4.1
Орфоэпиялық нормаларды кодификациялаудың теориялық
негіздері
Қазіргі қазақ әдеби тілінің өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасқан
орфоэпиялық нормалары бар. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы,
біріншіден,
жергілікті ерекшелікке қарама-қарсы қойылады. Салыстырыңыз:
жергілікті ерекшеліктерде:
жылқыдар, баладар, көңлі, маңлай, оңла, чач,
чыбық, құдағай, бопа
(сәби) т.б. әдеби тілде:
жылқылар, балалар, көңді,
маңдай, онда-, шаш, шыбық, құдағи, бөпе
т.б. Мұндай жергілікті
ерекшеліктерге
С.Аманжолов,
Ж.Досқараев,
Н.Т.Сауранбаев,
Ш.Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ә.Нұрмағамбетов т.б. қазақ
диалектологтерінің еңбектерінде сипаттама, талдау жасалып, олардың
меншікті территориясы айқындалған және ғылыми-лингвистикалық
рефлексиясы айтарлықтай деңгейде деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |