4. ОҚЫТУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ БОЙ
-
ЫНША ҰСЫНЫМДАМАЛАР
Ана тілдің қадірін түсіну туған
тілінде жазылған кітап оқудан баста-
лады. Өйткені оқу – ойлау мен ақыл
-ой дамуының қайнар көзі. «Оқуды
тоқтатқан адам, ойлауды тоқтатады»,
- дейді Дени Дидро [25].
Сол себепті де бастауыш сынып-
тан-ақ негізі қалануы тиіс маңызды
міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағ-
дысын дұрыс қалыптастыру. Оқу дағ-
дысын дұрыс қалыптастыру мынадай
талаптардан туындайды:
1.Оқу техникасы (дұрыс, тез қа-
былдау және сөздерді дыбыстау).
2.Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі
ойды, мазмұнын ажырату).Бұл екеуі
бір-бірімен тығыз байланысты. Өй-
ткені оқу техникасын жетілдірмей –
түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.
Оқу жылдамдығын дамыту ––
мәтіндегі сөздерді қалай болса, со-
лай бастырмалатып немесе сөз-
дердің ара жігін айырмай оқу емес.
Бұл – оқығанды түсінетіндей қалып-
тағы шапшандықпен оқу. Оқушы
– кішкентай оқырман. Жылдам оқу-
дың жай оқудан өзіндік ерекшелі-
гі бар. Жылдам оқитын, «оқырман»
мәтіннің құрылымы мен маңызына
тез бойлап, оның мағыналық бөлік-
терін пайымдап, салыстыра алады.
Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі
бір уақыт ішінде оқылған мәтіннің
көлемі. Оқу жылдамдықтарын тек-
серу кезіндегі оқып шыққан мәтін
бөлігінің мазмұнын қабылдаулары
төмен болғандықтан, оқушылар-
дың оқу машықтарын жетілдіру және
оқу дұрыстығын қалыптастыру үшін
оқушылардың оқу машықтарын тек-
серу мен бақылауды жаңа үлгіде
қарастыру қажет болады.Оқу дағды-
сының қалыптасуы оқушыларға ұсы-
нылатын материалдың түсініктілігіне
, жеңілдігіне және қызықтылығына
байланысты. Баланың мәтінді дұрыс
түсініп , шапшаң және мәнерлеп
оқуға үйрету мәтін бойынша жұмыс
дұрыс жүргізілгенде ғана сабақ өзінің
нәтижесін береді, тиімділігі артады,
оқу сапасы жақсарады.
Оқу сапаларына оқу түрлері жа-
тады. Оқудың алғашқы кезеңінен
дұрыс оқудың негізі басталады. Осы
кезде жеке сөздіәріптеп оқытпай (а-ғ-
а-ш, б-а-л-ы-қ) буындап буындарды
жалғастырып оқуды (а-ғаш, ба-лық)
меңгерту қажет. Буындармен ойын
ұйымдастыру, оқушыға күн сайын
бірнеше буындарды тізбекпен көр-
сете отырып оқыту пайдалы болмақ.
Кейде оқушы әріп, буын сөз қалды-
рып кетсе, кейде екі рет қайталайды,
буынды жұтып қояды, әріптерді ал-
мастырып айтады. Қате оқыған сөзді
таптыру, талдау жатады, сол сөзге
мағынасы жуық сөздер таптыру, қай-
та оқыту, тыңдап отырған оқушы-
ларға түзеттіру тәрізді жаттығу түр-
лері орындалады.
44
«Түсініп оқу – оқушының оқыған
мәтінінің мазмұнына анық, терең
ұғынуы» деп түсінсек, түсініп оқуды
жүзеге асыруда алғашқы кезде өз-
деріне түсінікті, қызықтыратын, ішін-
де қиындық тудыратын сөздері өте аз
сюжетті мәтіндерді таңдаған дұрыс.
Оқу машығын қалыптастырудың
мақсаты – баланың өзі оқыған сөй-
лемін, мәтінін толық түсінуі және
сонда
қолданылған
сөздердің
мағынасын меңгеруіне қол жеткізу.
Мұны орындау үшін мұғалім бала-
ның әрбір сөзі дұрыс анық оқуын
үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір
сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала
сөзді түсінеді.
Шапшаң
оқудың
алғышарты
орындалады.
Осыдан
шапшаң
оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен
өте тығыз байланыстылығы көрініп
тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және
түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір
қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген
жағдайда мәтіннен оқушы да, оны
тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.
Дағды дегеніміз әркеттің адам
бойындағы орнығуы. Әрекетке ең
алғаш кіріскен кезде адам икемсіз,
басы
артық
көптеген
қимыл-
қозғалыстар
жасайды.
Мысалы,
жоғарыда көрсеткеніміздей, бала
оқуға-жазуға
үйрене
бастаған
кезде қаншама қимыл-қозғалыстар
жасайды. Атақты физик М. Лауэ оқу,
білім жөнінде айта келіп: «Білім-бүкіл
оқығандарын ұмытып қалғанда, бой-
ыңда сақталатыны» - дейді.
Бұл сақталып қалатын не? Ол
– әдет, сенім, бағыт, дағды және
қабілет - міне, нағыз білім – осылар!
«Дағды – деп көрсетеді психолог
С.Л. Рубинштейн – саналы түрде
автоматталған қимыл-әрекет түрінде
көрінеді, ал сонан соң, әрекеттің
автоматталған тәсілі ретінде қызмет
атқарады».
Қандай да болмасын дағдыға
бала басқалармен қарым-қатынас
жасау барысында үйренеді. Бала үл-
кендердің істеген әрекеттерін көріп
бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі
істей бастайды. Баланың эстетикалық
талғамын дамыту ертегі, көркем
әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т.б.
арқылы іске асырылады. Оқушының
бастаған істі аяқтап шығу, көздеген
нәтижеге жету, ұқыптылық, уақытты
дұрыс пайдалану т.б. мінез-құлық
саналары тәрбиелене бастайды.
Оқудың түрлері.
Оқудың түрлері
екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен
оқу. Дауыстап оқу көбінесе 1-2 сынып
оқушыларына тән болады. Бірақ
1-сыныпта іштен оқуға болмайды
деген ұғым тумаса керек. Содан
былай қарай оқудың бұл көрсетілген
екі түрінің екеуі де бір-бірімен
ұштастырыла жүргізіледі. Оқудың
бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс
оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу
талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап
оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу
талабы қойылады. Бұл талаптар бір-
бірімен тығыз байланысты іске аса-
ды. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи
алмайды, дұрыс оқымаса, түсінбейді.
Орфоэпия заңын басшылыққа алып
отыру.
Басқа тілдердегі сияқты қазақ
тілінде де орфографиялық және
орфоэпиялық заңдар бар. Ол
заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету
мен дұрыс оқытуды басшылыққа
алынады. Ал оқушыларға жаңа
сөздердің мағынасын түсіндіру үшін
сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет
болғанда, олар тек орфография
ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ
ешкі, бұл сөзді оқығанда ағешкі деп
айту керек екенін ескертіп, мұғалім
оқушыларды солай үйретеді.
Түсініп оқу дегеніміз оқушының
оқыған мәтіннің мазмұнын анық,
терең ұғынуы болып табылады. Бұл
әр сөздің, сөйлемнің мағынасын
45
түсінуден, әр бөлімді логикалық,
психологиялық
байланыстырудан
келіп шығады. Оқығанын толық
түсіну
оқушылардың
мәтіндегі
басты ойды айыра алуларынан,
оның мазмұнына өзінің көзқарасын
білдіруінен көрінеді.
Түсініп оқуда оқушылардың на-
зары шығарманың идеялық маз-
мұнына аударылады. Түсініп оқу ба-
рысында оқушыларда елес, ұғым,
бейне, жоғары сезімдер пайда бола-
ды. Түсініп оқуды жүзеге асыруда
қиыннан күрделіге қарай принципі
сақталады.
Шығарманың идеялық мәні мен
мазмұнын оқушыларға ұғындыру
үшін сөздік жұмысын жүргізудің
пайдасы бар.
Шапшаң оқу дегеніміз –
мәтіндегі сөздерді қалай болса
солай
бастырмалатып
немесе
сөздердің ара жігін айырмай оқу
емес. Бұл оқығанды түсінетіндей
қалыпта оқу. Мәтінді тым баяу
оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына
түсінбек түгілі , бір сөйлемнің өзінде
не айтылғанын аңғара алмай
қалады. Сондықтан мәтінді шапшаң
оқу талабы да маңызды болып
саналады. Шапшаң оқу барысында
әр оқушының оқу қарқыны әртүрлі,
осыған орай олардың бір минутта
оқитын сөздерінің саны белгіленген.
Шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу
бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді
дұрыс түсініп, белгілі бір қарқынмен
оқығанда ғана шапшаң оқу талабы
орындалады.
Шапшаң
оқуға
жаттықтыру
жұмысы барлық сабақтарда да іске
асырылып отырылады. Дегенмен
шапшаң оқу дағдыларын бекіту үшін
арнаулы уақыт беру қажет. Мұндай
арнаулы
жұмыстың
түрлеріне
мыналарды жатқызуға болады.
Көз бен кітаптың арасындағы
қашықтықты дұрыс сақтау, мәтінді
алдын-ала іштен оқып шығуы.
Дауыстың өзіндік белгілері бар.
Олар: күші, жоғарылығы, қарқыны,
тембрі. Сөйлегенде адам бірде
жылдам, бірде баяу сөйлейді. Бұлар
әр адамның дауыс қарқынына
байланысты.
Мұғалім
жаттығу
арқылы өз дауысының орташа
қарқынын анықтай алады. Ол
жылдам сөйлеуден аулақ болғаны
жөн. Егер жай сөйлей алмайтын
болса жаттығуы қажет.
Дауыстың тыңдаушыға әсерлі
болуы тембріне байланысты. Құбылта
оқу, дауыс ырғағына келтіре оқу да
жаттықтыру арқылы қалыптасады.
Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні
зор. Сөйлеушінің ашық, анық,
айқын айтуы оның айтқанын ұғуға,
әсерлі болуына ықпалын тигізеді.
Дикциясында ақау болса, оны
арнаулы жаттығулар арқылы түзету
қажет. Дикциядағы кемшілік- сөйлеу
мүшелеріне дұрыс жұмыс істете
алмаудың салдары.
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқара-
тын интонация. Интонация – сөйлеу
сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,
дауыстың бірде жоғарылап, бірде
төмендеуін білдіреді. Интонация
мына элементтерден тұрады: сөз бен
ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі,
паузасы, сазы.
Интонация жайында анығырақ
түсінік беру үшін оның кейбір эле-
менттеріне тоқталайық.
Сөз екпіні мен ой екпіні. Сөз екпіні
– фразалық екпін, ал ой екпіні – ло-
гикалық екпін. Сөйлемді айтқанда
я оқығанда, оның ішіндегі сөздер
интонация мен мағынасына, ай-
тылу ырғағына қарай өзара топ-топ-
қа бөлінеді. Ол топ синтагма деп
аталады. Синтагмада бір я одан да
көп сөздер болады. Әр синтагмада бір
сөз көтеріңкі дауыспен ерекшелене
айтылады. Міне, соны екпін түскен
сөз дейміз. Сөзде белгілі бір
46
буынның екпін түсіп, ерекшеленіп
айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде
бір сөзге ерекше назар аударылып
айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрық-
ша назар аударылып айтылған
сөзде ой екпіні болады да, ол сөз
басқа сөздерге қарағанда, ерекше
әуенмен айтылады. Мұндай екпін
логикалық екпін деп айтылады.
Жазба тілде логикалық екпіннің қай
сөзге түсіп тұрғаны контекстен, оның
мазмұнынан аңғарылады. Ауызекі
сөйлеуде логикалық екпін сөйлеуші-
нің қай сөзге айрықша назар
аударуды қажет санап тұрғанын
ажыратуға мүмкіндік береді.
Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы
буынына түсіп отыратындықтан тұ-
рақты екпінге жатады. Қазақ тілі
жалғамалы тілдер қатарына жататын-
дықтан түбірге қосымша қосылған
соңғы қосымшаға ауысып отырады.
Мысалы: бала¢-10;0;0¢@, 10;0;0@“0¢.
Алайда қазақ тіліндегі барлық
қосымшалар екпінді бірдей қабылдай
бермейді. Екпін қабылдамайтын
қосымшалар да бар. Оны, әсіресе
айту мен оқу кезінде дұрыс ажырата
білген дұрыс.
Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы
буынына түседі дегенмен, болым-
сыздық жұрнақ жалғанған етістік
пен тұлғалас есім сөздері бар. Ал
есім сөздеріміз соңғы буынына екпін
түсетініні мына қатардағы сөзден
ажыратуға болады.
бөлме бөлме
алма алма
кеспе кеспе
жарма жарма
баспа баспа
көрме көрме
шығарма шығарма
Есім сөздеріне жалғанып теңеулік
ұғым тудыратын: -дай, -дей, -тай, -тей
жұрнақтары да екпін қабылдамайды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе қар жауып мазаңды алады.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долдағанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды
(Абай)
Етістіктің түбіріне жалғанып өтініш,
тілек мағынасын білдіретін: -шы, -ші
жұрнағы да екпін қабылдамайды.
-Шы, -ші жұрнағы кейде есім
сөздеріне қосылатын -шы, -ші жұр-
нағымен тұлғалас болып келеді.
Екпін түсіру арқылы ғана мағынала-
рын бір-бірінен ажыратуға болады:
қойшы - қойшы
көрші - көрші
басшы - басшы
тілші - тілші
Қазіргі ғылым мен техниканың
дамыған кезінде тілімізге енген
атаулардың оқылуы мен жазылуын-
да, өзге тілге араласуында өзіндік
ерекшелігі бар. Терминдік атаулар
орыс тілі арқылы кезең-кезеңмен
еніп келеді. Көршілес халықтармен
қарым-қатынас жасау арқылы тілі-
мізге енген көптеген сөздер болды.
Тілімізді байытты, әсіресе орыс
тілінен енген сөздер еді. Алайда,
сол дәуірде енген әрбір сөз ауызша
енгендіктен болар, қазақ тілінің
дыбыс заңдылығына бағындырып
айтылады, солай қалыптасып кетті.
Біз ондай сөздерді сол кезде қалай
қалыптасып кетсе солай сөйлеп,
орфоэпиясымен фонетикалық прин-
ципке сүйене отырып жаза береміз.
Мысалы: сиса, сәтен, кереует, т.б.
Орфоэпия заңдылығымен айтылып,
жазылып кеткендіктен өз тіліміздегі
сөздер сияқты екпін қазақ тілінің
заңдылығына бағынады.
Әдеби тілдің орфоэпиясымен
сөйлеудің басты ережелерінің бірі,
осы сөз екпінін дұрыс қоя білуге де
байланысты. Сөзге екпін қоюды те-
реңірек зерттеп, қойылған екпіннің
дұрыстығын сөздікке қарап, тексеріп
отыруға дағдылану мәтінімен жұмыс
істеу кезінде баса назар аударуды ке-
рек етеді.
47
Шығарманы, мәтіндерді оқуда
сөзге екпін қойып оқудың мәнерлі
оқуға
қандай
қатысы
барын
жоғарыда сөз еттік. Қазақ тіліндегі
сөздерге қойылатын сөз екпіні әр
сөздегі буын санына байланысты
болса, тіркес екпіні немесе фразалық
екпіндер сөйлем ішіндегі сөздердің
бір-бірімен байланысу тәсілдеріне
байланысты қойылатын синтаксистің
обьектісі. Сөйлемдегі сөздер жеке-
жеке ұғымдарды білдірсе, сөз тіркесі
олардың бір-бірімен грамматикалық
қарым-қатынасқа түсетінін білдіреді.
Әрине кез-келген сөздер бір-біріне
тіркесе алмайды, белгілі бір өзара
мағыналық байланыста айтылған
сөздер ғана сөз тіркесінің құрамына
ене алады. Тіркеске енген сөздер
оқылу барысында бір екпін ырғағына
ие болып, бір сөз сияқты оқылып
кетеді. Өйткені, тіркеске енген сөздер
кейде дыбыстық құрамы жағынан
үйлесіп,
ыңғайласып
қосылып
оқылады.
«Сөз бен сөздің ықпал заңдары-
ның әсері бірін-бірі толықтырып,
орфоэпия заңдылығымен оқылады.
Күрделі сөз тіркесіне бір-бірімен
ажыратуға келмейтін сөйлемнің бір
ғана мүшесінің қызметін атқаратын
тіркестер жатады. Алайда, оқылу
сөйлеу барысында осы тіркестердің
барлығы да тұтас бір екпінмен бір
дауыс
құйылысымен
оқылады».
Тұрақты тіркеске енетін сөз тізбегі де
оқылу сөйлеу барысында бір ғана да-
уыс құйылысы екпінімен оқылады.
Олар:
Қосарланып келген сөздер (әдет-
ғұрып, бала-шаға, ет-пет, шай-пай
т.б.)
Толық мағыналы сөздер мен
шылау сөздердің тіркесі (біз үшін,
әкем сияқты, мың қаралы, кешке
шейін, ойнап еді.)
Күрделі сөз тіркестері (торы ала, ақ
сары, бас киім, қол сағат, күре тамыр,
жиырма бес, үй іші, кеміп қалды,
құлап қала жаздады, келеді екен т.б.)
Қабыса байланысатын сөздер
тіркесі (сұлу қыз, әсем жігіт, жібек
жүн, қызыл қоңыр, қара бұйра, он
қыз, он бала, тез кетті, кілт тоқтады,
қысқа сөйледі т.б.)
Меңгере
байланысатын
сөз
тіркестері (кітапты оқыды, қалаға
барды, үйден шықты, әсеммен
сөйлесті, машинамен келді т.б.)
Матаса байланысатын тіркестер
(ауылдың маңы, ауыл кеңесі, әкемнің
інісінің баласы т.б.)
Сондықтан,
тіркестерді
оқу
барысында кейіпкердің авторының
негізгі ойын айтпақ болған пікірін,
сан алуан көңіл күйін тыңдаушыға
жеткізе білу үшін ерікті және тұрақты
сөз тіркестерін талдау барысында
ажырата біліп, дауыс ырғағын дұрыс
қоя білудің білімдік те, тәрбиелік те
мәні зор.
Шығарма
тіркесіндегі
әрбір
сөйлем белгілі бір ойды хабарлап,
сұрау мағынасында немесе сан алуан
көңіл күй құбылысын білдіріп тұрады.
Сол себепті айтылған сөйлемдегі
ойдың мазмұн мағынасына қарай
сөйлемдегі бір сөзге мағыналық,
яғни логикалық екпін түседі. Ол басқа
сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу
оқылып тыңдаушы назарына сол
сөздегі дауыс сазы арқылы аңғартады.
«Логикалық екпіннің қай сөзге түсіп
тұрғаны контекстегі сөз ыңғайына
қарай анықталады. Ал сөйлеу тілінде
сөйлеуші өзінің ойын жеткізу тәсіліне
қарай логикалық екпінді қай сөзге
қойғысы келсе сол сөзге қоя салады.
Мәнерлеп оқуда дауыс сазын
дұрыс қолдана алмаушылықтан,
мәтінді күні бұрын талдап алмай
бірден аудитория алдында оқи
салудан
көптеген
кемшіліктер
жіберіп жүрміз.
Балалар аманбысың, шырақтарым,
Балалар аманбысың, шырақтарым,
48
Майысып көлге біткен құрақтарым
Майысып көлге біткен құрақтарым
(Жамбыл)
Мәтінді оқу үшін талдау кезінде да-
уыс ырғағы арқылы сөйлем мағына-
сы қалай жеткізу жолдарының әдісін,
ойластырып, кез-келген шығарманы
талдап алғанда ғана жеткізе алады.
Сөз ішінде дауысты дыбысты созып,
созыңқырап оқу арқылы сан алуан
көңіл күй құбылысын беретін жағдай-
ды эмфизалық екпін деп жүр. Бұндай
екпінге ие болатын сөздер көбіне
сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Кейде
сөз басында келетін дауыссыз ды-
быстар созылмаса да қайталанып,
тістене дыбыстау арқылы көңілсіз
әсерін қалдыратын жағдайлар кезде-
седі.
Лебізді екпінді лингвистикалық
әдебиетте экспираторлық екпін деп
те атайды. Бұл терминологияны
жақтаушылардың пікірінше, екпін
түскен буынды айтқанда фонация-
лық ауа мол шығуға тиісті.
Қазақ тіліндегі екпін басқа түркі
тілдеріндегі екпін тәрізді сөздің, көбі-
не соңғы буынына түседі.
Пауза сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді
синтагмаға, синтагманы сөзге ажы-
ратып, ара жігін көрсету үшін қолда-
нылады. Сонымен қатар, пауза сөз-
дердің басын біріктіріп, бір синтагма
жасай да алады. Паузаны сақтамау
оқып отырған мәтіннің мазмұнын
дұрыс түсінбеуге әкеліп соғады. Мы-
салы, «Ол үй емес» деген сөйлемді па-
узасыз айтсақ, айтып тұрғаным басқа
үй деген ұғымды білдіреді, яғни ол
сөзі сөйлемде үй сөзінде анықтауыш
ретінде қолданылады. Ал сол сөй-
лемде ол сөзінен кейін пауза жаса-
сақ, онда айтып тұрғанымыз үй емес,
қора немесе басқа бірдеңе дегенді
білдіреді. Мұнда «ол» бастауыш қы-
зметін атқарады. Мектептегі әдеби-
етті оқытудағы жетекші принциппен
қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер.
Шығармашылық әдісі-шәкірттердің
оқырмандық қабілетін тәрбиелеу
мақсатында көркем шығарманы
оқып-үйренудің алғашқы кезеңін-
де де, қолданылуы мүмкін. Мұнда
төмендегідей әдістемелік тәсілдер
қолданылады:
– мұғалімнің мәнерлеп оқуы;
– көркемсөз өнерлерінің мәнелеп
оқуы;
– әртістердің орындауындағы
жеке сахналық көріністер;
– оқушыны мәнерлеп оқуға үйре-
ту;
– көркем мәтінді мұғалімнің түсінік
бере оқуы;
– әңгіме жүргізу;
– шығармашылық тапсырма беру;
– жатқа оқу;
– жоспар құру;
– эпизодтарға тақырып қою;
– мәтінге жақын баяндау;
– көркем баяндау;
– сценарий құру;
– иллюстрация жасау;
– пікір жазу(кітап,кино, спектакль,
радио, телеқойылым, хабарларға);
– шығарма жазу.
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда
жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың
қай-қайсысы да көбінесе дара күйін-
де қолданылмайды. Олар сабақтың
тақырыбы мен мақсатына, өтілетін
оқу материалының өзгешелігіне бай-
ланысты араласып, тоғысып келіп
отырады.Бұлардың қай-қайсысын қа-
шан, қайда және қалай қолдану әде-
биет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері
сияқты әдебиетті оқытудағы жетек-
ші принцип пен қолданылатын не-
гізгі әдіс-амалдар сыныптағы және
одан тыс уақыттағы оқу-тәрбие про-
цесінде мұғалім мен оқушылардың
барлық жұмыс түрлерін жанданды-
рып отыуына негізделеді. Бұл прин-
ципті жүзеге асыру үшін, мұғалім са-
бақтың тақырыбы мен мақсатына,
49
құрылысы мен мазмұнына сәйкес
тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі
және көмекші әдіс-амалдардың түр-
лерін қолданады. Мұғалім әдебиет
сабағындағы басты тұлға болған-
дықтан, оқытудың әдіс-амалдарын
түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік
процесті шығармашылық өнерпаз-
дықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс.
Сабақтың сапалы, нәтижелі болып
өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар
да елеулі рөль атқарады. Мұғалім
үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші
де, ал оқушылар тек көруші, тыңда-
ушы, орындаушы ғана емес. Сынып-
тағы оқушылар ұжымы-үлкен күш.
Осы ұжымды сабақтың барысында
дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс
арнаға салып, айқын бағыт беріп
отыру, оның сарқылмас күш-жігерін,
тілек-мүддесін орнымен пайдалана
білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсен-
ділік шабытпен қатысып, араласып
отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұс-
тазынан үлкен еңбекті, асқан шебер-
лікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері
сияқты әдебиет пәнін оқытуда қол-
данылатын көптеген негізгі және
көмекші әдістер бар, Бұлардың кей-
біреулері барлық оқу пәндерінде,
әсіресе гуманитарлық пәндеріне,
әсіресе гуманитарлық пәндерге ор-
тақ әдістер болып табылады. Осымен
қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қол-
данылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мы-
сылы, көркем сөз мәтінін мәнерлеп
оқу, түсініктеме бере, талдау жасай
отырып оқу, сюжетті шығарманы әр
түрлі нұсқада ауызша мазмұндау.т.б.
5-9-сыныптардағы оқу жылдам-
дығы.
Оқу жылдамдығы – оқушы тұлға-
сының қалыптасуына әсер ететін
маңызды факторлардың бірі болып
табылады. Оқытудың екінші негізгі
кезеңінде де оқушылардың оқу жыл-
дамдығын қалыптастыру жалғасады:
алайда 5-9 сыныптарда түсініп оқуға
емес шапшаң оқу мен мәнерлеп
оқуға басты назар аударылады.
5-сыныпта бастауыш сыныптар-
дағыдай оқу жылдамдығын тексеруді
бақылап отыру қажет. Бақылау мақ-
саты тез, жылдам оқу емес, түсініп
оқу болатынын ескерген жөн.
Оқу жылдамдығын тексеру бары-
сындағы маңызды факторлар:
1) оқу бағдарламасы оны кез кел-
ген адам жақсы меңгере алатындай
қол жетімді болуы қажет;
2) оқыту технологиясы заманауи
талаптарына сәйкес болуы тиіс;
3) табыс өлшенбелі болу керек;
4) әрбір адам – қайталанбас тұлға,
сол себепті оған дербес жол табу
маңызды;
5-9-сынып оқушыларының оқу
жылдамдығына қойылатын талап-
тар:
5-сынып
Оқушылар білуге тиіс:
1. деңгей: (1,2 оқу тобы)
– мәтінді тұтас сөздермен дауы-
стап дұрыс оқу, оқылуы қиын сөз-
дерді буындап оқу;
– мәтін бойынша берілген анали-
тикалық тапсырмаларды орындай
отырып, іштен оқу;
– мұғалімнің сұрақтарына жауап
беру;
– мұғалім көмегімен тірек сөздерді
қолданып, жоспар бойынша мәтін-
ді мазмұндап айтып беру, мазмұны
бойынша күрделі емес мәтіндерді өз
бетінше орындау;
– кейіпкерлер мен оқиғалар бой-
ынша өз көзқарасын айту;
– 8-10 өлеңді жаттау;
– мұғалім мен тәрбиешінің бақы-
лауымен сыныптан тыс әдебиеттерді
оқу.
2 деңгей: (3 оқу тобы)
– мәтінді тұтас сөздермен дауыс-
50
тап дұрыс оқу, оқылуы қиын сөздерді
буындап оқу;
– іштен оқу арқылы нақты оқи-
ғаларға байланысты талданған үзін-
ділерді табу;
– пән бойынша мәтін мазмұны-
ның сұрақтарына жауап беру (мұға-
лім көмегімен);
– өлеңді жатқа оқу (мәтін көлемі
оқушылардың мүмкіндігін ескеріліп
беріледі);
– сыныптан тыс әдебиеттерді оқу
сабақтарына қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |