Аталмыш құбылыстар М.Дүйсебаеваның [82], Х.Неталиеваның [83]
орфоэпиялық сөздіктерінде және Р.Сыздықтың «Сөз сазы» анықтағышында
кодификацияланған норма ретінде тіркелді.
Морфонологиялық құбылыстарға жататын өзгерістерді фонетикалық
құбылыстардан ажырата қарау (А.Айғабылов), фонетикалық өзгерістердің
өзін вариант, вариацияға саралау (М.Жүсіпов), фонемалардың дыбыстық
қорын айқындау т.б. тәрізді зерттеулердің орфоэпиялық, орфографиялық
нормаларды кодификациялауда мәні айрықша.
Алайда айтылу, жазылу нормасы даулы көрінетін, немесе дәстүрге
айналып қалыптасқан нормаларды кодификацияланған нормаларды қа йта
қарау жөнінде сын-пікірлер айтатын «оппоненттер» көбейді. Мұның өзі сол
айтылған даулы мәселелерге азды-көпті тоқталуды қажет етеді.
Осы тәрізді сөздерді неге бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке түрде
жазып, үндестік заңын сақтамаймыз, орфографиялық сөздік үндестік заңын
бұзып отыр дегендей сыңай танытатын мақалалар жарық көріп жатады.
Әрине, мәселенің байыбына бармай сөздердің
шай, жай-
т.б. жазылуын
орфографиялық сөздік дұрыс көрсетпей отыр, мұндай сөздер
шәй, шәй-, жәй,
жай-
деп жазылуға тиіс деп ақыл айтқан болады.
Бәлкім, осыларды сынаушылар айтқандай үндестікке бағындырған
болып,
қайтып (қайтып айтайын), кәсиет, мұғалым, кітәп, қадыр, қазыр,
кәнден, қабыр, қауып (қауып төнген жоқ), қауыпсыз, қауыпты, қауыпсыздық
деп жазуға болар. Алайда мұндай сөздердің саны бұл көрсетілген сөздермен
шектелмейді. Мысалы,
құдірет
сөзін
күдірет/құдырат, тақсірет
сөзін
тәксірет, харакет
сөзін
Достарыңызбен бөлісу: