Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының Президенті.
2. ҚР Парламентінің құрамы мен құрылымы.
1.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы,мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан ӛкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конститутциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары
мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық
тармағының келісіп жұмыс істеуін және ӛкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40-бап).
Қазақстан Республикасының Президенті тумысынан сол елдің азаматы болуы,
40-жасқа толган, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, әрі Қазақстанда кемінде 15
жыл бойы тұрған адам Президент болып сайлана алады.
Президент ӛкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, ӛзге де ақы
тӛленетін қызметтерді атқаруға және кәсіптік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Республика Президенті ӛз ӛкілеттілігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияларға
қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкімтиіспеу құқығына ие.
Достарыңызбен бөлісу: |