3. Картаныбасып шығаруға дайындау басып шығару
түпнұсқасы мен баспа қалыптарын алудан тұрады. Басып
шығару түпнұсқасын алу үшін құрылған түпнұсқадан қағазда
немесе арнайы жылтыр металл табақшаға жарық өтпейтін
нақышты қабатты
көгілдір көшірмелер дайындалады. Оларға кар-
та мазмұнының құрамдас бөліктері жоғарғы дəлдіктегі кестепен
қағазға сызылады немесе металл табақшаға нақышталады.
Содан кейін қағазда орындалған басып шығару түпнұсқасы
суретке түсіріліп негативі алынады. Фотохимиялық пленка
көгілдір сəулені сезбейтіндіктен сызу үдерісінде сызықтың тегіс
болмауына, артық штрихтардың болуына, тағы басқа себеп-
термен қара сыя көтерілмей қалған көгілдір суреттің бір бөлігі
негативте алынбайды. Картаның металл табақшада нақыштау
əдісімен алынған басып шығару түпнұсқасының өзі негатив бо-
лып табылатындықтан суретке түсіру үрдісі жүргізілмейді. Не-
гативтен алюминий табақшадағы басып шығару қалыбы дай-
ындалады. Олардың саны картаны басып шығару барысында
қолданылатын бояуларының сандарымен бірдей болады.
4. Одан ары баспа қалыбы