Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет108/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Екіншіден,
әдеби тілдің 
орфографиялық нормасы, бейәдеби қарапайым сөйлеу тіліне тән дыбыстық 


элементтерге қарама-қарсы қойылады. Салыстырыңыз: бейәдеби қарапайым 
сөйлеу тілінде 
берсей, бересаш, келатыр, баратыр, босашы, бошы, боп 
атыр, бері кеш, кеп жүр, айал, дұспан, дүния 
т.б. 
Үшіншіден,
әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы Б.Әбілқасымов [77] 
зерттеу материалдарында көрсетілген ескі қазақ жазба тілінің дыбыстық 
элементтеріне қарама-қарсы қойылады: 
нәсіп айласа, жәмиғат, ғиззатлү, 
хұрметлү, мақсұт, хас (хас дұшпан)
т.б. 
Төртіншіден,
әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы кодификацияланған 
жазба тілдік элементтерге қарама-қарсы қойылады [жұмұшшұ] – 
жұмысшы

[шэгара] – 
шекара
, [кәсіб’ одақ] – 
кәсіподақ
; [қашша] – 
қазша
т.б. 
Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасын сақтаудың мәдени-әлеуметтік 
мәні айрықша. Өйткені норма тілді тұтынушылардың басын біріктіреді. 
Дыбыстаудағы ортақ заңдылықты сақтамай, әркім өз бетінше сөйлесе, сөзді 
ұғыну қиынға түсіп, коммуникацияның ойдағыдай өтуіне нұқсан келеді. 
Сөйлеушінің сөз мәдениетінің төмендігін, сауатсыздығын көрсетіп, 
тыңдаушыға жағымсыз әсер етеді.
Әдеби тілдің ауызша нормасы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін таяныш 
етеді. Алайда халық тілінің дыбыс жүйесіндегі әр алуан варианттардың 
едәуір бөлігі тіл жұмсау тәжірибесінде халық тілінің сөз үлгілерінен 
таңдалып, сұрыпталды. Нормалардың қалыптасуында байырғы кездегі ақын, 
жыраулар, билер тәрізді ауызша сөз майталмандарының шаршы топ 
алдындағы сөзі, кейінгі кезеңдерде сахна, радио, телевизия хабарларының 
рөлі айрықша болды. Солар арқылы қалыптасқан үлгілер әдеби тілдің 
ауызша нормасы деп танылды. 
Әдеби тілдің ауызша нормасы, әсіресе, радио, -телехабар арналарының 
кеңеюі, сахна өнерінің дамуы, шаршы топ алдындағы сөздің жаңа түрлері 
мен типтерінің пайда болуы, аудитория алдындағы сөздің әлеуметтік мәнінің 
жоғарылай түсуі ауызша сөздің орфоэпиялық нормаларының бекіп, 
саралануына ықпал еткен маңызды фактор болды. 
Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасына байланысты қиындықтың бірі 
жазу тәртібімен байланысты, өйткені жазба сөздің өзіне тән жүйесі бар да, 
ауызша сөздің өзіне тән жүйесі бар. Сондықтан жазба мәтінді оқығанда жазба 
сөзге тән кодты ауызша сөзге тән кодқа көшіре білу қажет. Жазғанды оқу 
дегеніміз жазба кодты ауызша кодқа көшіру. Дыбысталған сөз бен қағазға 
түскен сөздің жүйесі дәлме-дәл сәйкес келмейді. Жазу-сызу тарихында 
ауызша таңбалар мен жазба таңбалардың өзара тепе-тең түскен жүйесі 
болған емес. Тіпті ондай тепе-тең түсетін жазба жүйенің қажеті жоқ. Ауызша 
сөздің небір физикалық, материалдық элементтері «қағаз сыртында» қалып 
қояды да мағынаға қызмет ететіндері ғана ескеріледі. Ал жазба сөзді 
оқығанда «қағаз сыртында» қалып қойған материалдық элементтер қайтадан 
қалпына келтірілуге тиіс. Олай болмаған жағдайда ауыздан шыққан сөздің 
тұрпаты бұзылып, кедір-бұдыры көбейеді.
Қазақ жазуы негізінен фонематикалық принципті ұстанады. 
Фонематикалық принцип дегеніміз дегеніміз жазуда фонемалардың 
дыбыстық қоршауға неғұрлым тәуелсіз дыбыстық реңкін таңбалау деген 


ұғымды білдіреді. Мысалы [
у
өш
1
ш
01
ү]
деген сөзді фонемалардың дыбыстық 
қоршауға тәуелсіз реңкі бойынша жазсақ, 
өсші 
түрінде таңбаланады. 1) <с> -
ның [ш]-ға өзгерісі ескерілмейді. 2) сөз басындағы еріндік дыбыстың 
алдында келетін ілеспе дыбыс [у], 3) екі [ш] [ш] қатар келгендегі 
созылыңқылық [ш:], 4) [ш′]-ның дауыстының ыңғайындағы жіңішке тембірі, 
5) еріндік тембірі [ш
0
] еленбейді.
Жазба кодты ауызшаға дұрыс ауыстыру (жазылғанда ауызша сөз 
нормасына сай дыбыстау) немесе керісінше, ауызша сөзді жазба кодқа 
көшірудің мән-жайын фонема теориясымен байланысты түсіндіруге болады. 
Фонема – абстракті ұғым. Фонемалар индивидтің, тілдік ұжымның 
санасында белгілі бір тілдік дыбыстың образы түрінде бейнеленеді және 
сананың бақылауынан тыс өмір сүреді. 
Тілдік ұжымның санасында осылайша қалыптасқан 19 дауыссыз, 9 
дауысты фонема бар екенін А. Байтұрсынұлы дәл анықтады [78].
Орфографияның, орфоэпиялық нормалардың тілдік базасы бар да, 
теориялық базасы бар. Тілдік базасы – сөздің халық тіліндегі дыбысталу 
жүйесі: 
бас, аяқ, қол, ғалам, әлем, оқиға, уақиға
т.б. Орфоэпиялық норма 
тілдің конвенционалды сипатына тәуелді: тілдік ұжым
[бас], [тау], [бала

]
деп дыбыстайды, бұларды басқаша дыбыстау мүмкін емес. 
Әдетте парадигмадағы дыбыстық бірліктер (тілдік санада вертикал 
қатардағы вертуалды бірліктер) 
а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е
және 
б, п, т, д, қ, к, ғ, г, 
с, ш, з, ж; й, р, л, м, н, ң, у
синтагмалық қатынасқа түскенде парадигмадағыға 
сәйкессе, кей тұста парадигмадағымен сәйкеспей, түрленіп кететін 
жағдайлары болады. Парадигмадағы дыбыстың санынан синтагмалық 
тізбекке түскендегі дыбыстың саны әлдеқайда көп болады. Міне, мәселенің 
осы тұсында шешімі қиын түйіндер болады. Мұндайда орфоэпия қалайда бір 
теориялық базаға сүйенуге тиіс. Қазақ орфоэпиясының теориялық базасының 
мәселелері 
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, 
І.Кеңесбаев, 
Р.Сыздық, 
Ә.Жүнісбеков т.б. зерттеулерінде жазылды. Сөздің бірыңғай жуан/жіңішке 
айтылып, сөз ішіндегі дыбыстардың бір-біріне ілгерінді//кейінді ықпал 
ететіні, бірін-бірі игеретіні, артикуляциялық, акустикалық жақтан бір-біріне 
бейімделетіні айқындалды. 
Міне, дыбыстардың синтагмалық қатардағы қатынасқа түсетіндегі 
күйін: қатаңдардың ұяңдануы, ұяңдардың қатаңдануы, жиылыңқылардың 
жайылыңқы, жайылыңқылардың жиылыңқы болуы, жуысыңқылардың 
тоғысыңқы, тоғысыңқылардың жуысыңқы т.б. болуы – акад. Р.Сыздықтың 
«Сөз сазы» кітабында жеке сөз, микромәтін деңгейінде талданып, көрсетілді
[79]. Сөйтіп, автор орфоэпиялық норманы кодификациялауда дыбысталған 
сөздің тілдік базасын негізге ала отырып, сегменттік, суперсегменттік (буын, 
пауза, ырғақты тип, интонация) деңгейде қазіргі орфоэпиялық норманы 36-
бапқа топтастырып жүйелеп береді. Әдеби тілдің дәстүрлі орфоэпиялық 
нормасын 
саралап 
берудің 
нәтижесінде 
орфоэпиялық 
норманы 
кодификациялаудың негізі жасалды. 
Орфоэпиялық нормаларды кодификациялау ісі практикаға сүйенумен 
бірге теориялық тұрғыдан қарастыруды да қажет етеді. Әсіресе шаршы топ 


алдындағы сөздің түрлері мен жанрлары көбейіп отырған кезде, ауызша сөз 
арналары қоғамдық-әлеуметтік маңыз алып отырған тұста орфоэпиялық 
нормаларды теориялық тұрғыдан тиянақтап отырудың маңызы айрықша. Бұл 
ретте оның теориялық мәселелері фонема, фонология ілімдерімен тығыз 
байланысты қаралатыны белгілі.
Тілдің мағыналық бірліктерін бір-бірінен ажыратуға қабілеті бар 
парадигмадағы фонологиялық бірліктер (19 дауыссыз, 9 дауысты) 
синтагмалық қатынасқа, яғни көлбеу тізбекке түскенде уақыт жағынан 
бірінен кейін бірі келе отырып, әртүрлі дыбыстық реңкте объективтенеді. 
Мысалы, 
тас
дегендегі [с] индивидтің, тілдік ұжымның психикалық 
санасындағы осы дауыссыздың дыбыстық образына сәйкес келсе, та[с]-ша 
дегендегі <с> көршілес [ш]-ның әсерінен түрленіп [ш] түрінде айтылады. 
Сөйтіп, психикадағы, яғни парадигмадағы <с> 
шана
дегендегі өзге бір [ш]-
ның дыбыстық образына сәйкес келеді. МФМ өкілдері психикадағы, яғни 
парадигмадағы фонемаларды инвариант, ал инварианттың синтагмалық 
қатынасқа түскендегі, парадигмадағы өзге бір дыбысқа ұқсап кететін 
түрленімін вариант деп атайды. Мысалы, кө[з] дегендегі <з> парадигмадағы 
инвариант <з>, ал синтагмалық қатынасқа түскенде бұл <з> әлсіз позицияда 
[с] түрінде дыбысталады. [к
01
өс
01
с
01
үз] (көзсіз), сөйтіп, ол 
сөн 
дегендегі 
инвариант [с]-ның әлді позициядағы репрезентантына сәйкес келеді. 
Фонема теориясы бойынша әр фонема-инварианттың дыбыс шоғыры 
болады. Ол шоғыр инварианттың синтагмалық қатынасқа түскендегі әртүрлі 
дыбыстық қоршауына (позицияға) байланысты түзіледі. Мысалы, <з> 
фонема-инварианттың әлсіз позицияда [ж], [ш:], [с] түріндегі варианттары 
бар. Осы фонеманың жалпы әлді және әлсіз позицияларда әзірге бізге белгілі 
16 дыбыстық репрезентанты бар. Ал осы дыбыстық репрезентанттар 
инвариант фонеманың дыбыс шоғырын (қорын) құрайды. 
[р] [зат] 
зат

0
] [з
0
ор
0

зор
[з] [з
1
] [з
1
ер
1

зер

01
] [т
01
өз
01

төз 
 
[ж] [қажжұуа] 
қаз жуа
<з> –– [ж] [ж
0
] [бож

ж

ор

ға] 
боз жорға

1
] [т
1
еж

ж
1
ет
1

тез жет 

01
] [к
01
өж
01
ж
01
ақсы] көз жақсы 
[ш] [жашшықты] жаз шықты 
[ш] [ш
0
] [с
0
ош
0
ш
0
ы] созшы 

1
] [с
1
әб
1
іш
1
ш
1
өп] сәбізшөп

01
] [т
01 
өш
01 
ш
1
і] төзші 
[с] [с] [жассын] жазсын 

0
] [с
0
ос
0
сүн
0
] созсын 

1
] [бес
1
с
1
із
1
] безсіз 

01
] [к
01
өс
01
с
01
үз
01
] көзсіз 


Осы кезге дейін орфоэпиялық норманың тілдік базасы ретінде фонема-
инварианттың әлсіз позициядағы дыбыстық өзгерісі, яғни варианттары 
негізге алынды: [ағалма] 
ақ алма
, [ақпілек] 
ақ білек
т.б.
Алайда фонема теориясы бойынша инвариант-фонеманың әлсіз 
позициядағы дыбыстық өзгерісі, осы көрсеткендегідей тек в а р и а н т 
түрінде ғана жүзеге аспайды, оның в а р и а ц и я деп аталатын түрленімі де 
болады.
Парадигмадағы фонемалардың қайсыбірі (инвариант-фонемалар) 
синтагмалық қатынасқа (көлбеу шынжыр қатар тізбекке) түскенде, олар сол 
тілдің фонологиялық парадигмасында жоқ өзгеше бір дыбыстық реңкте 
материалданады. Мысалы [атцыз] 
атсыз
, [қатчы] 
хатшы
, [авайбол] 
абай бол
т.б. 
Парадигмадағы фонеманың синтагмалық қатынасқа түскенде, сол 
тілдің фонологиялық парадигмасында жоқ өзгеше бір дыбыстық реңкте 
объективтенуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет