2- дәріс. Тақырыбы:«Тапсырма әзірлеу кезеңдері. Бағалау критерийлері. Ойлау дағдыларының деңгейлері. Дескрипторлар» (слайд 1)


Слайд 8-9 Мына екі слайдта ағылшын тілі пәннен мысалдар келтірлген.  Слайд 10



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі194,59 Kb.
#121754
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 2. Тапсырма әзірлеу кезеңдері.Бағалау критерийлері. Ойлау дағдыларының деңгейлері . Дескрипторлар

Слайд 8-9
Мына екі слайдта ағылшын тілі пәннен мысалдар келтірлген. 
Слайд 10 
Танымдық процесс «Білім» деңгейінде «Оқушы ақпаратты есіне түсіре ала ма?» деген 
сұраққа жауап береді. 
Мысалы,
тізім құру; терминдерді, оқиға мерзімдерін, формулаларды 
анықтау; ұғымдарды атау; тізімді белгілеу, теореманы айту. 
«Түсіну» деңгейінде «Оқушы идея мен мазмұнды түсіндіре ала ма?» деген сұраққа 
жауап береді. 
Мысалы,
ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды қорытындылау
әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды, сипаттамаларды салыстыру. 
«Қолдану» деңгейінде «Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда 
қолдана ала ма?» деген сұраққа жауап береді.
Мысалы,
қағидатты қолдану; 
процедураларды орындау немесе енгізу. 
Танымдық процесс «Талдау» деңгейінде «Оқушы берілген көлемді ақпаратты 
бөліктерге жіктеп, олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен 
байланысын анықтай ала ма?» деген сұраққа жауап береді.
Мысалы,
реттілігін зерттеу, 
нәтижені болжау. 
«Бағалау» деңгейінде «Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?» деген 
сұраққа жауап береді. 
Мысалы,
өз таңдауын, жасаған қорытындысын сипаттау; бағаны, 
әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін, ерекшесін таңдау. 
«Жинақтау» деңгейінде «Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім 
ұсына ала ма?» деген сұраққа жауап береді. 
Мысалы, 
зерттеу жұмысын немесе жаңа идея, 
теория әзірлеу; жаңа мүмкіндіктер ұсыну; тың идеялар ойлап шығару. 
Бұл оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижені қалай жоспарлауға және оған сәйкес 
бағалауды қалай жүргізуге болатынын көрсетеді. Оқу мақсаттары мен бағалау түрі Блум 
таксонмиясының бірнеше деңгейін қамтуы мүмкін. Бұл оқу мақсаттарының бірнеше 
танымдық деңгейге қатысты болуымен байланысты және бағалау процесі де соған сәйкес 
жүреді. 
Слайд 11-12 


Келесі екі слайдтарда ағылшын тілі мазмұнында жүзеге асырылғанын көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет