360
2) «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру»,
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша
жиынтық бағалауды өткізбейді;
3) жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді.
Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, бөлім, тоқсан,
жартыжылда өткен оқу
материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ)
тапсырмаларын әзірлейді.
Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы
негізінде 2-11-сынып білім алушыларына арналған
жиынтық жұмыс тапсырмаларын
құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарын көшіріп алудың алдын алу мақсатында
мүмкіндігінше шығармашылық
сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар,
жобалар, эссе және т.б. беру ұсынылады.
Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін
мұғалім оқу
жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар
әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: