Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет28/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Мәнерлеп оқу дегеніміз
– дауыс 
интонациясы арқылы автордың 
ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін 
дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды 
түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне 
оқи білу. Оқушылар шығарманың 
көркемдігін және әсерлілігін мәнер-
леп оқу арқылы байқайды. 
Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр 
мұғалім оқу сабағына жан-жақты 
дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім 
қандай мәселені жете білуі тиіс. 
Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру 
үшін, оқушы шығарманы оқығанда, 
қалай демала білу керек, дауыс 
қалай шығуға тиіс, дикцияны қандай 
болуын мұғалімнің өзі айқын білгені 
жөн. Өйткені, мәнерлеп оқу үшін 
кеуде қуысына толған ауаны орынды 
пайдаланып, дұрыс дем ала білудің 
мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, 
оқу процесінде үнемі дер кезінде 
дем алып, ауаны керегінше жұтып 
отырған оқушы мәнерлеп, дұрыс оқи 
алады.
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқара-
тын – 
интонация. 
Интонация 
дегеніміз – сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің 
ритмі мен үнін, дауыстың бірде 
жоғарылап, бірде төмендеуін білді-
реді. Интонация мына элементтер-
ден тұрады: 
17-кесте
Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз 
екпіні-фразалық екпін, ал ой екпіні-
логикалық екпін. Сөйлемді айтқанда 
я оқығанда, оның ішіндегі cөздер 
интонациясы 
мен 
мағынасына, 
айтылу ырғағына қарай өзара топ-
топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп 
аталады. Синтагмада бір не оданда 
көп сөздер болады.


64
Жазылуы:
Бақыт геометриясы 
«БАҚЫТ деген немене бұл, немене 
екен, немене? 
Мен шықпаған заңғар шың ба, 
мен мінбеген кеме ме?» 
Бәлкім Бақыт байлық па екен 
сараңдықтан бас алған, 
18-кесте
Тармақ 
өз 
ішінде 
бунаққа 
бөлінеді. Ал бунақ дұрыс бөлініп, 
әр бунақта кідіріс жасау, өлеңге 
өзгеше шырай береді. Мәнерлеп 
оқу 
пунктуациялық 
белгілердің 
тек қағазда ғана емес, сөйлеуде 
де өз қызметін атқаруы, дауыс 
ырғағының өз орнымен көтерілуі не 
түсуі, қарқынның жылдамдауы не 
баяулауы, фонетикалық заңдылық-
тардың, орфоэпиялық нормалардың 
және тағы да сол секілді біршама 
заңдардың 
сақталуы 
болып 
табылады. 
Мына төменде ұсынылып отырған 
өлең жолдарын біз тиісті шартты 
белгілер арқылы дыбысталу жағы-
нан да, екпін түсу тұрғысынан да 
жүйеге келтіріп көрдік. 
Жазылуы:
Мен кім? 
Арыстанмын, 
айбатыма 
кім 
шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім 
тұрар? 
Көкте – бұлт, жерде – желмін 
гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім 
сұрар? 
Мағжан Жұмабаев 
Айтылуы:
Жомарттығы өзгелердің ырысы-
нан жасалған. 
Талайларға байлық жинау болса-
дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын 
бермей қасарған.
Мұхтар Шаханов


65
Дәл 
осыны 
жаңылтпаштарға 
қолданып көрсек, айтуға қиын 
жаңылтпаштардың өзі жеңілдейтін 
тәрізді. Жалпы бұл шартты белгілер 
мәнерлі оқуды ғана емес, дұрыс 
айтуды да қамтамасыз етеді. Бұл 
жаңылпаштарды тез және оңай 
жаттаудың әдісі болады. Мұндағы 
шартты белгілердің түсіндірмесі 
мынадай болып келеді: 
Көркем шығарманы мәнерлеп оқу 
үшін, онымен алдын-ала танысып, 
сонан соң оқығанда ғана автордың 
идеясын жеткізе оқып шығуға болады. 
Әсіресе, поэзиялық шығармаларды 
жеткізуде мәнерлеп оқудың маңызы 
зор. Поэзияны құлақпен емес, 
жүрекпен, 
сезіммен 
қабылдау 
керек десек, ол шығармаларды
бала қалай меңгереді, нені сезді, 
неге тебіренеді, қандай көңіл 
күйде болады? Сондықтан мұғалім 
көркем шығарманы алдымен өзі 
оқып шығуы тиіс. Мәнерлеп оқуға 
төселдірудің мақсаты-оқушыларды 
поэзияны сүюге, оның кестелі тілін 
сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала 
білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге 
баулу болып табылады.
Лирика
– дара ойдың нәтижесі, 
ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын 
жүрегінің тереңінен шыққан сезім 


66
сыншысы В.Белинский музыкаға 
балайды әннің әсем сазы тек 
музыкалық аспапта ойнағанда ғана 
немесе керемет әнші шеберлікпен 
төгілте орындағанда ғана адамның 
бүкіл жан дүниесіне әсер етеді.
Мұнда лириканың барлық ырғақ 
сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса 
келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер 
әсері мол болмақ. Лириканы түсініп 
оқытудың негізі біріншіден, ақынның 
сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, 
өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына 
бөлену, туындыға оқушының қызы-
ғушылығын ынта-ықыласын туғызу 
болып табылады. 
Лириканы талдап, танып білуде 
оқытушы көптеген әдіс-тәсілдерді 
пайдаланады. Ең бастысы оқушы-
ның өзіндік іс-әрекетіне, ой пікір 
еркіндігіне жол берген дұрыс. 
Лириканың басты бір ерекшелігі- 
ондағы көркемдік және суреттеу 
құралдарының көп кездесетіні, 
оқушы олардың қалай қолданылып 
тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек. 
Оқушы лириканы қабылдауға әзір 
болуы үшін мәтінмен жүргізілетін 
жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең 
құрылысы туралы теориялық ұғым-
дар оқушылардың жас ерекшелігіне 
байланысты 
беріледі, 
түсініксіз 
сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар 
жасау т.б. Мұғалімнің түсінік сөзі, 
оқушы мен оқытушы арасындағы 
сұрақ – жауап түрінде келуі мүмкін.
Әдебиет – өнер, халықтың сана 
– сезімін, көркемдік ойлау қабілетін 
дамытатын рухани дүние. Әдебиетте 
адамның ілгеріге ұмтылған, жақсы 
өмірді аңсаған асыл арманы, ұшқыр 
қиялы, осы жолдағы күрес-тартысы, 
әр қилы оқиғалар, халқымыздың 
ерлігі мен елдігі, өмірі суреттеледі. 
Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің 
міндеті – оқушылардың санасына 
көркем сөз құдіретін, эстетикалық, 
танымдық тәрбиені сіңіру. 
ой-көрініс екенін аңғарту.
«Лирика – нұрлы ой, ішкі сырлы 
дүние жанры, Лирикадағы бас 
қаһарман ақынның өзі . Лириканың 
күші әсерлілігінде» – (З. Қабдолов). 
«Поэзияда қорытындылау, жинақтау 
мен 
даралау, 
ортақ 
сипаттар 
ұштасып, ұласып жатады. Осы екі 
жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана 
көркем бейне туып, өмірдің көркем 
суреті жасалады» (З.Ахметов) 
Поэзия! 
Менімен егіз бе едің? 
Мен сені, сезесің бе неге іздедім? 
Алауыртқан таңдардан сені іздедім, 
Қарауытқан таулардан сені іздедім. 
(М.Мақатаев) 
Лирикалық шығармаларда эмо-
ция, сезім басым болады. Лирика 
– дара ойдың жемісі, ол шабытты 
жыр. Оқырманның жан дүниесіне 
әсер ете алмаған өлең нағыз өнер 
бола алмайтынын оқушылардың 
түсінуі үшін мұғалім тарапынан 
жүйелі түрде жүргізілетін әртүрлі 
іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы 
ерекше компоненттердің бірі сана-
латын сөз сырын оқушыларға жет-
кізуде оған эстетикалық талдау 
барысындағы әртүрлі дайындық 
жаттығулары керек. Оқушы назарын 
ақын өлеңіндегі эмоциялық және 
логикалық бірлікті тануға, шығар-
маның бөлімі мен бөліктерін бай-
ланыстыра қарап, ақынның айтар 
ойын, мазмұн мен форма бірлігін 
анықтауға аударып отыру керек. 
Сондай-ақ, шығарманың әсем 
сазы, ақынның сөз қолданысы оқу-
шыны ой құшағына бөлейтіндей, 
мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т.б. 
арқылы бар ынта-ықыласын туынды-
ға аудару барысында арнайы әдеби 
тапсырмаларды орындатқан дұрыс. 
Адам сезіміне жүрек дірілі – 
лүпілінің суретін салу тек лириканың 
ғана қолынан келеді. Лирикалық 
туындыны орыс халқының ұлы 


67
Өнердің 
бір 
түрі 
ретінде 
көркем әдебиет оқушының сана- 
сезіміне әсер етуі тұрғысынан зор 
мүмкіндікке ие. Сол себепті әдеби 
шығарманы түсініп оқуға және 
бейнеленген көркемдік шындықты 
тұтас қабылдауға дағдыландыру - 
әдеби білім берудің негізі. Әдебиетті 
оқыту жылдар бойы педагогикалық 
тұрғыдан игерілген және әдебиет-
тану 
ғылымында 
жүйеленген 
дерек – мәліметтерге, эстетикалық-
этикалық, философиялық ұғымдарға 
бағытталды. Ал, 12 жылдық білім беру 
кезеңінде бұл талаптардың тереңдей 
түсетіні сөзсіз. 
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануы-
на, дүниетанымының қалыптасуына 
білім мен білік негіздерін меңгертуіне 
ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын 
құру – білім беру жүйесіндегі өзекті 
мәселенің бірі. Жаңартылған білім 
мазмұнына орай оқу дағдыларына 
қойылатын 
талаптар 
біршама 
өзгерді:
19-кесте
Сынып
Тыңдалым
Оқылым
Жазылым
Айтылым
Тыңдалым 
ұзақтығы
Мәтіндегі 
сөз саны
диалог
монолог


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет