ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Мемлекеттің мәні мен нысандары
1. Мемлекеттің пайда болуының мәні
2. Мемлекет функциялары және олардың жіктелуі
1.
Мемлекет түсінігінің ӛзі кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада
мемлекет деп қоғамның ӛзін немесе оның қандай дабір ерекше нысанын айтады.
Тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субъектілері, ұлттар,
белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.
Мемлекет дегеніміз
- кез-келген қоғамның табиғатынан туындайтын таптық
тар ауқымдағы міндеттерді экономикалық емес, сондай-ақ ортақ істерді атқару
үшін қажетті саяси билік ұйымы.
Қазіргі кезде мемлекет кӛбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе
тұлғаның меншігі ретінде қарастырады. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу
машинасы, қысым кӛрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса
сақталуда. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым
жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде
сипатталады.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты
–
адамның қоғамдық ӛмірін басқару.
Ал адамның қоғамдық ӛмірі мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен
зерттеу заты болып табылады.Мемлекет адамның аумақтық ұйымдастырушының
белгілі бір тәртіптік жүйесі. Осылай, біріншіден, әр түрлі адамның ұлттық, діни
және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптастырылады.
Тарихи түрде мемлекет адамның жаңа қауымдастығын құрады.
Мемлекет ӛзінің аумағында тұатын адамдарды, оның ішінде азаматтығы жоқ
тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын біріктіретіндіктен, ол
барлық адамдар қауымдастығының қажеттілігін, мүдделері мен мақсаттарын
объективті түрде білдіреді. Дамудың әр кезеңдерінде бір жағынан адамның
7
құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді, оның шығармашылық қызметіне
еркіндік болып, белсенділігін арттыратын, екінші жағынан – қоғамға белгілі бір
ұйымдарынан бастау енгізіп, жеке адамдық қызметін тәртіпке келтіретін
мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мемлекет үшін, ең алдымен ӛз халқының ұлттық мүддесін білу, оның әлемдік
қауымдастық халықтарының мүдделерін қаншалықты ӛзара байланысы екенін
және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге асыру
үшін барлық жағдай жасау ӛте маңызды болып саналады. Мемлекет заңды
монополияға ие және оны орындату барысында, мәжбүрлеу тәсілін де
қолданылатын баса атап кӛрсетейік.
Мемлекеттің мәні, ӛз мақсатын қызметтік жүзеге асыруды қамтамасыз ету
үшін ӛзінің аппаратын – ортақ қажеттіліктерді, мүдделерді, мақсаттарды
айқындайтын және қоғамның мемлекеттік-құқықтық нормаларын әзірлеумен
кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір жағдайда ұйымдастырылып, оларды
қолдайтындығында. Аппараттың бір бӛлігі заң шығару қызметін, заңның
орындалған және сот ісін жүргізумен айналысса, екінші бӛлігі ішкі және халықтық
деңгейдегі тұрақтылығын, оның әлемдік қауымдастығын ӛзара қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді.
Мемлекет - саяси-құқықтық институт, саяси билік ұйымын құрған әлеуметтік
институттың жүйесі.
2.
Мемлекеттің функциялары – бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен
әлеуметтік тағайындауы кӛрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және
сыртқы қызметінің негізгі бағыттары.
Функциялар бір-бірімен келесідей жалпы белгілері бойынша ажыратылады.:
Біріншіден, мемлекеттік әсер етуші объектінің ерекшелігі, ӛзінің қызмет ету
процесіне мемлекет ықпал ететін қоғамдық қатынастардың ерекшелігі бойынша;
Екіншіден, әрбір функция мазмұнының, яғни мемлекет қызметінің біртекті,
бір-біріне ұқсас түрлерінің ӛзіндік ерекшелігі бойынша;
Мемлекет функциясын қоғамдық ӛмірдің саласына байланысты атқаратын
міндетіне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының арасында негізгі және
қосымша функциясын да атап ӛткен жӛн. Негізгі функциялар
Достарыңызбен бөлісу: |