4
1 – ТАҚЫРЫП
КІРІСПЕ. ӚЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАР
Дәріс жоспары:
1.1. Өзара ауыстырымдылықтың даму тарихы және басқа пәндермен
байланысы. Бұйымның сапасы.
1.2. Өзара ауыстырымдылық, өлшемдер, ауытқулар және олардың
түрлері
1.3. Шақтама және қондырма. Қондырманың түрлерi.
1.4. Шақтамалар мен қондырмалар жүйесі ұғымы
1.1 Ӛзара ауыстырымдылықтың даму тарихы және басқа пәндермен
байланысы. Бұйымның сапасы
XX ғасырдың 20-шы жылдары ӛндіріс дами бастаған кезде жҧмысшылар
жабдықтардың әртҥрлілігіне байланысты қиындықтарға тап болды. Себебі,
шығарылатын бҧйымдардың пішіні мен ӛлшемдері
сол мекемедегі
конструкторлардың қойған шамалары бойынша шығарылды. Шығарылған
бҧйымдардың тетікбӛлшектері басқа мекемеде шығарылған дәл сондай
бҧйымның тетікбӛлшектеріне сәйкес келмеді. Сондықтан бҧйымдарды бір
жҥйеге келтіріп, стандарттау мәселесі ӛте ӛзекті болды.
1924 жылы КСРО Ҥкіметінің шешімімен ӛндірістік стандарттау бюросы
қҧрылып, ал 1925ж. 15 қыркҥйегінде ол Стандарттау Комитетіне айналды.
Осыдан бастап барлық мекемеге міндетті Жалпы Одақтық стандарттар (ОСТ)
шығарыла бастады (ОСТ 1968ж. бастап салалық стандарт деп аталды).
1926ж. бастап Кеңестер Одағы стандарттаумен айналысатын Халықаралық
ассамблея (ISA) жҧмыстарына қатыса бастады (ISA 1946ж. – Стандартау
жӛніндегі халықаралық ҧйым (ISO) болып ӛзгерді).
1940 жылдан бастап Жалпы Одақтық
стандарт ОСТ - Мемлекеттік
стандарт ГОСТ болып ӛзгерді.
1954ж. Стандарттар, шамалар және ӛлшеу қҧралдары Комитеті
ҧйымдастырылды, ал 1970ж. 10 қарашада Мемлекеттік стандарттар Комитеті
болып ӛзгертілді.
Бҧйымның, соның ішінде машиналардың сапасын жҥйелі тҥрде жақсартуға
ӛте
жоғары мән беріледі, себебі бҧйымның сапасын арттыру материалдық
ресурстарды ҥнемдейді, ӛндірістің тиімділігін арттырады.
Бұйымның сапасы
– қолданылуына байланысты белгілі бір қажеттілікті
қанағаттыратын бҧйымның біріккен қасиеті.
Стандарттау мен бҧйымның сапасын басқаруда қоланылатын сапаның
сандық мәнін бағалайтын әдістерді біріктіретін шешімдерді дәлелдеу ҥшін
қоланылатын ғылыми саланы
квалиметрия
деп атайды.
Машина жасау ӛндірісін дамыту ӛзара
ауыстырымдылық теориясы
негізінде прогрессивті әдістер мен қҧралдарды енгізу және бақылау арқылы
жҥзеге асады.
Қазіргі кезде ӛзара ауыстырымдылық тек қана бір бҧйымды жасауда ғана
емес, ол бҥкіл машинаны конструкциялау, ӛндіру, жӛндеу,
бақылау және
қолдану принциптерімен байланысты.
5
Арнаулы
мекемелерде
шығарылатын
бірдей
бҧйымдар
мен
тетікбӛлшектердің сапасын арттыру ҥшін бҧйымның жасалу
дәлдігіне, бетінің
сапасына және басқа да параметрлеріне қойылатын талаптарды заңдастыру
ҥшін
стандарттау пәні
дамыды.
Тетікбӛлшектердің ӛзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету ҥшін
олардың ӛңдеу дәлдігін арттыру керек. Ал ӛңдеу дәлдігін арттыру ҥшін оларды
ӛңдейтін жабдықтар мен бейімді қҧралдардың дәлдігіне, технологиялық
ҥрдістер дәлдігіне қойылатын талаптарды арттыру қажет. Сонымен бірге
оларды бақылайтын аспаптар мен қҧралдардың дәлдігін арттыру қажет. Сӛйтіп,
метрология
ғылымы дамыды.
Машиналарды және олардың бӛлшектерiн белгiлi бiр дәлдiктi сақтап
жасайды.
Дәлдiк
деп дайын тетiкбӛлшек ӛлшемдерiнiң
оның сызбаларында
кӛрсетiлген ӛлшемдерiне жақындығын айтады. Аталған ӛлшемдер бiр-бiрiне
жақын болған сайын дәлдiк жоғары болады.
Тетiкбӛлшектердi бiр-бiрiмен бiрiктiргенде ӛзара жанасатын беттер дәлдiгi
жағынан ҧқыптылықты талап етедi, ал жанаспайтын беттерге аса жоғары
дәлдiктiң керегi жоқ.
Машинаның бiр тетiкбӛлшегi
тозса немесе сынып қалса, оны дәл сондай
тетiкбӛлшекпен алмастырады, ал жаңа тетiкбӛлшек бҧрынғының орнына дәл
келедi. Осындай бiр-бiрiне пара-пар тетiкбӛлшектердi, қҧрастырылған
бҧйымдарды жасап, кең тҥрде пайдалануда ӛзара
ауыстырымдылық
принциптерiн сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: