Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Тиімді оқуға үйрету технологиясы 
(В. Н. Зайцев);
Тиімді оқу не үшін қажет? 
Мәселені 
бірнеше 
аспектіде 
қарастырамыз. 
Оқыту аспектісі 
Егер, мысалы, 9 – сынып оқушысы 
минутына 40 сөз оқиды (мектепте 
осындай оқушылар да болады). 
Үйге берілген мәтіндерді бір рет оқу 
үшін оған үш сағат керек. Бірақ оқу 
техникасының осындай төмендігінен 
ол бір оқығаннан оқулықта не 
жазылғанын түсінбейді. Оған кем 
дегенде үш рет оқу керек, ал бұл 9 
сағат уақытты қамтиды.
Егер оған жазбаша тапсырмаға 
кеткен уақытты және мектепте 
болған 6 сағатты қоссақ, онда оған үй 
тапсырмасын орындауға 1 тәулік 24 
сағат жетпейді.
Даму аспектісі 
Көп оқитын оқушылар тез оқиды. 
Оқу процесінде белсенді есте сақтау 
мен жады тұрақтылығы жетілдіріледі.
Ақыл-ой жұмысқа қабілеттілік осы 
көрсеткіштерге байланысты. Жақсы 
оқу техникасынсыз жоғары білімділік 
мүмкін болмайды. 
Идеялық-саяси аспект 
Егер 40 мың сөзді (бұл – 6 беттік 
газет көлемі) минутына 80 сөзге 
бөлсек, колледжге баратын 9-сынып 
оқушыларының көпшілігі осындай 
жылдамдықпен оқиды, онда 500 
минут, немесе 8 сағаттық жұмыс 
күні шығады. Егер минутына 40 сөз 
оқитын оқушыны еске алсақ, онда 
оған газетті оқу үшін 2 жұмыс күні 
қажет болады. Осындай жағдайда 
ешқандай да жаппай идеялық-саяси 
тәрбие туралы сөз болмайды.
Оңтайлы оқуға үйретудің біршама 
тиімді резервтері. 
1. Кача кестесі. 
2. Кроссвордтар және тест 
тапсырмалары. 
Оқушыларға 
өз 
бетімен оқу үшін бір немесе екі 
айға (көлеміне байланысты) үлкен 
шығарма ұсынылады. Тапсырыл-
ған 
шығарманы 
оқу 
мерзімі 
аяқталғаннан кейін мұғалім сынып-
тан тыс оқу сабағында оқушыларға 
кроссвордтарға 15 минут уақыт 
береді және сұраққа жауап алады. 
Кроссвордпен 
жұмыс 
үшін 
оқушыларға мынадай бағалар: «5» 
– егер оқушы барлық сұрақтарға 
жауап берсе немесе 2-3 дәлсіздіктер 
жібергенде; «4» – егер оқушы үш 
рет кітапты пайдаланса және 2-3 
дәлсіздіктер жібергенде; «3» – егер 
үйде ата-аналарымен жұмыс істеген 
жағдайда қойылады.
Бұл бізге не береді? 
Оқушылар шығарманы біршама 
зер салып оқи бастайды, олардың 
логикалық ойлауы дамиды, көлемді 


28
шығармаларға деген қызығушылығы 
пайда болады, оқу техникасы артады.
Оқушыларды тиімді оқуға үйрету 
мәселесі бойынша бірнеше жыл 
жұмыс істейтін мұғалімдер осындай 
жұмыстың оңтайлылығына сенеді. 
Көпшілік оқушылар 3 - сыныптың 
соңында минутына 70-80 сөз, ал 
4-сыныптың соңында – 100-120 сөз 
оқиды. 
Оқуға үйрету технологиясы сөзді 
көру моделі мен дауыстық бағдарға 
сүйенеді (А.М. Кушнир); 
Алфавит материалын меңгеру 
Айсбергтің 
биігіне 
тоғысқан 
дәстүрлі әдіс белсенді жазбаша дыбыс 
белгісін бірінші қолданады: әріп – 
ақыл-ой әрекеті ретінде дыбыспен 
сәйкестендіру (бастапқы кезеңде 
еркін) – ақыл-ой әрекеті ретінде 
дыбысты артикуляциялық моделмен 
сәйкестендіру (ана тілі үшін еріксіз) – 
дыбысты шығару (еркін сөздік әрекет 
ретінде).
Кушнира нұсқасында мұғалім, 
графикалық кескінді көрсете отырып, 
сонымен оқушыда еріксіз сөздік актіні 
қоздыра отырып, өзі дыбыстайды.
Графикалық белгі және оның 
артикуляциялық-фонетикалық 
баламасы арасындағы байланысқа 
қарай еріксізге айналады, түсіну 
қағидаттарын дыбыстау қалыптаса-
ды.
Бұл кезең әдетте 10 күндей 
уақытты алады, сондықтан, барлық 
әріптік материал оқушыларға бірден 
беріледі. (Кубиктер, карточкалар, 
магнитті әліппелер, кубиктермен 
және әріптермен ойындар, әріпті 
тану, заттардың атауындағы дыбысты 
табу, әріптерден сөз құрау, ескі газет 
және журналдардан әріптерді қию 
және олармен аппликациялар жасау, 
ермексаздан сөздер жабыстыру, 
«басу» және басқа да жұмыс түрлері).
Алғашқы он – он бес күнде 
барлық сабақтар – көркем еңбек, 
дене шынықтыру, экскурсиялар – 
дыбыстық-әріптік 
материалдарға 
құрылуы қажет. Дыбыстар және 
әріптер 
бойынша 
жинақталған 
амалдар сөздік суреттер құпия 
болудан қалғанға дейін жетуі қажет.
Жазылған сөзді анықтау және 
түсіну 
қабілеті 
үлкендер 
мен 
оқушылардың бірлескен әрекеті 
нәтижесінде пайда болады. 
Бастапқы 
кезеңде 
төрт-алты 
адамнан тұратын топтық тапсырма-
ларды қолдануға болады, біршама 
дайындалған оқушылар барлық 
топтың жетістігін қамтамасыз етеді 
және сонымен қатар, өзара оқыту 
механизмі іске қосылады. Топтық 
жұмыс түрінің ерекше маңызды 
жетістігі оқушының мүмкін болатын 
жеке сәтсіздігін болдырмайды. Уа-
қытша оқу тобындағы сәтсіздік 
басқаның сәтсіздігі ретінде қабыл-
данады, ал топ жетістігі жеке жетістік 
ретінде қабылданады. Бірақ, әрі 
қарай мектепте болатын жеке 
аспектілер күшейе түседі. 
Бірқатар 
жағдайда, 
көпшілік 
балалар мектепке оқудың минимал-
ды дағдыларын меңгеріп келгенде 
бастапқы кезең артық болуы мүмкін.
Қандай жағдайда да ұсынылған 
регламентті өтудің дәстүрлі тәжіри-
бесі жай ғана зиян және балаларға 
түзетуге 
келмейтіндей 
залалын 
тигізеді. Егер сыныптың үштен екі 
бөлігі жеке сөздерді оқи алатын 
жағдайда, алфавит материалын бір 
екі сабақпен ғана шектеген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет