А. С. Ботбаева «Мемлекеттік басқару теориясы» пәнінен «050510-Мемлекеттік және жергілікті басқару»


Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері



Pdf көрінісі
бет10/47
Дата13.12.2021
өлшемі386,99 Kb.
#125608
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері 

1.Конституция Қазақстан Республикасының  Ата Заңы. 

2. Қазақстан демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. 

 

1. 

«Конституция»



 

деген сӛзді латыннан аударса «құрылғы», «жарғы», «заң », 

деген  мағыналарды  білдіреді.  Ең  бірінші,  Конституция  дүние  жүзінде  1787жылы 

қабылданып, осы  күнге дейін  қолданылып келе жаткан  АҚШ-тың Конституциясы 

болып табылады.Еуропада бірінші конституциялар           1791 жылы Франция мен 

Польшада қабылданған. 

Конституцияны  басқа  құқықтық  нормативтік  кесімдерімен  мынадай 

ерекшеліктері бар екенін айта кету керек: 

- қоғамдық қатынастардың негізін қалайды; 

- құқықтың негізгі бастауы болып табылады; 

- ең жоғарғы заңдылық күші бар; 

- оның ерекше тәртіппен қабылдануы; 

- тұрақтылығы. 

ҚР-сы құрылған кезден бастап бірталай құқытық актілер қабылданып, жаңа 

мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар: 

1. Қазақ ССР-ның  мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы; 

2. ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы; 

3. 1993 жылы және 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясы. 

Аталған  конституциялық  кесімдер  Қазақстанның  Тәуелсіздігін,  дербестігін 

жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негізін қалады. 

Қазіргі  уақытта  негізгі  құқықтық  құжаттар  –  ҚР-ның                1995  жылы  30 

тамызда  ӛткен  республикалық  референдумда  қабылданған  Конституциясы.  Ол 

тәуелсіздік  кезіндегі  Конституциялық  заңның  қағидаларын  тұжырымдап,  бір 

арнаға келтіріледі. 

Бұрынғы  Конституциялар  социалистік  мемлекеттің  негізгі  заңдары  деп 

саналады,  жаңа  Конституция    демократиялық  мемлекеттің  Ата  Заңы    деп 

жарияланды. 

«Біз,  ортақ  тағдыр  біріктірген  Қазақстан  халқы,  байырғы  Қазақ  жерінде 

мемлекеттік  ,  ӛзіміздің  еркіндік,  теңдік  және  татулық  мұрағатына  берілген 

бейбітшіл  азаматтық  қоғам  деп  ұғына  отырып,  дүниежүзілік  қоғамдастыққа 

лайықты  орын  алуды  тілей  отырып,  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтар  алдындағы 

жоғары  жауапкершілікті  сезіне  отырып,  ӛзіміздің  егемендік  құқықтарымзды, 

негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз »,  - делінген. Оның жоғары 

заңдық  күші  бар  және  елдегі  барлық  іс-қимылмен  қалыптастырушы  жүйенің 

нормативті  базасы  болып  табылады.  Конституция  –  мемлекетке  қоғамның 

құқықтық сенімі және халықтың берген тӛлқұжаты деуге болады 

 Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  республикалық  құрылыстың 

негізін,  мемлекеттік  билік  жүйесін  және  Қазақстан  мемлекеті  мен  азаматтарының 

қатынастарын белгілейді. Адам және оның ӛмірін, құқықтары мен бостандықтарын 

Конституция  мемлекеттің  ең  қымбат  қазынасы  деп  танып,  мемлекеттің  сол  үшін 

қамтамасыз етуі тиістігін айқындап кӛрсетеді.  

Конституция  мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылысты,  оның  болашаққа 

бағытын  ұйымдастыру  мен  қызметі  приинциптерін  белгілейді.  Онда  адамнан 

азаматтың, мемлекеттің қайнар кӛзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкілхалықтың, 

Конституциясының  мәртебесі  бекітіледі.  Конституция  тек  Конституциялық  



 

12 


құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларында қайнар кӛзі 

болып  саналады.  Сондықтан  оған  басқа  нормативтік  құқықтық  актілерде 

негізделген сипаттамалар тән. 

2. 

Конститутция  Қазақстан  Республикасын  демократиялық,  зайырлы, 

құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.  

Демократиялық мемлекет  – Қазақстан, ең  алдымен, Конституция қабылдап, 

тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, ӛкілетті мерзімі біткен соң, 

оларды  ауыстыруға  халықтың  құрылтайшылық  билігі  бар  ел.  Сонымен  қатар, 

демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, 

тағы  басқа  да  ерекшеліктеріне  қарамастан,  азшылық  пен  жекелеген  азаматтардың 

мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді. 

Зайырлы  мемлекет–  Қазақстан  Республикасында  діни  мекемелер  мен  дін 

ұстаудың мемлекеттен бӛлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам 

мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет 

органдары  қағидалық  заң  негізінде  емес,  Конституция  негізінде  құрылып,  жұмыс 

істейді.  Сонымен  бірге,  әркімнің  ар-ождан  бостандығына  құқығы  бар.  Наным 

немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс. 

Құқықтық  мемлекет  –  жеке  адам  мен  қоғам  мүддесін  қорғайтыны,  заң 

үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: 

заңның  үстемдік  етуі;  мемлекеттік  биліктің  заң  шығарушы,атқарушы  және  сот 

биліктеріне  бӛлінуі;  адам  мен  азамат  құқығы  мен  бостандығына  халықаралық 

ӛлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің ӛзара жауаптылығының 

болуы, т.б. 

Әлеуметтік  мемлекет



 

–  жекеленген  топтарға  немесе  ұлыстарға  емес  қоғам 

мен  адамға  тұтас  қызмет  ететін  мемлекет.  Ол  мемлекттік  қаржы  кӛздері  есебінен 

барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мӛлшерде игіліктер кӛрсетіп, қоғамдағы 

ауыртпалықтарды  да  теңдей  бӛлу  жолымен  әлеуметтік  теңсіздікті  жеңілдетуге 

әрекет етеді. 

Қазақстан  ӛз  мемлекетінің  әлеуметтік  сипатын  Конституциясында  кепілдік 

берілген  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  ғылым,  мәдениет,  әлеуметтік 

жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары тӛмен 

тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет