінің алдына қойған нақты мақса-
тын ескере отырып, оқудың бір түрі-
нен екіншісіне ауыса білуі керек. 
Мектепте 
оқытудағы 
оқудың 
түрлерін қарастыруды қорытынды-
лай келе, оқудың әрбір түрі 
дамытудың сапалық та, сандық та 
параметрлерімен сипатталатынын 
атап өтеміз. Сандық көрсеткіштерге, 
лексикалық бірліктер мен грамма-
тикалық құбылыстардың мәнін және 
оларды мағынасын түсіну деңгейін 
аудару жылдамдығымен қамтамасыз 
етілетін оқу жылдамдығы жатады. 
Оқудың 
жоғары 
жылдамдығы 
қабылдау үдерісі мен түсінгенін 
өңдеу үдерістерінің тұтастығын куә-
ландырады. Оқу түрлерінің әрқай-
сысына өзіндік орташа жылдамдық 
және ақпаратты қамту пайызы тән. 
Сондықтан таныстырма оқу үшін ақ-
параттың 70 %-ын түсіну жағдайында 
бір минутта 140-150 сөз оқу тән.
Зерттеушілік оқуы үшін оқылатын 
мәтіннің мазмұнын 100 %-ын түсіну 


25
барысында минутына 50-60 сөз оқу 
жылдамдығы жеткілікті. Сонымен, 
іздеушілік/қарап шығушылық оқуы 
үшін жылдамдық бір бетті 1 – 1,5 
минутта оқу, ақпараттың 40-50 
%-ын түсіну жақсы болып саналады. 
Алайда, заманауи әдістеме оқудың 
жетістігін бағалау критерийлерін 
таңдау барысында; мәтінді түсіну-
дің толықтығы, нақтылығы және те-
реңдігінің сапалық көрсеткіштеріне 
қарағанда, сандық көрсеткіштерге 
сүйенетінін айта кеткен жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет