Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет17/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1. Халық саны шамамен 18 миллион адамды құрайтын Қазақстан 1991 жылы 
тәуелсіздігін алғаннан бері өте зор әлеуметтік және экономикалық үдеріс жасады. 
Мұнай және газ, сондай-ақ өзге минералды қорлардың дамуы жетекші рөл атқарған 
2014 жылға дейінгі кезеңде жылдық даму деңгейі 6,6 пайыздық көрсеткішпен 
экономикасы өсті. 2014 жылға дейінгі кезеңде халықтың жан басына шаққандағы 
табысы АҚШ долларымен он есе өсті, ал кедейшілік деңгейі халықтың 4 пайызына 
дейін қысқарған. Елдің жаңа бас қаласы – Астана – миллионнан астам тұрғын 
санымен елдің тақ ортасына салынды. Президент 2050 жыл дегенде Қазақстан 
әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылу керек деген мақсатты алға қойды. Осы 
мақсатта мұнайгаз және таукен салаларымен қатар өзге салалардың дамуына қажет 
ішкі инвестициялардың өсуіне әрекеттесетін тұрақты экономикалық оратын 
қамтамасыз етуге бағытталған айтарлықтай шаралар жүргізілуде. Дегенмен ЖІӨ-нің 
кем дегенде 20 пайызын және экспорттық түсімнің шамамен 60 пайызын құрайтын 
көмірсутек саласы ел экономикасының басым бөлігін алады. Әлемдегі мұнай 
бағасының құбылмалдығы сөзсіз мемлекеттік кірісті болжауды айтарлықтай күрделі 
етіп зор әсерін тигізуде. Бұрынғысынша ауыл шаруашылығымен халықтың 20 
пайызы айналысады, алайда бұл ЖІӨ-нің тек 5 пайызын ғана құрайды.
2. 2014 жылға дейін орын алған мұнай бағасының өсуі кезінде Қазақстанда 
Республиканың Ұлттық (ҚРҰҚ) қорына салынған, сонымен қатар шетелдік 
активтерге айтарлықтай деңгейде инвестицияланған елеулі қаражат жасалған. 
Осының арқасында 2008 жылғы дүниежүзілік қаржы дағдарысының және 2014 
жылғы мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарына қарсы тұру мақсатында 
мемлекеттік шығындарды ұлғайтуға арналған қорлар қолжетімді болды. Алайда 
АҚШ долларына шаққандағы бағамы шамамен 150 теңге деңгейінде сақталып 
тұрған ел валютасы (теңге-KZT) мұнай өндірісі саласындағы құлдыраудан 
туындаған капиталдың елден шығып кетуін тоқтату мақсатында еркін құбылуға 
жіберілуі керек болды; ал 2016 жылдан бері бұл көрсеткіш бір АҚШ долларына 
қатынасы 330 теңге шамасында тұрақталды, ал оның құнсыздануынан туындаған 
инфляция қазіргі кезде шамамен 6 пайызға дейін қысқарған. 2015-2017 жылдар 
арасында Үкімет ҚР ҰҚ-нда жинақталған ресурстарды жартылай қолдану арқылы 
тұрғын үй және инфрақұрылымға қосымша инвестиция салу және екінші реттік банк 
жүйелеріне рекапитализация жүргізу арқылы елеулі көмек көрсетті. Ағындағы орта 
мерзімді бюджеттік жоспарлар болашақ мұнай бағасына қатысты мұқият 
болжамдарға негізделген: егер мұнай бағасы қазіргі (2018 маусым) деңгейінде қалса, 
қолданыстағы жоспарларға сәйкес 2021 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын 
кепілді трансферттің жылдық бекітілген мөлшері жылына 2 триллион теңгемен 
шектелген жағдайда бұл қосымша бюджет артықшылығының жинақталуына алып 
келуге тиісті.
3. Осы бағалау 2018 жылдың наурыз айында басталған. Әдіснамаге сәйкес МҚБ 
деректерінің үшжылдық мерзім, оның ішінде 2017 жылы соңғы қорытындылаушы 
қаржы жылы болып табылатын кезеңдік статистика бойынша орындаушылық 
деңгейі есептеліп шығарылатын жағдайда, бағаланушы кезең 2015-2017 жылдарды 
қамтиды. Әкімшілік рәсімдер мен қолданыстағы тәжірибе 2018 жылдың екінші 
тоқсанында әрекет етуші рәсімдер мен тәжіриелерге негізделе бағаланылады. 
Аталмыш бағалау шығындардың 40 пайызы қамтылатын жергілікті атқарушы 
органдар және МШҚЕ сыншарттарына сәйкес талап етілетін дәрежеде ғана 
қарастырылатын мемлекеттік корпорацияларды қамти отырып, Үкіметтің 
Республикалық бюджетіне (РБ) негізделген. Бағалау жұмыстары, соңғы жылдары 



орын алып жатқан жылдам өзгерісті және құбылмалы жкономикалық жағдайларды 
ескере отырып, Үкімет алдына қойылған дамудың өршіл мақсаттарының ізіне түсе 
мемлекттік қызметтерді жоспарлаудың үзіліссіз үрдісіне өз үлесін қосады, сонымен 
бірге Дүниежүзілік Банктің (ДБ) 2017 жылғы «Мемлекеттік қаржыға шолу» есебіне 
толықтыру болады деп күтілуде. Бағалауды сонымен қатар МШҚЕ бағалауы 
алдында ғана бастамашылық етілген ЭЫДҰ – ның «ҚР бюджет жүйесіне шолу» 
бағалау еңбегімен қатар қарастыру қажет болып табылады. 
4. МШҚЕ бағалауы экономикалық тұрғыдан күрделі кезеңде үкіметтің қаржы 
саласына қолдау көрсете алатындығын, сонымен бірге салық жүйесі, қаржылық 
бақылау, төлемдер және есептілік жүйелердің барлығы тиімді жұмыс істеп 
жатқандығын көрсетеді. Инвестициялық жоспарлау орталықтандырылған пәрменді 
басқарылым астында әрекет етеді, бұған 2000 жылдан бастап қол жеткізілген 
қалалар мен инфрақұрылымдардың дамуы кепіл болады. Алайда, ДБ шолуы 
көрсеткендей ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың үлесі, денсаулық сақтау және 
білім беру салаларындағы қызметтерді жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер қалдыра 
отырып, ЭЫДҰ орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен болып табылады. 
Ресурстарды стратегиялық тұрғыдан артығырақ үйлестіруге үлесін қоса отырып, 
стратегиялық жоспарлау кез-келген деңгейдегі үкіметтік органдарда сәтті жүргізілді, 
демек алға қойылған міндеттері мен жұмыс нәтижелері толығырақ түсінідірілу 
арқылы саяси құралдар және стратегиялық мақсаттар арасындағы байланысты 
көрсетуде терең айқындылық қажет. Орта мерзімді бюджеттік бағдарламалар тек 
алдағы үш жылды қамтиды, ал аталмыш шектен әрі қарай үкіметтің активтері мен 
міндеттемелерін ескере отырып бюджет тұрақтылығын қандай жолмен сақтау ерек 
екендігі көрсетілген бағыттамалар жоқ.
5. Президент бастапқы шаралар ретінде белгілеген мемлекеттік қызметтердің барлық 
түрін жүзеге асыру барысында ақпараттық технологияларды қолдануды күшейту 
үшін Қазақстан көп күшін жұмсауда. Сонымен бірге ел мемлекеттік және 
корпоративтік салаларда жоғарғы қаржы есептілігіне қол жеткізуге тырысады. 
Экономикалық даму мемлекеттік мұнайгаз кәсіпорындарының қызметтеріне 
негізделгендіктен экономикалық белсенділіктің ауқымды үлесі мемлекеттік 
қызметтің, атап айтқанда, бірақ тек қана олармен шектелмей, үш мемлекеттік 
холдинг жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Өнеркәсіптік экспансияны 
қаржыландыруды және тұрғын үймен қамтуды саласында үкімет атынан қолдау 
көрсетуде айрықша маңызды рөл атқарушы «Бәйтерек» Холдингісі болып табылады, 
оның қаржы қызметі толыққагды дерлік республикалық бюджеттен тыс жүзеге 
асырылады. Корпоративтік құрылымдарды пайдалану әдетте өзге құзырлыда тікелей 
министрлер немесе мемлекеттік мекемелер арқылы жүргізілетін немесе толығымен 
жекеменшік салаға тапсырылатын мемлекеттік қызметтің көптеген салаларында 
кеңейтілген. Осы Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (РМК) бұқаралық 
есептілігі жеке компаниялардың үкіметтің ғаламтор парақшасында берген есептері 
шеңберінен шықпайды.
6. Үкімет шараларының ашықтығын қамтамасыз етудің өзге шектеулері де бар. 
Парламентке тапсырылатын бюджеттік ұсыныстары бар құжаттамалардың басым 
бөлігі кең бұқараға қолжетімді емес, тек бюджетті жүзеге асырудың сыртқы аудиті 
туралы қысқаша есеп ғана жарияланады. Белгілі бір мемлекеттік сатып алулар 
туралы ақпарат беріледі, алайда онда сатып алулар жөнінде жалпы сипаттамасының 
біріктірілген түсінігі болмайды. ЭЫДҰ кіретін елдірдің көбісінде болатын жағдай,
саясатты әзірлеу және оны түсіндіру арқылы параламентпен және кең бұқарамен 


xi 
серіктестікте болу емес, тек халықаралық стандарттарды ресми сақтауға ерекше 
көңіл бөлінеді.
7. Жақында болған конституциялық реформа президенттік биліктің көлемін 
қысқартты. Парламент қазір Үкіметті тағайындауда маңызды рөл атқарады, ал Есеп 
комитеті (ЕК - елдің жоғары қаржы бақылау органы) енді Парламент алдында, 
сондай-ақ ел Президентінің алдында есеп береді. Әрбір министрлік саясатты 
қалыптастыру кезінде қоғаммен кеңес өткізу үшін қоғамдық кеңестер құрды. 
Алайда, бұл өзгерістердің ықпалы ЕК-нің Үкімет белгілейтін ресурстарының 
шекараларының тарлығымен және қоғамдық кеңестерде мүшелікті қамтамасыз етуде 
экономикалық және фискалдық саясаттың ашықтығымен айналысатын ҮЕҰ-дың 
алдынан шығатын қиындықтармен шектеледі. 
8. Мемлекеттік қаржының ашықтығы мен ол бойынша есеп беруді арттыру үшін 
бұрынғыдай елеулі мүмкіндіктер болса да, бұл салаларда 2009 жылы өткізілген 
алдыңғы PEFA бағалауымен салыстырғанда айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. 
Нәтижеге бағдарланған стратегиялық жоспарлау мен бюджет жасау әзірленді және 
мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау жүйелендірілді. Қаржылық есептілік 
әзірленді, ал ішкі қаржылық бақылау және ішкі және сыртқы аудит бойынша 
міндеттер қайта бөлінді және енді халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. 
Президенттің 2013 жылы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа 
бюджет саясатының тұжырымдамасы бюджетті теңгерім жасау және оның тиімділігі 
үшін негіз жасау, ал одан әрі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 
2020 жылға дейінгі саясат бағыттарын айқындады. Тұжырымдамада МҚБ 
реформалау жөніндегі нақты шаралар қамтылмауына қарамастан, қазіргі уақытта 
МҚБ жақсартуға ықпал ететін бірқатар бастамалар іске асырылуда. 2018 жылы 
қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексін қабылдау нәтижесінде, сондай-ақ 2020 
жылы резиденттердің кірістері мен активтерін жалпыға бірдей декларациялауды іске 
қосу жолымен салықтардың жиналу тиімділігін арттыру есебінен кіріс бөлігін 
ұлғайту жоспарлануда, бұл ресми емес экономика көлемін қысқартуға алып келеді. 
Қазір орталық және өңірлік деңгейлерде пилоттық жоба жүргізіліп жатқан 
мемлекеттік қызметке ақы төлеудің жаңа жүйесі сыйақыны нәтижелерге байланысты
беру есебінен тиімділікті арттыруы тиіс. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (МҚІСҚА) бұл жүйені министрліктер мен 
мемлекеттік қызметшілер деңгейінде қолдануды көздейді: қызметкерлерге сыйақы 
төлеуге арналған министрлік бюджетінің жалпы көлемі тиімділіктің нысаналы 
көрсеткіштеріне қол жеткізуге байланысты болады. 
9. Үкіметтің барлық деңгейлерінде басшылыққа көмек ретінде 2017 жылы алғаш рет 
енгізілген және халықаралық тәжірибеге сәйкес қызметтер көрсету жүйелерін 
жетілдіруге бағытталған ішкі аудит те министрліктердің функцияларын орындау 
кезінде жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Есептеулер негізінде жүргізіліп 
жатқан Үкіметтің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне көшу процесі әртүрлі 
элементтерді, яғни орталық және жергілікті және атқарушы органдарды, РМК мен 
мемлекеттік кәсіпорындарды (атап айтқанда, "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" 
ұлттық басқарушы холдингтері) шоғырландыру ашық түрде жүзеге асырылған 
жағдайда мемлекеттік операциялардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға 
мүмкіндік береді. 
10. Төмендегі А кестесінде тиімділік көрсеткіштері мен параметрлердің әрқайсысы 
үшін бағалар келтірілген. "М1" әдісімен бағаланатын көрсеткіштер бойынша кез - 
келген параметрдің ең төменгі бағасы алынады ("әлсіз буын" әдісі), бұл ретте басқа 


xii 
параметр (лер) жоғары бағаланса, онда +беріледі. M2 белгісі бар көрсеткіштер үшін 
PEFA анықтамалығындағы кестеге сәйкес орташаланған баға есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет