Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ ҰЛТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет39/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

3 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ ҰЛТТЫҚ 
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ
-
 ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
3.1 Ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбие беру жүйесінің 
мазмұндық қамтылуы
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу 
саласының түбегейлі жаңаруы қоғамдағы ірі өзгерістермен бірге, ұлттық 
сананы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді, халықтық қадір-қасиетімізді, 
психологиялық табиғи белгілерімізді жандандыру мен жаңартуымызға 
елеулі септігін тигізіп отыр.
 
Мемлекеттің одан ары өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын 
демократиялық қоғамды құратын парасатты және бiлiмдi тұлғаны 
дайындауда ұлттық тәрбиенiң атқаратын маңызы зор. Озық жетiстiктерге 
негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына 
сiңiрген ұрпақ қана ұлт тағдырын терең таразылап, болашағын барынша 
болжайтын қоғам сұраныстарына жауап беретін әлеуметтенген ұлттық 
тұлға ретiнде танылады. Бұл тұрғыда ұрпақтың ұлттық тәрбиесін жаһандық 
деңгейде таныта білу, оны еркін насихатау қажеттілігі туындайды. 
Тәрбие мазмұнына орыс ғалымы И.П.Подласый тәрбиенің мақсаты 
мен міндеттеріне сәйкес қалыптасатын тәрбиеленушілердің білім жүйесін, 
сенімдерін, қасиеттері мен тұрақты мінез-құлық дағдыларын жатқызады 
[273]. 
Тәрбие мазмұнын анықтауда этнопедагогиканың құрамдас бөлігі 
болып саналатын этнографиялық білімдер жүйесі (ұлттық тұрмыс-
тіршілікке байланысты); ұлттық философиядан -дүниетанымдық көзқарас 
қалыптастыруға бағытталған білімдер жүйесі, діни наным-сенімдер, ырым-
жоралғылар, күнтізбек; этнопсихологиядан-тәрбие мазмұнына қатысты 
ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру міндеттерін 
зерделеп, ұлттық тәрбиенің негізгі мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді. 
Этномәдениет негізінде ұлттық тәрбиенің мазмұнын құруда 
құндылықтар жүйесі алынады (ұлттық мейрамдар, діни құндылықтар
дәстүр, салт, әдет ғұрып), солардың негізінде этноәлеуметтік рольдер 
жүйесі ұсынылған. 
Тәрбиенің келелі мәселелері бойынша зерттеулер жасап жүрген 
авторлар жалпы азаматтық құндылықтар, тұлғаны қалыптастырудың негізі 
деп қарайды. Олардың пікірінде, құндылық - қоршаған дүниедегі 
объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін 
маңызын, қоғамдық өмір мен табиғаттағы дұрыс немесе бұрыс мәнін 
түсіну, салыстыру және бағалау. 
Әрине, адам өзін қоршаған дүние заттарымен қарым-қатынас жасау 
арқылы оның ерекшеліктерін танып, соған сәйкес өзін дамытады. Ал 
мұның дұрыс бағыт алуы тікелей ұлттық тәрбиеге байланысты және оны 


жалпы әлемдік кұндылық деңгейіне көтеру; барынша жетілген, адамзаттық 
идеалды құру; жоғары және тұтас мәнді мәдени мұраны кіріктіруден пайда 
болған адами мұраттарды жасау міндетіміз. 
Аталған құндылық бағдар ұлттық тәрбиенің негізгі мазмұнын 
анықтауда басшылыққа алынып, ұлттық тәрбиенің бағыт-бағдарлары 
анықталған, олар «халықтық білім» жүйесінен, этноәлеуметтік рольдер 
жүйесінен көрініс табуда. Ұлттық тәрбиенің жанды салаларының бірі - 
рухани адамгершілік тәрбиесі - күні кешеге дейін сыңаржақты қаралып келді. 
Рухани құндылықтар қатарына діни қағидалар мен озық діни дәстүр, 
салттарды енгізбейінше, жан-жақты дамыған, рухани жан-дүниесі бай 
азамат қалыптастыру мүмкін емес. Мұндай көзқарасқа келуге көп 
жағдайда мұрындық болып отырған қоғамдағы соңғы жылдары болып 
жатқан рухани өзгерістер, жалпы дінге деген көзқарастың өзгеруі. 
Орыс ғалымы Л.И.Федоровтың анықтамасы бойынша, тәрбие 
үрдісінің мазмұны - қоғамдағы белгілі құндылықтар жүйесі негізінде 
тұлғаның азаматтық функцияларын атқаруға қажет іріктелген білімдер, 
икем-дағдылар және сапалар жүйесі [274]. 
Тәрбие мазмұнын анықтауда ғылымда бірнеше көзқарастар, әдіс-
тәсілдер жиынтығы қалыптасқан, олар тәрбие мазмұнын бірнеше тұрғыдан 
қарастыруға мүмкіндік береді: тәрбие мазмұны - қатынастар жүйесі (өзіне, 
адамға, табиғатқа, сұлулыққа, Отанға); тәрбие мазмұны - қоғамдық 
тәжірибе (адамның дене-тәндік даму тәжірибесі, өмірге эстетикалық 
қатынас тәжірибесі, танымдық тәжірибесі, адамгершілік қатынас 
тәжірибесі, т.с.с); тәрбие мазмұны - тәрбиенің негізгі бағыттары (дене 
тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, еңбек тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, рухани-
адамгершілік тәрбиесі, т.б.); тәрбие мазмұны - білім, білік дағдылар
қатынастар, ұжымдық шығармашылық әрекет жиынтығы. 
Біздің ғылыми зерттеулеріміздің өзектілігі ұлттық тәрбие 
мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастырумен қатар, оны 
толықтай ашатын мазмұныдық көздеріне талдау жасау бағыттарын да 
қамтыды. 
Ұлттық тәрбие берудің жүйелік көздерін біз зерттеу барысында 
төмендегідей бағыттарға бөліп қарастыруды жөн көрдік: 
- ұлттық тәрбие берудегі әдет-ғұрып және салт-дәстүрлердің рухани 
мазмұндық бағыттылығы; 
- ұлттық тәрбие берудегі жазба әдеби туындылардың тәлімдік 
мазмұндылығы; 
- ұлттық тәрбие берудегі мәдениет, өнер, этнологияның тағылымдық 
мазмұны; 
- ұлттық тәрбие берудегі тарихи тұғырлы идеялар мазмұны. 


Бүкіл адамзаттың рухын биікке көтерер, асқақтатар ұлттық мінез, 
қасиет қана өміршең. Осындай қасиеттер кез келген ұлттың мерейін өсіріп, 
абыройын көтереді. Мысалы, жапондықтар өзінің ұлттық мүддесін 
таңғажайып үндестікпен сақтап, бабаларына үлгі көрсетеді, сыртқы ел-
жұртпен байланысындағы ізеттілік, мәдениеттілік, іскерліктерінде 
басқаларға еліктеушіліктің ізі жоқ. Ғылым мен техникаларындағы таңдай 
қақтырарлық табыстары ұлттық болмыс бітім тұтастай сақталуынан болуы 
керек. Өйткені, рухани қуаты дамыған халықты әлдеқандай жат қылық 
әрекеттер билеп алуы мүмкін емес, қандай кесел, дерт болмасын, сол 
рухани қуат жұқтырмай жойып жібереді. 
Адам мен табиғаттың кілті біреу, ол – сананың жетілуі. Бұған жете 
алғандар жапондықтар сияқты, он сегіз мың ғаламның сырынан азықтанып, 
гүлденеді, мәңгілік өркендеудің жолын іздейді. Осы ойды ғұлама Әбу 
Насыр әл-Фараби былай тұжырымдайды: «Біз, мемлекет өркендеуі үшін, 
оның қалыптасуы үшін, өз халқымыздың тектілігін, тайсалмас 
қайсарлығын, айбаттылығын сақтау үшін халқымызға тән мейірімділікті, 
кеңпейілділікті, соның ішінде ең биігі - әділеттілікті сақтай білуіміз керек. 
Біз сонда ғана білікті мемлекет құра аламыз» [115, 30б.]. 
Ал ғұлама түрколог, ХІХ ғасырдағы қоғам қайраткерлерінің бірі, 
неміс ғалымы Бартольд «Түрік тектес халықтар» атты еңбегінде былай 
деген: «Мен танитын халықтың кереметтігі сол: жер көлемінің кеңдігіне 
қарай көңілі де кең халық. Кеңдік бұл халықта туған топырағы мен тегінің 
шыққан шыңырауында жатыр». 
Қазақ ұлтының басты тарихи жетістіктерінің бірі – тіл, екіншісі – 
біртұтас қазақ халқының өзіндік салт-санасы, дәстүрі, мінез-құлқы, 
үшіншісі – атамекен, ата тегімізді сақтап, қастерлеу. Әрбір халық туған 
жер, атамекен жұртындағы асыл мұраны белгілі себептерге байланысты, не 
тарихи оқиғаларға орай бір рет дүниеге әкеледі де, оны ұрпағына 
мәңгілікке қалдырады: олар ұрпақ ауысып, жаңа буын, жас ұрпақ өмірге 
келгенде дәстүрлі жалғастық туып, халықтың тарихи жадында мәңгі өмір 
сүре береді. Ал осы жалғастық бұзылса, оның өтеуі жоқ, ол қайта айналып 
келмейді, жоғалады. Оның күнделікті қоғамдық тұрмысқа енуі, жастар 
бойында қалыптасуы өмір заңымен жаңарып алмасып отыратын ұрпақтар 
дүниетанымының, яғни халықтың тарихи дамуының дәстүрлі жалғастығын 
тудырып, әрі қарай дамытады. Ол келе-келе адамзат санасының өткен 
тарихы мен бүгінгі сапалық жетістіктерін тарихи түрде ұштастырып
халықтың тарихи зердесі рухани жағынан қорланып, прогрессивті құбылыс 
атаулының басты да шешуші тірегіне айналады. 
Осы орайда ұлттық тәрбиенің соңғы кезде ғылыми түрде зерттеліп, 
теориялық тұрғыда сұрыптала бастауы өмір қажеттілігі екені сөзсіз. Бұрын 
тәрбиенің ең бір алтын қазыналы дүниелерін салт-дәстүр, әдет-ғұрып деп 


жөн-жосықсыз бірге қосып, бір түсінікке айналдырып келдік. Салт пен 
дәстүрдің, әдет пен ғұрыптың, тіпті мінез бен құлықтың бір-біріне 
ұқсамайтын өзгеше әлемі, өз нысанасы, өз мақсаты мен мазмұны барын 
біліп қана қоймай, оны саралап, ұғынып, өмірге енгізуге талпыну қажет. 
Кез келген жас ұрпақ адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі 
мәдениеттілігі болса, оны игеруге өмір бойы алатын білім жүйесін 
толықтырып отыруға міндетті болуы керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан 
мәдениеттілік, яғни ұлтымыздың бойындағы кішіге ізеттілік, үлкенді 
сыйлау, өз орнын біліп, адаммен қарым-қатынас жасауы, байыпты сөзі, 
биязы мінезі, салмақтылығы мен сабырлығы, адаммен тіл табысуы, өзін-өзі 
ұстай білуі, әсемдік пен ізгілікке ұмтылуы да білім беру мазмұнында 
көрініс беруін басты мақсат етіп алуымыз қажет. 
Ұлттық тәрбие берудің мазмұны, жан-жақты әдіс-тәсілдері ауыз 
әдебиетінің барлық жанрларында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет