ПРАВИЛА ДЛЯ АВТОРОВ 1. Басылымдарға қазақ, орыс және шетел тілдерінде педагогикалық бағытта жазылған мақалалар қабылданады.
Шетел тілінде жазылған мақалаларды жариялау жағдайында, нотариус арқылы расталған, мәтіннің қазақ немесе
орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Қолжазбаны автор мұқият тексеріп, редакциялап шығуы тиіс.
2. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлардың мақалаларына ғылым докторының немесе кандидатының, философияның
PhD докторының рецензиясы қоса берілуі тиіс.
3. Компьютерде терілген қолжазба мақалалар 1 данада, жол аралығы бір интервал, парақтың бір жақ бетіне
басылған, парақтың жол жиегі: сол жағы - 30 мм., оң жағы – 15 мм., үстіңгі және астыңғы жолағы – 20 мм. және
«Windows үшін Word 7,0 (97. 2000)» мәтіндік редакторында электрондық нұсқада қабылданады.
4. Қолжазбаның көлемі (кестелерді, әдебиеттер тізімін, суреттердің жазбаларын, суреттерді қосқанда) 3 беттен
кем болмауы және 10 беттен аспауы тиіс.
5. Суреттер көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс.
6. Мақала қатаң түрде келесі ережелерге сәйкес ресімделуі керек:
- әмбебап ондық жіктеме кестесі бойынша ӘОЖ;
- мақала атауы мақаланың мазмұнын нақты ашуы тиіс және 8-10 сөзден аспауы керек; техникалық параметрлері:
кегль – 14-пункт, қаріп түрі – Times New Roman бас әріппен, қалың шрифтпен, азат жол ортаға дәл келтірілуі тиіс;
- автор(лар)дың аты-жөн(дер)і, сондай-ақ мекемелердің толық атауы келесі техникалық параметрлерге сәйкес
келуі керек: кегль – 14-пункт, қаріп түрі – Arial, азат жол ортаға дәл келтірілуі тиіс;
- аңдатпа кіріспе сөздерді қамтымай, мақаланың басты ақпаратынан түйін беруі тиіс, көлемі 15 қатардан аспауы
керек, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі параметрлерге сәйкес жазылуы қажет: кегль – 12-пункт, қазақ
тілі үшін қаріп түрі – KZ Times New Roman, орыс, ағылшын және неміс тілдері үшін қаріп түрі – Times New Roman,
оң жақ-сол жақ шегінісі – 1 см., жол аралығы бір интервал;
- мақала мәтіні: кегль – 14-пункт, қазақ тіліндегі мақалалар үшін қаріп түрі – KZ Times New Roman. Орыс,
ағылшын және неміс тілдеріндегі мәтіндер үшін қаріп түрі – Times New Roman, жол аралығы бір жарым интервал;
- мақала кіріспеден басталады, онда тақырыптың өзектілігі қысқа, ықшам әрі нақты көрсетіледі, ғылымилығы
(міндеттері) тұжырымдалады;
- мақала негізгі қорытындымен тұжырымдалады, онда кіріспеде қозғалған мәселеге нақты жауап болуы тиіс;
- мақаладағы сілтемелер және/немесе пайдаланылған әдебиеттер 2003 жылғы МЕМСТ 7.1-тармағы бойынша
ресімделуі тиіс. Библиографиялық жазба, библиографиялық сипаты. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережесі
(2003 жылғы МЕМСТ 7.1-тармағы, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес
қабылдаған). Жұмыстардың тізімі оларды мәтінде ескеру тәртібімен ұсынылады. Барлық сілтемелер түпнұсқа
тілінде көрсетіледі (латын қарпін пайдаланбайтын жапон, қытай және басқа тілдердегі атаулар орыс тіліндегі
транскрипциясымен жазылады. Ең алдымен қазақ тіліндегі, содан соң орыс тіліндегі және әліпбилері туыстас
(украин, болгар және т.б.) тілдердің, келесі кезекте латын әліпбиімен берілген еңбектер көрсетіледі. Қолжазбадағы
сілтемелер мен ескертулер реттік нөмірмен белгіленеді және төрт бұрышты жақшаларға алынады;
- мәтіндегі кестелер сілтемелерден соң орналастырылады, мәтінде оларды ескеру тәртібімен нөмірленеді, әр
кестенің өз тақырыбы, атауы болуы тиіс. Диаграммалар мен графиктер кестені қайталамауы тиіс. Кестелердегі
материалдар мәтінге қосымша мәліметсіз түсінікті болуы тиіс.кестеде пайдаланылған барлық қысқартулар кестенің
астында орналастырылған Ескертуде анық берілуі қажет;
- суреттер TIFF (*.TIF) немесе JPG форматында (Word-қа орналастырудың қажеті жоқ) жеке файлмен ұсынылады.
әр суретке мәтінде бір сілтеме болуы тиіс, суреттер реттік нөмірмен белгіленеді, суреттердің астындағы жазбалары
толық ақпаратты қамтуы тиіс;
- қысқартулардың тек жалпы қабылданған нұсқаларына ғана рұқсат етіледі – өлшемдердің, физикалық,
химиялық және математикалық шамалар мен терминдердің және т.б. атаулары;
- Математикалық формулалар Microsoft Equation ретінде терілуі тиіс (әр формула – бір объект).
7. Редакция мақалаға әдеби және стилистикалық өңдеу жүргізбейді. Қолжазба авторларға қайтарылмайды.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес ресімделмеген мақалалар журнал бетіне жарияланбайды.
8. Мақала қолжазбасын және электронды нұсқасын келесі мекенжай бойынша жолдауларыңызға болады:
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор к-сі, 4, «Алтын орда» БО, 15-қабат. Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы.