мәнділігін одан сайын күшейтіп отыр. Оның үстіне, қазіргі кезде инженерлік
технологияның даму қарқынымен байланысты БАҚ-тың өнімдері оқуға,
тыңдауға,
көруге жағымдылығы, қолайлылығы артып келеді. Алайда
техникалық құрал жетіле түскенмен, БАҚ-ның тілі аса қиын жағдайда қалды.
Радио, телеэфирден естілер cөздің мәдениеті тым төмендеп кетті.Бұрын
Әнуарбек Байжанбаев, Ләзиза Аймашева, Сауық Жақанова сынды және өзге
де радио, -телеқайраткерлердің сөзді дыбыстау нақышы, сөйлеу сазы
халыққа
үлгі
болатын.
Радио,
-телешешендердің
сөз
саптауы
радиоқабылдағыш пен телеэкран алдындағы
былайғы жұртшылыққа эталон
іспетті деп танылып, олардың сөйлеген сөздеріне жұрттың айызы қанатын.
Қазір мұндай «үлгі», «эталон» жоқтың қасы.
Теле, -радиошешен жай ғана ақпарат тасымалдаушы, хабар жеткізуші
ғана емес. Олар,
ең алдымен, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаты, елімізде,
әлемде
болып жатқан уақиға, жаңалықтарды қалың жұртшылыққа жеткізе
отырып, олар жайында жеке өзінің, редакциялық ұжымның,
әлеуметтік
жіктің немесе саяси партияның көзқарасын, бағасын беретін, қоғамдық ойға
қозғау салатын, пікір қалыптастыратын публицист.
Әрине, қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы бұқараға ықпал ету оңай-
оспақ шаруа емес. Мысалы, профессор студенттер аудиториясына логикалық
қисынмен ой-санаға әсер етсе, радио, -телешешеннің жағдайы күрделілеу.
Эфирдегі шешендік, ең алдымен, эмоция тудыру
арқылы ой-санаға әсер
етеді. Сөйтіп, жұртшылықтың ой-санасына қозғау салып, қоғамдық пікір
қалыптастырады. Әрине, жағымды, жағымсыз эмоция тудыру арқылы санаға
әсер ету, ең алдымен,
тілдік құралдарды, оның амал-тәсілдерін дұрыс
пайдалану, орынды жұмсау, шебер қолданумен байланысты екені даусыз. Тіл
мәселесіне келгенде журналист білуге міндетті жайттар аз емес.
Алдымен, теле, -радио шығармашылық қызметкерлерінің халық тілі,
әдеби тіл, әдеби тіл нормалары, әдеби тілдің стильдік
тармақтары және сөз
мәдениеті, эмоционалды-экспрессивті сөздер т.б. жайында белгілі бір
көлемде білімі болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: