жүйесі. Дағдыларды дәл анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып
табылады. Критериалды бағалау жүйесінде ойлау дағдыларының деңгейлері үш
топтың
аясында қарастырылады:
-
білу және түсіну;
-
қолдану;
-
жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).
Слайд 22
Бағалау критерийлерін Блум таксономиясы бойынша
тиісінше ойлау дағдыларының
деңгейіне дұрыс сәйкестендіру, мысалы бағалау критерийі «Білу» немесе «Түсіну»
деңгейіне
сәйкес келетінін анықтау, мұғалімге күтілетін нәтижеге бағытталған оқушы
әрекетін дұрыс таңдауға және соған сәйкес келетін тапсырманы әзірлеуге көмектеседі.
Слайд 23
Бағалау критерийлерінің сапасын бағалау үшін бірқатар
талаптар белгіленген
тексеру парағын қолдануға болады, мысалы:
✓
Бағалау критерийі
оқу мақсатымен байланысты;
✓
Бағалау критерийі нақты,
анық және тиянақты;
✓
Бағалау критерийі бақылауға болатын (өлшенетін) нақты әрекетті
сипаттайды;
✓
Бағалау критерийі ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келеді;
✓
Бағалау критерийі күтілетін нәтижелерді көрсетеді.
Тексеру парағын бағалау критерийлеріне сараптама жасау үшін пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: