3. БАСТАУЫШ МЕКТЕП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ТЕХНИКАСЫН
ТЕКСЕРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАМАЛАР
Ерте ме, кеш пе, өз бетімен неме-
се біреудің көмегімен оқушы оқи
бастайды.1-сыныпқа келген кезде
оқи алатын балалар бар, сонымен
бірге, оқуды мектепте үйрене
бастайтындар да бар. Мектепке
келген кезде әр оқушының өмірінде
оқу техникасы деген ұғым пайда
болады.
Оқу техникасын деген не?
Оқу дегеніміз – екі жағын
бөліп көрсетуге болатын күрделі
психофизиологиялық үдеріс:
1) мағыналық жағы – оқылған
мәтіннің мазмұнын және мағынасын
түсіну, ұғыну;
2) техникалық жағы (мағыналық
жағына бағынатын, оған қызмет
көрсететін) – оқудың жылдамдығы
(қарқыны), дұрыстығы мен мәнер-
лілігі.
Оқу техникасы бірнеше элемент-
тен тұрады:
•
оқырманның төмендегілерді
ұғынуын көздейтін оқудың мағына-
лылығы:
– мәтінде тура және ауыспалы
мағынада қолданылатын сөздердің
басым бөлігінің мағыналары;
- мәтіннің құрамына кіретін әрбір
сөйлемнің мазмұнын, сөйлемдердің
арасындағы мағыналық байланысты
ұғыну;
- мәтін мазмұнының жекелеген
бөліктері (абзац, эпизод, бөлім) мен
олардың мағынасы (яғни не туралы
айтылғаны ғана емес, онымен не айт-
қысы келетіні туралы);
- толық мәтін мазмұнының негіз-
гі мағынасы, яғни сол мәтінді сезіну
және оқылғанға оның көзқарасы;
• дұрыс оқу:
- оқырман қателіктерді жібермеуге
тырысады немесе керісінен, әріптерді
(дыбыстарды)
ауыстыру,
өткізу,
орнын ауыстыру, қосу, бұрмалау,
қайталау; мәтін сөздеріне дұрыс
немесе қате екпін жасау;
• оқудың мәнерлілігі:
- оқылған мазмұнға сүйене оты-
рып, кідірісті негізді түрде пайдала-
нуда көрінеді (логикалық-граммати-
калық, психологиялық, ритмикалық
– өлең оқыған кезде). Логикалық
34
және психологиялық екпін жасау, бір
жағынан тыныс белгілері арқылы қа-
жетті интонацияны табу, жеткілікті
қатты және түсінікті оқу.
• Оқу жылдамдығы (қарқыны)
– минутына айтылған сөздердің
санымен сипатталады.
Сонымен, оқу жылдамдығы оқу
техникасының құрамды бөлігі ғана
болып табылады.
Оқу жылдамдығы оқу әдісіне
байланысты (бірқалыпты буындық,
жекелеген сөздерді оқи отыра бір
қалыпты буындық, тұтас сөздерді
және сөз топтарын оқу).
Оқу техникасын арттыру үшін
оқушыны бірқалыпты буындық оқу-
дан тұтас сөздер мен сөз топтарын
оқуға, яғни оқудың ең нәтижелі
тәсіліне көшу тезірек және табиғи
ауысуына талпындыру керек.
Әрине, 4-сыныптың соңында бар-
лық оқушылардың қажетті оқу жыл-
дамдығын игергені маңызды. Бұл
орта және жоғары мектепте табысты
оқудың, білім алудың кепілі болады.
Жеке оқушылардың дыбыс, буын
сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық,
дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-
ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, ма-
ғынасына назар аудару, сөйлемдер
арасындағы байланысты түсіну, сол
арқылы мәтіннің мағынасын түсініп,
айтып беруге үйрену, содан кейін
түсініктерін біртіндеп күрделену ба-
ғытында мәнерлеп оқуды жетілдіру
мақсаты көзделеді.
Педагогика ғылымының дамуына
үлкен үлес қосқан ағартушы ұзтаз
Ж. Аймауытовтың оқушының оқу
дағдысын
қалыптастыру
және
жетілдіру керектігін алға тартады.
Дәстүрлі
түрде
мұғалімдермен
тексерілетін
оқушылардың
оқу
жылдамдылықтары оқушылардың
бойында берілген мәтінді 1 минут
ішінде неғұрлым көп оқып шығу
деген ұғым қалыптасып қалған. Ал
мұғалімнің сен «жақсы оқисың»
немесе «жаман оқисың» деген сөзі
оқу деңгейін білдіретін ұғыммен
сай келеді. Сөйтіп оқушылар жақсы
оқу үшін өздерінің алдына мәтінді
белгілі бір уақыттың ішінде тез
судыратып оқып шығу мақсатын
қойып, мәтіннің не тіліне, не
мазмұнына, не кейіпкерлер бейнесі
мен шығарманың идеясына мән
бермейді. Сөйтіп оқылған шығарма-
ның мазмұны ашылмай, оқушыларда
түсініксіздік тудырады.
Көркем шығармаларды ерекше
дауыс ырғағына, екпініне қарай
мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкер-
лердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін
дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тіз-
бектерін даралап оқу өкінішке орай
жүзеге аспайды. Оқу машығын қа-
лыптастырудың мақсаты – баланың
өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық
түсінуі және сонда қолданылған сөз-
дердің мағынасын меңгеруіне қол
жеткізу. Мұны орындау үшін мұғалім
баланың әрбір сөзі дұрыс әрі анық
оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт.
Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған
бала сөзді түсінеді. Шапшаң оқудың
алғышарты орындалады. Осыдан
шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп
оқумен өте тығыз байланыстылығы
көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді
дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді
белгілі бір қарқынмен оқу қажет.
Олай етпеген жағдайда мәтінді
оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе
түсінбейді.
Оқу жылдамдығын қалыптастыру
бастауыш сыныптан басталады. Осы
кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі
жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу
– үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан
жылдам оқу – оқушы үлгерімінің
негізгі фокторы. Әдетте кімдер тез
оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса,
көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан
сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл
35
ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.
Кітап оқудың бастысы қанша
кітап оқығаныңда емес, керісінше,
оқыған кітаптарыңның қаншасын
түсінгеніңде.
Оқу жылдамдығы дегеніміз –
белгілі бір уақыт ішінде оқылған
мәтіннің көлемі. Мәтін көлемі –
бет, сөз, буын түрінде анықталады.
Халықаралық
салыстырмалы
(PISA) зерттеуінің негізгі мақсаты
да оқушылардың мәтінді қандай
жылдымдықпен оқитыны және түсі-
нетіндігін тексеру болып табылады.
Мектептердегі бастауыш сынып-
тарда оқу жылдамдықтарын тексеру
кезіндегі
оқып
шыққан
мәтін
бөлігінің мазмұнын қабылдаулары
төмен болғандықтан, оқушылардың
оқу машықтарын жетілдіру және
оқу дұрыстығын қалыптастыру үшін
оқушылардың оқу машықтарын
тексеру мен бақылауды жаңа үлгіде
қарастыру қажет.
Бастауыш мектепте оқу әрекетіне
байланысты оқушылардың төменгі-
дей білімі мен білігі тексеріледі:
– Оқу кезінде (дауыстап немесе
ішінен) оқығанды қабылдау дағдысы;
– Мәнерлеп оқу, мәтінді мазмұн-
дап беру, прозалық және поэзиялық
шығармаларды жатқа айта алуы.
Оқуды бағалаған кезде келесілерді
ескеру қажет:
–
оқылған
мәтін
бойынша
оқушының түсінігі;
– оқу тәсілі, оқу дұрыстығы, оқу
мәнерлілігі;
– сөйлеу дағдылары және мәтін-
мен жұмыс істей алуы.
Оқу жылдамдығы мен даму үдерісі
байланысты. Көп оқитын оқушылар,
әдетте, тез оқиды. Оқу барысында
жедел жады және зейіннің тұрақ-
тылығы жетіледі. Осы екі көрсет-
кіштермен, өз кезегінде, ақыл-ой
жұмыс қабілеттілігі байланысты.
Оқу дағдысы бастауыш мектепте
қалыптастырылуы тиіс. Бастауышта
оқытудың соңында оқушылардың
көпшілігінің
оқу
жылдамдығы
минутына 110-120 сөзден кем емес
болуына ұмтылу қажет. Бірақ түсініп,
саналы, дұрыс, мәнерлі оқулары
керек.
Ата-аналарды қызықтыратын сұ-
рақтардың бірі: оқу техникасын неге
тексеру керек? Бастауыш сыныптарда
техниканы жылына екі реттен артық
тексеру қажет. Оқу дағдысының
қалыптасу динамикасын қадағалап
отыру – бұл оқу техникасын
тексерудің мақсаты.
Оқу техникасын тексеру үшін
қандай мәтін таңдау керек?
– оқу техникасын тексеру үшін
әдіскерлердің ұсынымдарына сәйкес
арнайы мәтіндер іріктеліп алынады;
– оқу техникасын тексеру үшін.
Мәтін балаға таныс емес, бірақ
түсінікті болуы қажет. Қандай да
бір қиындық тудыратын күрделі
құрылымы немесе белгілері жоқ
қысқа сөйлемдер болғаны жөн;
– оқу кезінде балалардың назарын
бөлмеу үшін оқу техникасын тексеру-
ге арналған мәтін иллюстрациялар
мен диалогтарсыз болғаны жөн;
– мәтін бір бетке орналастырылуы
тиіс.
Тексеру алдында баланы алаңда-
мауы, толқымауы үшін тыныш оқуға
икемдеу керек. Оқу кезінде баланы
бөлуге, тоқтатуға, қателерін түзетуге
болмайды. Оқу аяқталғаннан кейін
қиындық тудырған немесе қате
оқылған сөздерге қайта оралуға
және оқушыдан оларды қайта оқып
беруін сұрауға болады.
Оқушының мәтінді түсініп оқыға-
нын анықтау үшін бірнеше сұрақтар
қою қажет.
Егер оқушы қобалжып, тексеру
кезінде жиі кібіртіктеп, даусы бұзылса,
онда оқу техникасын тексеруді басқа
36
уақытқа ауыстырып, тексеруді ойын
түрінде ұйымдастырған жөн.
Оқып үйрену – үлкен қажырлықты,
ұзақ уақытты талап ететін орасан
еңбек.
Оқырмандық
дербестік
негіздерін қалыптастыру – бастауыш
мектепте оқуға үйретудің мақсаты.
Балалардың оқуға деген оң қарым-
қатынасын тәрбиелеу – мұғалімнің
негізгі міндеті.
Бастауыш мектепте мұғалімдер
оқу дағдысын жетілдіру және саналы,
түсініп
оқуға
қызығушылығын
дамыту бойынша жұмыстардың әр
түрлі әдістері, тәсілдері мен түрлерін
пайдаланады.
Оқу техникасының мониторингі
1-сыныптан бастап ұйымдастыры-
лады. Оқу техникасын тексеру
кезінде оқу қарқыны, дұрыстығы,
мәнерлілігі, түсініктілігі ескеріледі.
Бақылауды жүйелі түрде жүргізу,
нәтижелерін салыстыру оқушыларды
ынталандырады және үлгеріміне оң
әсер етеді.
Оқуға үйрету үдерісі балалар
мен мұғалімдердің бірлескен шы-
ғармашылығымен оқылғанды еркін
талқылайтын сабақта жүзеге асыры-
лады.
2-сыныпта әдебиеттік оқу сабақта-
рында балалардың оқу техникасы
жетілдіріледі, балалар әдеби шығар-
малар мен жұмыс жасаудың негіз-
гі тәсілдері мен әдістерін үйренеді,
кітап әлемінде бағдарлай білуі қа-
лыптасады. Оқу сабағында жұмыс-
тың әдісін таңдау мәтіннің ерекшелі-
гіне байланысты.
Бастауыш сыныпты аяқтар кезде
оқу жылдамдығы қандай болу керек?
Бұл талапқа мынандай жаттығу
түрлері де жауап береді.
6-кесте
1. Сөйлемдегі көп нүктенің орнынатиісті сөздерді қойып толықтыру.
Мысалы: Ертеде Мадан деген ... болыпты.
Ханның қырық .... бар екен.
2. Жартыдан бүтін құрастыру.
Әрбір сөз екіге бөлініп, екі бөлік карточкаға жазылады.
Мысалы: кошақан, дәптер, өрнек сөздері қоша- қан, дәп-тер, өр-нек.
Оқушының міндеті – сол жағындағы сөздердің басқы қатары мен оң
жағындағы сөздердің соңы берілген карточкаларды жылдам құрастырып,
дұрыс мағыналы сөз шығару.
7-кесте
3. Мәтіннен берілген сөздерді іздеу.
Бұл жаттығуда оқушы мәтіннен тез тауып ала қоятындай 3 сөз беріледі.
Тек берілген сөздер мәтінде бірнеше рет кездесуі қажет. Оқушының міндеті
– оларды тез тауып, астын сызу немесе шеңбермен қоршау.
4. Көбелек пен ебелек (мысал).
Мысалда, бірлікке, сыйластыққа,
достыққа,тұрақтылыққа байланысты
берілген нақыл сөзді тауып оқы.
1. Жүрген жеріңіз сіздің де береке.
2. Сіз-аға,мен-жаға боп,
Тізе қосып,бірге жүрелік.
3. Тату-тәтті өмір сүрелік!
4. Тиянақты бол,
Болма, «ұшып-қонба»!
5. Өлең ішінен шешендік сөзді та-
уып,әрі қарай жалғастырып оқы.
Алтын ұя-Отан қымбат,
Құт берекең-атаң қымбат.
Бұл жаттығулардың мақсаты –
оқушыларға қызықты сөздер мен
37
сөз тіркестерін анықтату арқылы оқу
дағдысын меңгерту.
Жаттығулар оқушының көңіл-
күйін көтереді, оқуға деген қызығу-
шылығын арттырып, тіл байлығын,
сөздік қорын молайтады, зейінінің
тұрақталып, есте сақтау қабілетінің
қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Жаттығуларды сабақтарда, сабақ-
тан тыс уақытта жарыс – ойыны
түрінде, 10-30 минут көлемінде
жүргізуге болады.
Ескеретін жай, жаттығуларды
орындау барысында қателесіп, жа-
ңылысқан балаға наразылық кейіп
көрсетпеу керек, керісінше, олармен
бірге қызықты, күлкілі сөздердің
пайда болғанына шын көнілден
қуана білген жөн.
5-жаттығу: «Сиқырланған» сөздер-
ді оқу.
Оқушыларға әртүрлі сызық, штрих,
қарапайым суреттердің кедергісінен
оқылуы қиынға түсетін сөз жазылған
карточкалар таратылып беріледі.
Сөздердің неліктен күрделі беріліп
отырғандығы түсіндіріледі. Берілген
түсіндірме мұғалімнің айтқан әнгіме-
сінің мазмұнына, ойының ұшқыр-
лығына,
тапқырлығына
байла-
нысты. Мысалы, бұл сөзді сиқыршы
әдейі оқи алмастай етіп сиқырлап
қойды, соған қарамастан біз бұл сөзді
оқып, сиқыршы қулығының шешімін
табамыз деуіне болады.
Мұндай мысал-әңгімелер баланың
оқуға деген ынта-ықыласын арт-
тыруға септігін тигізеді.
6-жаттығу:
Үздік
сызықпен
жазылған сөздерді оқу.
Балаларға әріптерінің кейбір
сызықшалары түсіп қалған сөз
жазылған карточкалар таратылып
беріледі. Сөздер біртіндеп күрделеніп
отырады.
Ойын барысында оқушылардың
белсенділігін арттыру мақсатында,
әріптердің өзіндік жазылу ерекше-
лігіне байланысты әртүрлі әңгімелер
айтып беруге болады. Мысалы: мына
сөздегі әріптердің кейбірін қатты
жауын жуып кеткен, әйткенменде
«Тапқышбек» бала үшін ол әріптерді
тез табу қиындыққа соқпайды.
Арамыздағы «Тапқышбек» сонда кім?
және т.б.
7-жаттығу: Бірінің үстіне бірі
жазылған сөздерді оқу.
Оқытушы балаларға бірінің үстіне
бірі жазылған сөздері бар карточ-
каларды таратып береді. Сөздердің
бұлай ретсіз берілуі тосыннан соққан
қатты дауылға – байланысты деп
түсіндіріледі.
Оқушылардың міндеті – араласып
жатқан сөздерді ретке келтіріп,
оқып беру. Карточкада берілетін
сөздер саны мән-мағынасына қарай
біртіндеп қүрделене береді.
8-жаттығу: Төменгі жағы жабық
жол сөздерін оқу.
9-жаттығу: Жоғарғы жағы жабық
жол сөздерін оқу.
10-жаттығу: Сөздерді топтарға
бөлу.
11- жаттығу: Мағыналы сөздерді,
мағынасыз сөздерді бөлу.
12-жаттығу: Мәтіннен берілген
сөздерді іздеу.
13-жаттығу: Үлгідегі сөзге сәйкес
келетін сөздері бар карточкаларды
іріктеу.
14-жаттығу: Төңкерілген мәтінді
оқыту.
15-жаттығу:
Сөздердегі
түсіп
қалған әріптерді толтыру.
16-жаттығу:
Сөйлемдегі
түсіп
қалған сөздерді толықтыру.
17-жаттығу: Сөйлемдегі жекелеген
әріптері түсіп қалған сөздерді толық-
тыру.
Бұл жаттығудың алдыңғы жатты-
ғудан ерекшелігі, мұнда сөйлемдегі
түсіп қалған сөздің жекелеген әріп-
тері көрсетіледі. Мысалы: Ойынды
ұйымдастырушы ортаға әр топтан
38
бір-бір баладан ш..ы..ды. сөйлемдегі
соңғы сөздің басты және соңғы
әріпіне қарап оқушы қандай әріптер
түсіріліп қалғанын, қандай сөз екенін
айтып беруі керек (шығарады,
шынығады, шақырады).
Жаттығулардағы ұсынылып отыр-
ған әдіс-тәсілдер оқу дағдысы төмен
оқушылардың оқу жылдамдығын
жетілдіреді, оқыған мәтіндерінің маз-
мұнын дұрыс түсініп, қабылдауына
көмегін тигізеді.
Әр оқу сабағында қолданылатын
алуан түрлі жаттығулар мен тапсыр-
малар оқушылардың техникалық
дайындығын ұйымдастыруға ғана
емес, оқу дағдысын мақсатты және
тиімді қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Әрбір сабақ жаңа шығар-
малардың әртүрлілігімен, жаңалығы-
мен, кейіпкерімен және мұғалімімен
қарым-қатынас жасаумен, еркін пікір
алмасуымен қызықты.
Оқу дағдысын қалыптастыру,
сондай-ақ әр оқушының ой-өрісін
кеңейту, білуге құштарлығын дамыту,
оқушылардың
қызығушылығын
тәрбиелеу, білімге деген оң көзқарас-
тарын қалыптастыру жолдарының
тағы бірі – оқушыларды өз бетінше
кітаппен жұмыс жасауға баулу болып
табылады. 2-сыныпта сыныптан тыс
оқу сабақтарында оқушылар жеке
кітаппен жұмыс жасауға, сондай-
ақ кітаптар әлемінде де жөн таба
білуді үйренеді. Әрбір сабаққа
оқушылар тақырып пен тапсырмаға
сәйкес таңдалған кітаптар әкеледі.
Бірте-бірте
осындай
жұмыстар
жүргізу арқылы кітаптар көрмесін
ұйымдастыру, оқыған кітапқа анно-
тация жасау, әдеби газеттер шығару,
өздерінің кітапшаларын құрастыру
дәстүрге айналады.
1-сыныптың 4-тоқсанынан бастап
(балалар оқып үйренген соң) әрбір
оқушы «Оқу күнделігін» арнайды. Бұл
күнделік мынадай бөлімдерден тұра-
ды: күні, шығарманың атауы және ав-
торы, оқылған жолдар (беттер) саны,
ата-анасының
қолы,
мұғалімнің
бағасы. Күн сайын балалар алғашқы
кезде ата-аналарымен, кейіннен өз
бетінше немесе мұғалім тапсырмасы
бойынша кітапты таңдап, оқиды,
ата-аналар тиісті жазбалар жасайды,
мұғалім оқушының жұмысын баға-
лайды (қолы қойылады, сыйлықтар
желімденеді).
2-сыныптың екінші жартыжылды-
ғынан бастап оқушылар күнделігіне
жазбаларды өз бетімен жасайды,
өзінің оқуын суреттермен толықты-
рады, кейіпкерлерді және олар-
дың
сипаттамасын
көрсетеді.
Бұл жұмыс бастауыш мектепте
оқыту бойы жалғасады. Мұғалім
оқушыларды
күнделікті
оқуға
деген қызығушылығын осындай
жұмыстарды жүргізу арқылы сақтап
отырады: оқылғанды талқылайды,
викториналар өткізіледі, аптасына
бір рет қорытынды жасалады және
бағаланады, әр тоқсанда жетістік-
терімен ерекше көзге түскен оқушы
марапатталады. Оқу күнделігімен
жұмыс кітаптармен жұмысты кеңей-
туге және тереңдетуге, сондай-ақ
мұғалімдер, оқушылар мен ата-
аналарды жақындастыруға мүмкіндік
береді.
Оқу дағдыларының қалыптасуы
оқушылардың жалпы сөйлеуінің
дамуына айтарлықтай әсер етеді,
жоғары сыныптарда ақпарат ағынын
табысты игеруге және үлгерімінің
жақсы болуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте тоқсандар
бойынша оқу техникасының нор-
масы
Достарыңызбен бөлісу: |