Байланысты: Дәріс 2. Тапсырма әзірлеу кезеңдері.Бағалау критерийлері. Ойлау дағдыларының деңгейлері . Дескрипторлар
Слайд 26 Тапсырма әзірлеудің 5 кезеңінде әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырылады.
Слайд 27 Дескриптор дегеніміз не және оны әзірлеу барысында нені ескеру керек?
Дескриптор
- тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін
сипаттама.
Слайд 28 Мұғалімнің қабылдаған шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын
дескрипторлар анық және нақты болуы қажет. Дескрипторлар тапсырманы орындауда
оқушыға нақты қай жерде қиын болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға
тиімді кері байланыс беруге және қайталап оқуға арналған бағдарламалық материалдың
қажетті көлемін анықтауға мүмкіндік береді.