Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін,
жергілікті ӛкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдарын,
тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілеген
бабында: Жалпымемлекеттік басқаруды тиісті аумағындағы істің жай – күйіне
13
І. «Жалпы ережелер»;
ІІ. « Мәслихаттарды құру, олардың құзіреті және қызметін ұйымдастыру»;
ІІІ. « Әкімдер және әкімияттар құрылуы, құзіреті және қызметінің
ұйымдастыруын»;
IV. « Қорытынды және ӛтпелі ережелер».
1998 жылы 20 мамырдағы «Қазақстан Республикасының астана мәртебесі»,
1998 жылы 1 шілде «Алматы» қаласының айрықша мәртебесін мемлекеттік қызмет,
сайлау т.б. туралы Заңдарда қатыстығы бар.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз бұл Заң актілерінде белгіленген
құзырет шегінде жергілікті ӛкілді атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекетті
саясатты жүргізу оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті
аумағындағы істің жай – күйіне жауапты болып табылатын қызмет.
Жергілікті басқару мемлекеттік жүйеде әкімшілік – аумақтық бӛлінісің
әрқилылығы кӛрініс тапты, оның қызметінің экономикалық және қаржылық
негіздерін , жергілікті коммуникациялық заңды тұлғаға бекітілген мүлік, сондай –
ақ заңға сәйкес коммуникациялық меншігі ӛзге де мүлік құрайды.
Қазақстан
Республикасындағы жергілікті ӛкілді органдардың жалпы
сипаттамасы.
Жергілікті ӛкілдік орган (мәслихат) – бұл облыстың республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайланған,
халықтың еркін білдіріп және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгіленген және жүзеге асыратын
бақылаушы сайланбалы орган.
Мәслихат ӛзінің қызметтік сипат жағынан жергілікті тұрғындарының мұң-
мұқтажына байланысты кӛптеген мәселелерді шешуге бел байлайтын халықтың
кең тараған ӛкілді органы. Мәслихаттар күнделікті қызметінде шаруашылық,
тұрмыстық, мәдени, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды
құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерін айқындайды.
Мәслихат аппараты дегеніміз, бұл тиісті мәслихаттың, оның органдарын
депутаттардың қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен
ұстанатын мемлекеттік мекеме.
1.
Мәслихаттың ең басты ерекшелігінің бірі – тиісті әкімшілік – аумақтық
бӛліністердің
жергілікті
тұрғылықты
азаматтарын
тек
мәслихат
депутаттарының сайланып қойылмайтындығы.
2.
Мәслихаттың тағы да бір ерекшелігі, оның құзыретіне байланысты.
Қазақстан Республикадағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының
6-бабында мәслихаттың құзыреті (шешімдері мен мәселелері) тізбегін,
оларды былай топтастыруға болады:
- негізгі ӛкілеттілікті анықтайтын жалпы мәселелер;
- мәслихаттардың айрықша ӛкілдігі.
Мәселелер, ҚР-ның Жер туралы заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді
жүзеге асырады және де азаматтар мен ұйымның Қазақстан Республикасы
Конституциясының, Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентік Үкіметі
актінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық
актінің нормаларын орындауына жәрдемдесу, сондай-ақ ӛзге де заң актілерінде
белгіленген басқа да ӛкілеттіктерді жүзеге асырады. Мәслихаттың қарауына
жатқызылатын мәселелер дегеніміз, заңдарында белгілі бір нысанда белгіленген,
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу.
14
3.
Мәслихаттың ӛз ӛкілеттілігін ойдағыдай атқаруы оның жұмысының дұрыс
ұйымдастыруына байланысты. Жергілікті ӛкілді органның қызметінің негізгі
нысандары болып: мәслихат сессиясының қызметі; мәслихаттың тұрақты
комиссиясының қызметі; депутаттық топтардың қызметі; сайлау округіндегі
депутаттар қызметі танылады.
Мәслихат сессиясы – оның ұйымдық – құқықтық қызметінің ең басты және
негізгі нысаны. Сессияда мәслихаттың айырықша құзіретіне қатысып және
жергілікті шаруашылық, әлеуметтік – мәдени т.б. маңызды мәселелер қаралып
шешіледі. Сессия жалпы отырыс нысанында ӛткізіледі.
Мәслихаттың сессиялық тӛрағасы деп – мәслихат депутаттарының арасынан
сайланып, оның сессияда ұйымдық – билік қызметін жүзеге асыратын,
мәслихаттың лауазымды адамы.
Тұрақты комиссияның басты қызметтерін ӛкілеттіктеріне жататындар:
сессияның күн тәртібі бойынша, сонда - ақ онда қаралған кез - келген мәселе
бойынша мәслихатқа, оның тӛрағасына, хатшысына ұсыныс енгізу; әр
сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қорытындылар беру; оған
негізгі баяндалған қосымша баяндамалар ұсыну; сессияда жергілікті органдар
басшысының есептік тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізу; комиссияның
жұмысына ӛз депутаттарымен қатар мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті
ӛзін – ӛзі басқару органдары ӛкілдік және азаматтарды тарту қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: