5
3-5 минут 200-300 сөз 300-400 сөз 150-200 сөз
6-
8
сөйлем
8
-10 сөйлем
6
3-7 минут 300-500 сөз 300-500 сөз 200-250 сөз 8-10 сөйлем
10-12
сөйлем
7
5-9 минут 300-700 сөз 500-700 сөз 250-300 сөз 10-
12
сөйлем
12
-14
сөйлем
8
5-11 минут 500-900 сөз 500-800 сөз 300-350 сөз
1
2-
1
4 сөйлем
14-16
сөйлем
9
5-13 минут
500-1000
сөз
500-900 сөз 350-400 сөз 12-14 сөйлем
14-16
сөйлем
Бүгінгі таңда республикамызда
білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуде.
Бұл педагогика теориясы мен оқу –
тәрбие процесіндегі елеулі өзгеріс-
терге байланысты болып отыр. Білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас
ғылым саласында пайда болуда.
Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты
маман болуы мүмкін емес. Осы
орайда халқымыздың рухани көсемі
Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім
әдісті көп білуге тырысу керек, олар-
ды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе
есебінде қолдану керек» деген
сөзі әр маманның жадында болуы
керек. Жаңа технологияны меңгерту
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіп-
тік, адамгершілік, рухани, азаматтық
және басқа да көптеген адами
қабілеттің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
процесін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Бұл технологияның өзін мұғалім
түрліше іске асыруы мүмкін. Бұл
жерде технологияны жүзеге асыру-
шының – тұлғаның компоненті, бел-
гілі бір ерекшеліктері елеулі түрде
әсер етеді, сонымен бірге оқушы
әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы,
құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Оқыту технологиясын таңдап,
іріктеу- оқушының оқу- танымдық іс-
әрекетін басқаруда негізгі бір буыны.
Қазіргі заманғы оқыту техноло-
гияларын меңгерту – өте күрделі
68
құбылыс. Кейде ол мұғалімнен үй-
реншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды
талап етеді.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі
жаңа технологияларды пайдалану
тәжірибеге еніп нәтижелер беруде.
Технология инновациялық іс-әрекет
арқылы оқытудың жаңа формалары,
амалдарынан іздене отырып, белгілі
бір уақытта нақты, тұжырымды
ғана мақсат қоя отырып, жоғарғы
нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа
педагогикалық технология ұғымы
тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары,
іс-ірекеттерінен ізденуді, яғни білім
мен тәрбие берудегі ғылыми нәти-
жеге қол жеткізуді, жаңа ізденістерін
дұрыс пайдалану, сол арқылы жоғары
көрсеткіштерге жету деген сөз.
Мемлекетіміздің 2030-шы жылға
дейінгі стратегиясы халқымыздың
рухани, ғылыми және шығармашы-
лық қабілеті болған жағдайда ғана
Қазақстанның дамуындағы ұзақ мер-
зімге жекеленген мақсаттарға жетуге
болатындығын анықтап берді.
Білімнің айрықша басымдылық
алуы қазіргі қоғамдық прогрестік
заңдылықтарынан туындайды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына
сай тәрбие мен білім беруде мұға-
лімдердің инновациялық іс-әрекет-
тің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгертуі – маңызды мәселелердің
бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел
дамыған, мәліметтер ағыны күшей-
ген XXI ғасырда жан-жақты дамыған
басты шығармашылық жеке тұлғаны
қалыптастыру – мұғалімнің басты
міндеті болып табылады.
Қазіргі кезде мектептерде жаңа
технологияны пайдаланудың тиімді
жолдарына академик В.И. Монахов-
тың технологиясы, В.К. Дьяшенконың
ұжымдық оқыту әдісі принциптері,
Ж.Қараевтың білім беру жүйесін
ақпараттандыру
технологиясы,
М.Жанпейісованың «Модулдік оқыту
технологиясы» т.б. жатады.
20-кесте
Бұл технологиялар теориялық
тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде
жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оқушы
санасына сәуле беріп түсінік пен
ұлағатты ұғымды қалыптастырады.
Оқу процесінде оқушылардың шы-
ғармашылығын дамытуға қолайлы
жағдай туғызу.
Оқушының
шығармашылығын
дамытуға бағытталған мектеп іс-
әрекетінің құрылымдық жүйесi.
Шығармашылыққа, жаңа, тың
нәрсе жасау тән десек, ертеден
белгілі нәрсені қайталауды немесе
көшіруді шығармашылық деп айтуға
болмайды, бірақ бұрыннан белгілі,
таныс нәрселердің өзінен қандай
да бір ерекшелік табу, оны жаңаша
түрде жасау, ерекше қасиеттерін
табу шығармашылыққа тән құбы-
лыс деп тұжырымдауға болады.
Шығармашылық әрекетке – оқу-
шының проблеманы көре білуі, өз
іс-әрекетінің бағдарламасын жасай
білуі және ойды іске асыру үшін жаңа
идеялар тудыра алуы жатады.
Оқу – адамның психикалық
дамуының формасы, элементі. Кез
келген оқыту белгілі бір мөлшерде
адамды дамытады. «Даму» ұғымы
69
сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, са-
палық өзгерістерге айналуы,» – деп
түсіндіріледі. Оқыту мен дамыту ара-
сында тығыз байланыс бар екенін
психология ғылыми жеткілікті дәре-
жеде дәләлдеп берді деп айтуға бо-
лады.
Жалпы білім беретін орта мек-
тептегі әдеби білім беруде көркем
шығарманы талдау мәселесі әде-би
білім берудің мазмұны мен оның
құрылымына
қарай
күрделеніп
отырады. Атап айтқанда, 10-11
сыныптардағы әдебиет пәні жеке
көркем шығарманы оқып-үйренуге
негізделген әдеби оқу сипатында
болады. Мұнда оқушылардың жас
ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне
орай базалық оқу материалдары
игеріледі,
сосын
олардың
өз
бетінше оқитын туындаларының
тізімі жасалып, ұсынылатын көркем
мәтіннің ауқымы айқындалады.
Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік
мағлұматтары әрі оқырмандық қа-
былдау дәрежесі, тәжірибе өсе түседі.
Оқитын шығармалар қатары енді
ауыз әдебиеті мен отандық және
әлемдік әдебиеттің үздік қорынан не-
ғұрлым күрделірек, тақырыбы мен
жанрлық сипаты жағынан алуан түрлі,
өткір сюжетті, көркемдік мәні жоғары
туындылармен толығады. Олармен
танысу, талдау талқылау барысында
оқушылар әдеби туындыны тұтастай
қабылдау мәдениеті, оқиғалардың
өмірлік мәнін, көркемдік бейнелеу
құралдарын ерекшеліктері мен рө-
лін, атқарып тұрған қызметін ұғыну
дағдылары қалыптасады. Оқушылар-
дың ауызша және жазбаша тілін
дамытып, тіл мәдениетіне жетілдіру-
де, басқа пәндерге қарағанда,
әдебиеттің алатын орны мен рөлі
ерекше. Көркем әдебиет өнерінің
бір саласы сөз өнері болғандықтан,
оның тамаша шығармаларында
әдемі, сұлу, кестелі, өрнекті сөздерді
кездестіреміз.
Мектепте оқылатын барлық оқу
пәндері сияқты әдебиет сабақта-
рында да оқушылардың ауызша
сөйлеу тіліне талаптар қойылады.
Осы талаптарды әдебиет мұғалімі
мүлтіксіз орындап отыруға міндетті.
Ол үшін сабақ үстінде де, сабақтан
тыс уақытта да оқушылардың
ауызша тіліне, сөйлеу салтына үнемі
бақылау жасауы тиіс. Олардың
сөйлеген сөздерін ықылас қойып,
зер сала тыңдап, сөйлеуде логикалық
жағынан сөз қолдану, сөйлем құры-
лысы жөнінен жіберген қателіктері
мен кемшіліктерін мүмкін болғанша
әрдайым түзетіп отырады. Алдағы
уақытта
бұларды
болдырмау,
қайталамау жақтары ескертіледі.
Осымен байланысты мынадай заңды
сұрақ туады: оқушылардың сөйлеу
тілінде жіберген қателіктері мен
кемшіліктерін қай уақытта, қалай
түзетуге болады?
Оқушылардың тілін дамыту, сөй-
леу мәдениетін өрістетіп, жетілдіріп
отыруын көздейтін мектеп көлемін-
де тиісті шаралар белгіленіп жаппай
күрес жүргізіліп отыру қажет. Бұл
жұмысты осылай ұйымдастырмаған
жерде, одан ойдағыдай нәтиже күту,
толық мақсатқа жету неғайбіл бол-
мақшы.
Оқушылардың сөйлеу тіліне қо-
йылатын талаптар:
1) оқушы өзінің айтайын деген ой-
пікірін жүйелі, байланысты түрде ай-
тып, баяндап беруге дағдылануы;
2) сөзінің тартымды, мазмұнды,
дәлелді болуы;
3) әдеби тілдің нормасынан
шығып, ауытқып кетпей, оны сақтап
мәнерлеп сөйлеуге жаттығуы;
4) сөзді дұрыс қолданып, сөйлемді
дұрыс құрай білуге машықтануы.
10-11 сыныптарда оқушылардың
ауызша тілін дамыту жұмыстары:
70
Мәнерлеп оқу. Оқушыларға әдеби
білім мен тәрбие беруде, олардың
көркемдік талғамын дамытып, эсте-
тикалық сезімін оятуда өрісі кең, сер-
піні құдіретті күштің бірі – көркем шы-
ғарманы мәнерлеп, келістіріп, шебер
оқи білу жұмысы болып табылады.
2. Мұғалімнің ауызша немесе жаз-
баша түрде берген сұрақтарына ба-
йыпты, дәл, толық жауап қайтара
білуге дағдыландыру.
3. Оқылған шығарманың сю-
жетін әңгімелеп айтып беру. Бұл жұ-
мыс ауызша мазмұндатудың түрлері
арқылы орындалады, мысалы, толық
түрдегі және қысқаша түрдегі мазмұн-
дама, кейіпкердің өмірбаяны туралы
мазмұндама. Мазмұндаманың бұл
түрлерінің қай-қайсысы да шығар-
маның мазмұнын оқушылардың
қаншалықты ұғып түсінгендігін білу
үшін де, сондай-ақ, олардың ауызша
тілін дамытуға да көмектеседі.
Мазмұндау барысында шығарма
мазмұнды кездесетін архаизм, нео-
логизм, диалектизм, жаргонизм,
вульгаризм, варваризм сияқты сөз
мәніндегі өзгеріс – ерекшеліктерді,
сондай-ақ синоним, омоним, анто-
ним сияқты сөз мағынасындағы
өзгеру-құбылуларды байқап, олар-
дың көркем шығармадағы рөлін
түсініп білуге, орынды жерінде
мазмұндау желісіне кірістіріп айтуға
машықтанады. Осымен қатар шы-
ғармада өз мәнінде және ауыстыру
мағынасында қолданылған сөздер
– троптың түрлері кездеседі. Оқушы
олардың есінде қалғандарын ретті
жерінде қолданып айту арқылы,
олардың шығармада атқарып тұрған
идеялық эстетикалық рөлі мен
көркемдік қызметін аңғарып білетін
болады. Сонымен бірге көркем
мәтінді сөйлемдерінің әр алуан
болып құрылу өрнектері кездеседі,
мысалы, сұрай арнау, жарлай арнау,
зарлай арнау, синтаксистік және
психологиялық
паралеллизмдер,
еспе қайталау, анафора, эфифора,
жай қайталау, элипсис, дамыту, шен-
дестіру, инверсия сияқты фигураның
түрлері. Мәтінді мазмұндау кезінде
орайына қарай осындай сөйлем
үлгілерін оқушы келтіріп айтуға
дағдыланады. Әдебиеттік шығармада
кездесетін, мақал, мәтел, нақыл
сөздерді де өздерінің айтылу орнына
қарай қолдана білуге үйренеді. Маз-
мұндалатын шығармада баяндау,
суреттеу, диалог, манолог, пікірлеу
сияқты текстің түрлері болады. Ауыз-
ша мазмұндау барысында оқушы
бұлардың әрқайсысын өз тұсында
дұрыс айта білуге жаттығады.
Әдеби
шығарманы
ауызша
мазмұндату, әңгімелетіп айттыру
нәтижесінде оқушылар сөз қолдану-
дың, сөйлем құрастырудың әр алуан
үлгі, өрнектерін өз сөздерінде қашан,
қалай қолдана білуге үйренеді. Көр-
кем шығарманы, көркем сөз мәтінін
қалай болмаса солай оқи салмай,
ынта-жігер, зейін қойып, қадағалап
оқуға, оқығаннан ұғып түсінгенін
әртүрлі нұсқада ауызша мазмұндап
айтып беруге дағдыланады. Осылар-
дың бәрі де оқушылардың тіл
қазынасын байытып, сөздік қорын
молайтуға, әдеби тілдің нормасын
сақтап сөйлеуге жаттықтырып, төсел-
діретін әдіс-амалдар, тәсілдер болып
табылады.
4. Әдебиеттік шығарма кейіпкер-
лерінің мінездемесін ауызша баян-
дап айтып беру жұмысы. Оқушы-
лардың тілін дамытудың бір жолы
көркем шығармалардың кейіпкер-
леріне ауызша мінездеме жасат-
тыру арқылы жүргізіледі. Бұл түрде
мінездеме жасауға керекті кейіпкер-
лер эпостық және драмалық шығар-
малардың үлгілерінде молшылық.
Шығарманың кейіпкерлерінен ауыз-
ша және жазбаша түрде мінездеме
беруден көзделетін мақсат – бірінші-
71
ден, олардың қандай кейіптегі адам
образдары екенін танып білу болса,
екіншіден, оқушылардың тілін да-
мыту жұмысы болмақ. Кейіпкердің
бейнесін ашып танытуда, оны қай жа-
ғынан болса да сипаттап көрсеткен
автордың сөзі де, бұл жөніндегі өзге
кейіпкерлердің сөзі де, олардың
оған көзқарасы, қарым-қатынасы, іс-
әрекеттері мен мінез құлқына берген
сыны, бағасы да зор рөл атқарады.
Оқушылар
кейіпкерге
ауызша
мінездеме беруге әзірленгенде, оған
керекті материалдар мен фактілерді
талдауға байланысты шығарманың
мазмұнын ойша теріп, жинақтайды,
ойша жоспарын құрады. Сонан соң
барып мұғалімнің ұйғаруы, рұқсаты
бойынша ауызша мінездеме беруге
кіріседі. Бірақ қалай болғанда да
әдеби қаһарманға жасалатын ауызша
мінездеме, бір жағынан, кейіпкерге
шығарманы оқып үйренудің соңғы,
қорытынды кезеңі ретінде жасала-
тын жазбаша түрдегі мінездемеден
бұрын келіп, оған дайындық сатысы
болса, екінші жағынан оқушылардың
сөйлей білу шеберлігін жетілдіруге
жәрдем етеді.
Мәтіннің мазмұнын ауызша әң-
гімелеп беру. Оқушыларға әдеби-
теориялық білім беруде, ол білімді
сынып жоғарылаған сайын ілгері
дамытып, тереңдетіп күрделендіруде
әдебиет оқулығы маңызды рөл
атқарады. Оқулық – шәкірттердің
екінші ұстазы, білім бұлағы. Ол
оқушыларға әдеби білім, тәрбие бе-
румен бірге, олардың ауызша және
жазбаша тілін дамытудың да құралы.
10-11 сыныптарда оқушылардың
ауызша тілін дамытуға жататын оқу
материалдары – әдеби-көркем шы-
ғармалар, ақын, жазушылардың өмір-
баяндары, әдебиет теориясының мә-
ліметтері.
Міне, оқушылардың ауызша тілін
дамыту үшін осы сияқты оқу мате-
риалдары да пайдаланылады және
жұмыстың бұл түрін атап кету мүм-
кін емес. Өйткені, оқушылардың
әдебиет жөніндегі білімі, шеберлігі,
дағдысы сабақ сайын дерлік есепке
алынып, оған баға қойылып отыра-
ды. Осындай есепке алудың, баға-
лаудың бір жолы оқушылардың оқу-
лықтағы оқу материалынан ұққанын,
түсінгенін ауызша әңгімелеп айтып
беруі арқылы жүргізіледі. Бұл жұ-
мыс мұғалімнің тапсырмасы арқылы
орындалып отырады.
Мұғалімнің сабақ мазмұнын ауыз-
ша баяндап айтып беруі. Әдебиет
пәнін оқыту шеберлігінің бір көріні-
сі – тиісті материалды оқушыларға
әдеби жатық тілмен жеткізе білуінде.
Ол тілге жүйрік, сөзге шешен бо-
луы керек, Оқу материалын баяндап
түсіндіруде сөйлеген сөзі логикалық
жағынан жоспарлы, жүйелі, сатылы,
бір- бірімен байланысты болуы шарт.
Мұғалім оқушыларға білім беріп
іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы
таным міндеттерін түсініп, дағдыны
игереді. Оқыту барысында оқушы-
ларға теориялық білім мен тәр-
бие беру бір-бірімен ұштастырыла
жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын,
оқушылардың білімін кеңейтіп, өз
қабілетін танып білуге үлес қосатын
оқытудың түрі – сыныптан тыс оқу.
Сыныптан тыс оқу мұғалімнің
ұйымдастыру шеберлігімен іске
асады. Сонымен қатар сыныптан
тыс оқу әртүлі жұмыстар арқылы
жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы
оқушылардың бос уақыттарын тиімді
пайдалануға, өз қабілетін танып
білуге, қосымша жұмыс жасауға үйре-
тіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Мектепте
әдебиетті
оқыту
барысында сыныптан тыс жұмыс-
тарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Бағдарламада берілетін арнаулы
сағаттарда мұғалімдер білім негіз-
дерін қалыптастыру жұмыстарымен
72
айналысады. Сөз жоқ, икем – дағ-
дысын дамыту, тәрбиелеу, қабі-
летті, дарынына әсер ету, оны
әрі қарай мәпелеу істері білім
берумен қоса жүреді. Бірақ осы
жұмыстардың
барлығын
сабақ
процесінде жүзеге асыру мүмкін
нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнері-
не тарту, көркем шығармаларға
деген қызығушылығын арттыру,
эстетикалық талғамын, сезімін дамы-
ту сияқты білім мен тәрбие беруде
сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
зор. Ол жұмыстардың қандай түрі
болмасын, оның негізгі мақсаты –
оқушылардың түсінігін арттыру,
халықтың
салтын,
мәдениетін,
өнерін бойына сіңіре отыру рухани
ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп,
бұл – әдебиеттен оқушылардың алған
білімдерін одан әрі тиянақты ету,
дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжі-
рибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз
мағынасын терең ұғынып, сауатты
жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқу нәтижесінде
мектеп бітіруші оқушылар әдебиет
пәнінен шығарма жазуда, ауызша
емтихан
тапсыруда
өздерінің
терең білімділігін, саналылығын
көтереді. Оқушылардың бос уақыт-
тарын пайдалы, тиімді өткізуде,
инабаттылық, имандылық, адамгер-
шілік сияқты биік қасиеттерге бау-
луда, ұлттық өнерді, халық өнерін
қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс
оқудың жас ұрпаққа берері көп.
Оқу тілдік дағды ретінде екі дең-
гейден тұрады: қарқынды деңгей
және мотивациялық – саралау дең-
гейі. Қарқынды деңгейдің негізіне
дағдылар жатады. Оқу дағдысын үш
топқа бөлуге болады:
– сөздер мен сөз тіркестерін тану
және түсіну дағдысы;
– тілдің грамматикалық форма-
ларын, синтактикалық құрылымын
тану, олардың мағынасын айқындау
дағдысы;
– Тілдің графикалық формаларын
айыра білу дағдысы;
Оқу барысында аталған дағдылар
араласып бірге жүреді және бір-
бірімен байланысып жатады, сол
себептен оқу дағдыларын жетік
меңгермей жетістікке жету қиынға
түседі.
Оқу техникасы дегеніміз – тілдің
графикалық символдарының инно-
тациясының, механизмінің, дағды-
ларының жиынтығы. Оқу техникасын
саралау барысында оның кешенді
құрамын анықтауға болады. Олар:
қысымның төмендігі, жоғары бел-
сенділік, артық қимылдың жоқтығы,
үнемшілдік, бірізділік, бірқалыпты
жылдамдық.
Оқу адам тарихында ауызекі
сөлеу тілі дамығаннан кейін оның
негізінде пайда болған. Қазіргі
таңда оқу қарым-қатынастың және
танымның дербес құралы болып
кетті. Оқу процесі анализ, синтез,
қорытынды, болжаудан тұрады. Оқу
процесін көзбен көру, тілдік және
есту аппараттары атқарады.
Оқудың тәрбиелік және білімдар-
лық орны ерекше, ол адамның ой-
өрісінің ұшқыр болуына, әлемге
деген көзқарасының қалыптасуына,
санасын оятуға үлкен ықпал етеді.
Әр адамның жеке тәжірбиесінде
оқу ауызекі сөйлеу тілінен бастау
алады. Мысалы, оқушыға оқу тек
ауызекі сөйлеу тілінің дағдылары
қалыптасқаннан кейін ғана кіріседі.
Сөйлеу және оқу дағдыларын бойына
сіңірген оқушы тілдік материалдың
графикасын меңгереді. Оқу дағдыла-
рын тек бір ғана рет қалыптастыруға
болатынын естен шығармау керек,
сол себепті оқуға үйретудің алғашқы
кезеңдерінің мәні өте зор.
Оқу тілдік іс-әрекеттің дербес
түрі ретінде біз мәтіннен керекті ақ-
паратты алу үшін оқыған жағдайда
73
бола алады. Сол себепті, оқуды тілдік
іс-әрекеттің дербес түрі ретінде
үйретудің мақсаты – оқушыларға
оқу технологияларын қолдана оты-
рып мәтіннен керекті ақпаратты
белгілі бір мәселенің шешімін табуға
жетерліктей етіп алуды үйрету болып
табылады.
Оқу тілдің аралас дағдылары мен
әдеттерін бақылайтын және құрай-
тын құрал ретінде де қарастырыла-
ды. Өйткені, олар:
– оқуды қолдану оқушыға тілдік
материалды меңгеруге және қарқын-
датуға мүмкіндік береді;
– сөз қорын, грамматиканы, ты-
дауды, жазуды, ауызекі сөйлеу тілін
бақылауға арналған коммуникативті
бағыттағы тапсырмалар бағыт –
бағдарлар мен жазба мәтіндерге не-
гізделіп құрастырылады;
– бүкіл тілдік іс-әрекеттер мен дағ-
дыларды қалыптастыратын және
бекітетін жаттығулар мәтінге және
жаттығулар мен тапсырмалардағы
жазбаша мәтінге негізделіп жасала-
ды.
Оқудың жоғарғы сатысында оқу
ақпарат алудың негізгі көздерінің
біріне айналады. Оқушының зейі-
ні ақпаратты өз бетінше алуға
ауысады, бірақ бұл дауыстап оқу
мүлдем жойылады деген сөз емес.
Оқудың жоғары сатысында дауыстап
оқуды логиканы, аргументацияны
қалыптастыруға арнап оқуға болады.
Оқу техникасын бағалаудың төмен-
дегідей түрлері бар:
– оқу жылдамдығы;
– екпін нормаларын сақтау,
мағыналық, логикалық;
– үзілістер нормасын сақтау;
– ырғақтың дұрыс нормаларын
қолдану;
– оқылған мәтінді түсіну.
Оқу техникасын қалыптастыру
барысында мәтіннің фонетикалық
ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.
Дауыстап оқу барысында төмендегі
тәртіпке назар аударған дұрыс:
– дайындықсыз оқу;
– үлгі бойынша оқу;
– үлгісіз оқу;
Дауыстап оқу техникасын дамы-
туға келесі жаттығулар ықпал етеді:
– дыбыстарды атау;
– аталған әріптерді табу;
– бір сөздердегі әріптерді табу;
– сөздегі әріптер мен дыбыстарды
ажырату;
– сөздерді белгілі бір дыбысқа,
әріпке топтау;
– суреттеу – жазу – анықталған бел-
гілеріне байланысты сөздерді оқу.
Сөздердің мағыналық формала-
рын анықтау мынаған саяды:
– бір түбірлі сөздерді табу;
– сын есімнің күшейтпелі шырай-
ын табу, өткен шақта тұрған сөзді
табу және осыған ұқсас жаттығулар.
Ырғақты қалыптастырып бекітуге
арналған жаттығулар:
– диктордан соң оқу;
– мәнерлеп оқу;
– ырғақты сақтай отырып оқу.
Жоғарыда сипатталған жаттығу
түрлері оқу техникасын дамыту
барысында қолданылса нәтижеге
қол жететіні сөзсіз.
Коммуникативті
қажеттіліктер
мен мәтіннің мағынасының түсінілуі
деңгейіне
қарай
төмендегідей
оқу түрлерін қарастыруға болады:
талдамалық; танымдық; ізденушілік;
шолушылық; үйренушілік.
Шет тілінде оқу барысында
нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай
дағдыларды қалыптастыру керек:
– берілген тапсырмаға кедергі кел-
мейтін болса, таныс емес фактілерді
қолданыстан шығару;
– мағыналық ақпаратты анықтау;
– сөздік қолдану;
– мәтінде ұсынылған сілтемелер
мен анықтамаларды қолдана білу;
– мәтінді өзгерту және интерпри-
тация жасау.
74
Егер негізгі ой мәтіннің басында
немесе соңында тұратын болса,
оқушыға мәтіннің мағынасын түсі-
ну, негізгі ойды анықтау оңайға
түседі. Бұл ескерту өз бетімен мәтін
жазғанда да қажет болады. Шығарма
жазу барысында аталған ой негізгі
қажеттіліктің бірі болып табылады,
сол себептен оқушыға шет тіліндегі
мәтіндердің құрылымын түсіндіру
керек.
Мәтіннің құрылымынан басқа
мәтін қандай аймақты қамтитынын,
қандай мәселені қозғайтынын жете
түсіну керек. Мәтіннің тақырыбы ғана
емес, сонымен қоса оның өзектілігі
оқу процесінің қарқындылығын арт-
тыруға үлкен үлес қосады. Мысалы,
жоғары сынып оқушысына қызықты
болған мәтін кіші сынып оқушысын
қызықтырмауы
мүмкін,
ондай
жағдайда оқудың қарқындылығы
төмендейді.
Мәтінмен
жұмыс
барысында
үш кезеңді қарастыруға болады:
мәтінге дейін, мәтінмен жұмыс және
мәтіннен кейінгі жұмыс. Мәтіннен
кейінгі жұмыс егер мәтін тек ақпарат
көзі ғана емес, сонымен қоса ауызекі
тілді және жазуды дамыту құралы
ретінде қарастырылған жағдайда
қолданылады.
Оқу
техникасын
дамытудағы
түпкі мақсат – мәтіннің оқушы
тара-пынан
ынта-жігермен,
өз
еркімен құлшыныспен оқитындай
дең-гейге жеткізілуі. Шет тіліндегі
мәтін оқушының білімдарлық қы-
зығуларын арттыру үшін оқуға
ұсынылатын мәтіндер оқушының
жас ерекшеліктерін, қызығуларын
есепке ала отырып таңдалуы керек,
сол кезде оқу техникасын дамытуға
арналған мақсат-міндеттер нәтиже
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |