10
Нақты жағдайларда әрбір мектеп
өзінің оқушыларының 4 және 5-ке
оқығандарын қалайды. Сондықтан
бастауышта
оқытудың
соңында
оқушылардың басым бөлігінің оқу
жылдамдығы минутына 120 сөзден
төмен болмауына ұмтылу қажет. Бірақ
бұл жүзеге асатындай ма? Өйткені
әр оқушының темпераменті әртүрлі.
Холериктер, әдетте, минутына 150
сөз қарқынымен сөйлейді және
оқиды екен. Сангвиниктер үшін
бұл минутына 120 сөз. Психология
ҒЗИ-ның деректері бойынша, 90%-
дан астам оқушылар холериктерге
және сангвиниктерге жатады. Флег-
матиктер және меланхоликтер 10-
нан төмен пайызды құрайды, яғни
бір сыныпта 3-4 адам.
Соңғы
жылдары
жүргізілген
эксперименттер жылдам оқу ойлау
үдерістерін белсендендіретінін және
бастауыштан жоғары мектепке дейін
оқытудың әртүрлі деңгейлері үшін оқу
процесін
жетілдіру құралдарының
бірі болып табылатынын көрсетті.
Сонымен, көптеген оқушылар
минутына 120 сөз оқу жылдамдығы
қолжетімді. Онда сұрақ туындайды:
бұл деңгейге қалай өтуге болады.
Біздің балаларға оқу кезіндегі қиын-
дықтарды жеңуге қалай көмектесуге
болады?
Көбінесе осы мәселені қарапайым
жолмен және амал-айласыз шеше
салуға тырысады: көбірек оқу керек
деп санайды. Осылайша бала жылап
отырып, оқып отырған кітабын іштей
жек көре отырып, оқиды. Корневтің
әдістемесін қолдана отырып және
оны әдебиеттік оқу сабақтарында
және әр сабақта бес минуттық оқу
кезінде күрделілігі әртүрлі кестелер
мен толықтыра отырып, оңтайлы
оқу жылдамдығына қол жеткізуге
болады.
Бұл дидактикалық материал оқу-
дағы
қиындықтардың негізгі себеп-
терінің бірін: оқу жылдамдығы
жеткіліксіз
қалыптасуын
жоюға
бағытталған.
Оқу
техникалық
дағдыларды
және оқылғанның мағынасын түсіну
үдерісін қамтитын қиын әрекет
болып табылады. Бұл екі жақ өзара
тығыз байланысты және бір-біріне
өзара әсерін тигізеді.
Оқуға үйретудің неғұрлым тиімді
әдістерін қарастырайық. Оқуға үй-
ретудің басында бала жазылған
сөзді дыбыстауы керек: әріпті танып,
оны дыбыспен сәйкестендіру, бір-
неше әріптерді буынға біріктіру
және бірнеше буындарды сөзге
біріктіру. Бұл техникалық әрекеттер
оқушының бар назарын өзіне
аударады. Оның барлық ақыл-ойы
осы үдеріске бағытталады, бұл ретте
оқылатын мәтінді түсіну қиынға
түседі, оған ақыл-ой күші жетпейді
де. Бірте-бірте техникалық әрекеттер
автоматты түрде іске қосылады да,
бейсанаға кетеді және оқушының
назары мәтіннің мағынасын түсінуге
шоғырланады.
Барлық аталған біліктер уақытын-
да кезең-кезеңімен қалыптастырыла-
ды, олар жеміс сияқты пісіп, жетіледі.
Әрбір кезеңде нақты дағдылар
пайда болады және дамиды. Келесі
кезеңге ағымдағы кезеңнің барлық
біліктері мен дағдыларын меңгерген
соң ғана көшуге болады. Меңгеріп
қана қоймай, олардың автоматты
түрде іске қосылуының белгілі бір
деңгейіне жетуі қажет.
Бірақ әр бала өз дамуында біре-
гей, сондықтан кейбір балаларда
мектептің жоспарлауымен бөлінген
уақыт ішінде ағымдағы кезең жет-
кілікті деңгейде дами алмайды.
Демек, келесі кезеңнің іргетасы
әзірленбеген.
Оқу үшін берілген материал күр-
делене түскен кезде оқушы түсіне
немесе
үйрене
алмағандықтан
11
емес,
үйреніп
үлгермегендіктен
басқалардан артта қала бастайды,
нашар
оқитын топтағы балалардың
қатарына қосылады.
Психологтердің зерттеулері көр-
сеткендей, көбінесе тежелу буын-
дардан сөз құрау мен сөздердің
мағынасын түсіну кезеңінде болады
екен. Сонымен бірге бұл кезең
маңызды болып табылады, себебі
мағыналық түсініп оқу үшін негіз
болады. Бала нысаналы және
дұрыс оқуға қалай үйретуге болады,
мәтіндер түрлерімен жұмыс істеу
дағдысын қалай қалыптастыруға
болады.
Бірінші кезеңде оқытуды тыныс
алу гимнастикасынан бастау керек.
А.Н. Корневтің әдістемесін зерделеп,
оны өз тәжірибесінде қолдануға
болады.
Тыныс алу гимнастикасы және
дауысты
дайындау
Сөйлеу
тыныс алумен тығыз
байланысты. Сөз дем шығару фа-
засында құрылады. Адам үнсіз
тұрғанда және сөйлеу кезінде тыныс
алу айтарлықтай ерекшеленеді.
Дем шығару демді ішке тартудан
әлдеқайда ұзағырақ.
Сонымен қатар, сөйлемей ты-
ныс алу кезіндегіге қарағанда
сөйлеп
тұрғанда
тыныс
алу
қозғалыстарының саны екі есе кем.
Ұзақ дем шығару үшін үлкен ауа қоры
қажет. Сондықтан сөйлеу кезінде
жұтылатын және сыртқа шығатын
ауа көлемі айтарлықтай ұлғаяды.
Сөйлеу кезінде дем алу анағұрлым
қысқа және терең. Сөйлеуде тыныс
алудың тағы бір ерекшелігі –
сөйлеу кезінде дем шығару кезінде
дем шығаратын бұлшық еттердің
(құрсақ қабырғасының және ішкі
қабырға аралық бұлшық еттердің)
белсенді
қатысуымен
жүзеге
асырылады. Бұл оның анағұрлым
жоғары ұзақтығы мен тереңдігін
қамтамасыз етеді, сонымен қатар
ауа ағынының қысымын ұлғайтады.
Онсыз дауыстап сөйлеу мүмкін емес.
Кейбір
балаларда оқу кезінде дұрыс
тыныс алмауы байқалады, олар дем
шығару кезінде емес, дем алу кезінде
оқиды. Оқу қарқыны бұзылады,
сондықтан әріптерді өту кезінде,
әдебиеттік оқу сабақтарында тыныс
алу гимнастикасын жасап тұру
керек. Тыныс алу гимнастикасын әр
сабақтың басында жасату қажет.
Әріптермен таныстыру
Сауат ашудың бірінші кезеңінде
өзінің ашықтығымен, өзгешелігімен
баланы қызықтыратын әріптермен
таныстыру жүргізіледі. Әрбір әріпке
жаңылтпаштар және жұмбақтар,
тақпақтар таңдап алынады.
Оқушы-
ларға кез келген әріптердің тір-
кесіне өздері жаңылтпаш, мысал
ойлап табуды да ұсынуға болады.
Жаңылтпаштарды айтуды уақытты
бақылау арқылы жүргізуге болады.
Алдымен бала жаңылтпашты баяу,
ақырын айтады, содан кейін қалыпты
қарқынмен, содан кейін ғана жылдам
қарқынмен айтады. Оқытудың бұл
кезеңінде әріптермен таныстырып,
сабақтың басында оқу кезінде
шапшаң оқуды дамыту үшін әртүрлі
кестелер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: