тәжірибеде қолданатын болады.Тапсырманы құрастыру барысында тапсырма әзірлеуші
мұғалім қандай кезеңдерден өтеді?
Тапсырма әзірлеудің
жоспарлау, құрастыру, сараптау, қолдану, талдау
сияқты
бірнеше кезеңдерін атап өтуге болады.
Жоспарлау
кезеңінде бағалауға арналған тапсырманың әзірлеу мақсаты мен
міндеттері
айқындалып, қажетті құжаттар анықталады.
Құрастыру
кезеңінде пәннің оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану арқылы
тапсырма әзірленеді.
Сараптама жасау
кезеңінде
тапсырманың сапасын талдап, материал қайта
қаралады, қажет болған жағдайда тиісті өзгертулер енгізіледі.
Қолдану
кезеңінде белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес тапсырма қолданысқа
енеді.
Талдау
кезеңінде тапсырманы
қолдану нәтижесі талданады, қажет болған жағдайда
өзгертулер енгізіледі.
Тапсырма әзірлеу барысында оқу мақсаттарын, бағалау
критерилерін есте ұстау
маңызды. Бұл мазмұнды және тиімді практикалық тапсырма құрастыруға ықпал етеді.
Слайд 30
Құрметті әріптестер, осымен біз бүгінгі дәрісімізді аяқтаймыз. Тақырыпты бекіту
үшін сіздерге практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.
Слайд 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында
оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Ы.Алтынсарин
атындағы
ҰБА. Нұр-Сұлтан, 2019.
2.
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова,
Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,
2016. - 54 б.
3.
«Ағылшын тілі» пәні бойынша«Бағалауға арналған
тапсырмаларды әзірлеу және
сараптама жасау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру
бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.