29
Салыстырайық
шыршаторғай
қарлығаш
Шыршаторғай қыста да жұмыртқа басады.
Балапан шығарады. Ұясы өте жылы болады.
Ұясын қар түспейтіндей етіп орналастырады.
Білгенің жөн
Қыста аю, борсық,
кірпілер қысқы ұйқыға
кетеді. Себебі олар қыста азық таба алмайды.
Орман – жануарға қорған.
Жеріңе орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның.
2. Шыршаторғай
мен қарлығаштың тұмсықтарын
салыстыр.
Қыстап қалатын құстардың тұмсығы неге мықты
болады?
30
Ойланайық
Қыстап қалатын құстарға
кімдер қамқорлық жа-
сайды? Сен өзің қандай көмек көрсете аласың?
Қызықты мәлімет
Бұғылар қыста қары аз тоғай ішінде жайы-
лады. Ал тауда тіршілік ететіндері қоныстарын
ауыстырады. Олар таудан төмен түседі.