бес минуттық
оқуды қарастырып көрейік. Мысалы,
5 x 4 x 5= 100.
Әр сабақта
бес минут, әр күні 4
сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық
жаттығу 100 минут көлемінде болады.
Әлбетте, егер уақыт 3 минуттан
100-ге дейін артса, оң нәтиже береді.
Нәтижелілігі
Әдебиеттік оқу сабақтарында
және ызыңдап оқу үшін осы атал-
ған әдістемені үнемі пайдалану,
жылдам оқуды дамыту бойынша
ұсыныстарды қолдану, бастауыш
сынып оқушыларының оқу жылдам-
дығы тексеру нәтижелерінің жоғары
деңгейін көрсетеді.
Мұғалімдерге де, ата-аналарға
да қолдану үшін қызықты және
пайдалы
болатын
әдістемелік
және дидактикалық материалдар
жеткілікті жинақталған. Бұл тұста Я. А.
Каменскийдің: «Жұлдыздарды көру,
музыка тыңдау – үлкен бақыт. Бірақ
оған қол жеткізу үшін кітап оқып
үйрену керек. Ал бұл – үлкен еңбек»
деп айтқанын ұмытпау керек.
Осылайша, оқушылардың табыс-
ты оқуы үшін жылдам оқуды мең-
герулері қажет.
Әдетте, көп оқитын оқушылар
жылдам оқиды. Оқу процесінде же-
дел жады және зерденің тұрақтылы-
ғы жетіледі. Осы екі көрсеткішке
13
ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігі
байланысты. Кейде дағды және ойлау
қарама-қарсы тұрады. Бұл мектеп
үшін өте қиын түседі. Шынында
да бұл жерде альтернатива жоқ,
сонымен қатар, ойлауды дағдыларға
сүйене отырып, дамытуға болады.
Оқу дағдысы көптеген күрделі
біліктердің құрамдас бөлігі болып
табылады. Оңтайлы оқуды меңгеру
барысында оқушылардың ақыл-ойы
дамиды. Бұл – дамудың аспектісі.
Оңтайлы оқу жылдамдығына қа-
лай жетуге болады? Қандай қорлар-
ды қолдануға болады?
Кейбір
оқу
техникаларымен
танысайық.
Блоктарды оқу
Бұл кезең негізінен баланың сөй-
леу аппаратын жүйелі жаттықтыруға,
сөйлеу ақауларын ерте анықтауға,
сондай-ақ тұтас сөздерді оқу дағды-
сын пысықтауға бағытталған. Қазақ
тілінде жиі кездесетін әріптердің
тіркесулерін, құрамаларын, құра-
мында сол әріптер болатын сөздер
жаттығу үшін материал ретінде
алынады. Мұғалім оларды қарапа-
йымнан күрделіге қарай негізгі қа-
ғидасын ұстана отырып, топтарға бө-
леді. Сабақтағы мтериалдың көлемі
20-25 әріп тіркесулерін құрайды
және сәйкесінше әріптер саны (2, 3,
4, 5 және т. б.) біртіндеп арта береді.
Әріптік құрамалар немесе блоктар
тақтаға бағанмен немесе қатармен
жазылады. Олардың тақтаға әр түрлі
орналасу нұсқалары көз бұлшық
еттерінің жаттығуына және ерікті
зейіннің дамуына ықпал етеді.
Сабақ кезінде оқушылар блок-
тарды ішінен оқи отырып, жазады.
Содан кейін оларды хормен оқиды.
Дикцияны пысықтау
Жаңылтпаштармен жұмыс жасау
барысында дыбыстарды және олар-
дың қосындысын анық айтуға қол
жеткізіледі.
Жаңылтпаштармен
жұмыс жасау әдістемесі жеткілікті
белгілі: жеке, анық айтудан барынша
нақты, жылдам айтуға көшу.
Жаңылтпаштағы жұмыс жасау
керек болатын, баса назар аударуға
тура келетін дыбыстарды белгілейтін
әріптерді түрлі-түсті бормен жазу
ұсынылады.
1. Жағажайды жағалай жүгіреді
Қамажай.
2. Іске тіл ілесе алады, тілге іс
ілесе алмайды.
3. Тақпақ жатта, жатқа жатта.
4. Ізшілер іздесті, түз кезді, із кесті.
5. Ошақта от жақ, шоқ тап, от жақ.
6. Таяқ жон, жонсаң жөн жон.
7. Бұл, бұл – піл, бұл бір ірі піл.
8. Доп теп, тек дөптен кеп теп.
9. Қызым, жүзім же, жүзім үзіп же.
10. Шын еңбекшіл – өрмекші,
өрмекші – шын өрнекші.
11. Тұрыс бұрышқа тұр, бұрышта
дұрыс тұрмай ұрыспай тұр.
12. Қапыда ит қапты, қатты қапты,
қапты қатты.
13. Хатипаға Харковьтегі Қамарға
Хамит аға хат жазды.
Жұмысты жаңылтпаштың бір
жолынан бастап, әр сабақта жаңа
жолдан қосып отыру тиімді болып са-
налады. Анық айтуды пысықтау үшін
бір ғана жаңа жол ұсынылады, оқуға
берілген материалдың көлемі ұлғая
түседі (2, 3, 4-жолдар). 3-4 сабақ ішінде
жаңылтпашты оқу балаларға таныс
жолдан басталады. Балалар таныс
жолды (жаңылтпаштың таныс бөлігін
оқи отырып) көз жүгірте қайталай
оқи отырып, жаңа жолды қатесіз
және жылдам оқуға дайындалады.
Дауыс ырғағына жаттығу
Мұғалім балалардан мәнерлеп
оқуды талап еткенде, көбінесе ол
бұл ұғымның нақты қандай өлшем
шарттармен
анықталатынын
айтпайды. Әрине, «мәнерлеп оқу»
түсінігі көп қырлы және мәнерлеп
оқу қабілеті көбіне балалардың
14
өмірлік тәжірибесіне, эмоционалдық
тәрбиесінің қалыптасуына, сезімдері-
нің тереңдігіне байланысты. Баста-
уыш мектепте мәнерлеп оқу білігі
енді ғана басталады. Бұл жұмысты
мына үш білікті қалыптастырудан
бастау қажет:
– өзінің дауысына ырғақ беру және
дамыту: қуанышты және қайғылы,
жұмсақ және ашу-ызалы, әзілді және
байыпты, мысқылды және мейірімді,
сондай-ақ қарсылық, санамалау,
аяқтау ырғағы;
– қажетті оқу қарқынын таңдау
(жылдам, ырғақты немесе бірқалып-
ты, өлшемдік немесе олардың
үйлесімі);
– сөйлемде логикалық екпінді
дұрыс қою.
Сөйлемнің мағынасын анықтай-
тын сөзді, сөз тіркесін дауыспен бөліп
көрсете отырып, логикалық екпінді
дұрыс қоя білуді кез келген өлең
мәтіндерімен пысықтауға болады.
Ол үшін балаларға алдымен жолдағы
бірінші сөзді, сосын екінші, үшінші,
төртінші сөздерді дауыспен бөліп
айтуды ұсынуға болады.
Көру аясын дамыту
Ғалымдардың дәлелі бойынша
оқығанда көз екі жағдайда болады:
қозғалыста
және
қозғалыссыз.
Мәтін (оқу) тек көз тоқтаған сәтте
қабылданады. Көздің қозғалысы
кезінде мәтін (оқу) қабылданбайды.
Барлық ересек оқырмандарда көз-
дің қозғалыс жылдамдығы және қоз-
ғалыссыз кезі бірдей болғанымен,
біреулер тез оқыса, ал біреулер
баяу оқиды. Баланың оқу қарқыны
көру аясының шамасымен, яғни
көздің қозғалыс жылдамдығы және
қозғалыссыз кезіндегі сөздердің
мөлшерін қабылдауымен байла-
нысты болады. Қорытындылай келе:
жылдам оқу дегеніміз – бұл «көру
аясының кеңдігі». Ғалымдардың
зерттеулері
көрсеткендей,
оқу
жылдамдығын арттыру үшін көздің
қозғалыссыз кезеңін азайту және
көздің бір көру фиксацияцында
қабылдайтын
сөздердің
санын
арттыру қажет.
Көру аясын дамытатын құралдар-
дың бірі дидактикалық ойын мате-
риалдары болып табылады, атап
айтқанда, сандық және әріптік
карточкаларды сабақ барысында
пайдалану көзді жаттықтырады.
Олармен жұмыс істеу көп уақытты
қажет етпейді, бірақ жақсы нәтиже
береді. Алдымен балалардың көру
аясын кеңейту үшін Шульте кесте-
лері
пайдаланылады.
Балалар
қызығушылықпен көздерін дағды-
ландырады және оқу техникасының
нәтижелеріде жақсарады.
Кестелермен жұмысты 3 кезеңге
бөлуге болады. Кестелер көлемімен
және сандар, әріптер, суреттер
санымен ерекшеленеді:
1-ші кезеңде көру аясы аздау бо-
лады. Кестелер көлемі 9x9 см. Сандар
мен әріптер саны – 9;
2-ші кезеңде көру аясы ұлғаяды.
Кестелер көлемі 12x12 см. Сандар
мен әріптер саны 16-ға дейін;
3-ші кезеңде көру аясы беттердің
еніне тең болады. Кестелер көлемі
12x12 см. Сандар мен әріптер саны
25-ге дейін.
Әр кезеңде кестелермен белгілі
бір ретпен жұмыс жүргізіледі:
жеңілден күрделіге. Кестелерді оқу
жылдамдығыда әртүрлі болуы тиіс.
Алдымен кестенің мазмұны баяу
оқылады, содан кейін жылдамдығын
арттырады және соңғы нәтижесі –
кесте 3-5 секундта оқылады. Мұғалім
әрбір баланы тексеріп, осыдан кейін
ғана жаңа кестемен жұмыс істеуге
мүмкіндік бере алады.
Кесте бойынша жұмыстың басты
ережесі: көзбен кестені шарламай,
бөлінген квадрат, әріп, шеңберге
немесе белгілі бір бағытқа қарап,
15
оң жағын, сол жағын немесе барлық
айналасын бір мезгілде көруге
тырысу.
Мысалы, 1-ден 10 дейін және 1-ден
20-ға дейін (1-сынып) және 1-ден
25-ке дейін (2-3-сыныптар) (1-кесте).
1-кесте
5
7
3
9
1
8
10
6
4
2
Кестелермен жұмысты күн сайын
әр сабақта сергіту сәтінде жүргізу
қажет. Оқушы кестедегі барлық
белгілерді оқығанша бұл кестемен
жұмыс жүргізіледі.
Көру аясын дамытуда тағыда
бір жаттығулар келтірілген. Тігінен
оқу барысында жоғарыдан төмен
қарай көзбен ғана жылжи отырып,
жанындағы бағанда орналасқан
әріптерді атау керек.
Оқу жылының екінші жартысында
оқушылар бір қарағанда 2-3 сөзді
қамтуға үйренеді, сондықтан оларда
оқу
жылдамдығы
айтарлықтай
ұлғаяды.
Балаларды тігінен оқыту мақ-
сатында «оқу-барлау» жаттығуын
пайдаланады. Бұл жаттығу бойынша
оқушылар мәтінді жылдам қарап,
қойылған сұрақтардың жауабын
табады.
Оқушылар тігінен оқуға ғана
емес, мәтіндегі негізгіні таба білуге
үйренеді.
Жаднама
1. Еріндерің мен тістеріңді қатты
қымқыр.
2. Саусағыңды азат жолдың басы-
на және аяғына қой.
3. Мәтінді жоғарыдан төмен қа-
рап, сұрақтарға жауап тап.
Осы жаттығуды қазақ тілі саба-
ғында пайдалануға болады, мысалы,
«барлаушылар» мәтінде қандай
да бір ережеге арналған сөздерді
табады. Математика сабақтарында
белгілі бір жауаппен есепті табуға
ұсынуға болады.
Бұл жаттығулар таныс емес мәтін-
ді оқу кезінде жасалады, содан
кейін мәтін дауыстап оқылады
және мәнерлеп оқуға, әңгімелеуге
қарапайым жұмыс жасалады.
Осындай жаттығуларды орын-
дауға 5-7 минут жұмсалады. Бұл
жаттығулардың құндылығы оқушы-
лар кейін өз бетінше танысқан мәтінді
дауыстап, мәнерлеп оқи алады.
Дәл осы ұстаным бойынша әліп-
билік карточкалар дайындалады
(2-кесте). Жаттығулар тұрып немесе
отырып орындалады. Оқушылар
қарындашпен
сандар
немесе
әріптерді көрсете отырып, ішінен
санайды.
2 – кесте
ш
қ
х
ч
б
ц
о
ә
ж
х
з
у
ф
р
д
ф
п
и
н
л
м
г
в
с
е
16
3-кесте
де
ит
пу
та
ма
ач
ил
та
ап
пу
яч
см
ти
бю
ва
фы
ва
пр
ол
дж
ук
ке
ро
лд
от
тақырыбына сай өзгертуге болады.
Сөйлемдегі әріп саны өзгермейді.
Көру диктанты.
№1
8 әріп-4 сек.: Күз-диқан.
9 әріп-4 сек.: Ашу-дұшпан.
10 әріп-5 сек.: Білім-теңіз.
11 әріп-5 сек.: Ата-асқар тау.
11 әріп-5 сек.: Білім-сұңқар.
12 әріп-4 сек.: Оқыған-білгір.
Сөйлемдегі сөздердің саны біртін-
деп бір-екі әріпке артады. Барлық
жиынтықтармен жұмыс екі ай шама-
сында жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |