КІРІСПЕ
Мемлекеттiк басқару теориясының негiздерiн бiлу iргeлi және жан-жақтылы
бiлiм алудың мiндеттi элементi болып табылады. Сондықтан мемлекеттiк және
жергiлiктi басқару саласында мамандарды дайындаудағы оқу пәндерiнiң
құрылымында мемлекеттiк басқару теориясы алғашқы орынға ие болады.
Басқарудың барлық деңгейлерiнде, шаруашылық жүргiзудiң барлық буындарында
ағымдағы жұмысты үнемi болашақпен салыстыра алатын, ұтымды шешiм
қабылдай алатын мамандардың рӛлi барған сайын арта түсуде. Қазақстан
экономикалық және саяси қатынастардың ғаламдық ықпалдасуымен сипатталатын
қaзiргi кезеңнiң құндылықтары мен талаптарына бей-жай қарай алмайды. Дамудың
жаңа тұжырымдамасы ресурстар мен экономикалық қызметке еркiн қол жеткiзудiң
әлеуметтiк құқықтар мен мүмкiндiктердi кеңейтудi, азаматтардың саяси тұрғыдан
ӛздерiн кӛрсете алуын мойындайды. Қaзiргi уақытта елiмiзде мемлекеттiк
басқарудың барлық деңгейлерiнде тиiмдi механизмдердi қалыптастыру жӛнiнде
шаралар қабылдануда. Олар мемлекеттiк басқаруды жетiлдiрудi; мемлекеттiк билiк
органдарының құрылымын ұтымды етудi; билiктi бақылай алатын толық құқықтық
азаматтық қоғамды қалыптастыруды қамтиды. Мемлекеттiк билiктi нығайту, тиiмдi
басқару жүйесiн құру негiзiнде Қазақстан ӛскелең дамитын әлеуметтiк бағытталған
экономиканы құра алады.
Курстың мiндеттерi келесi мәселелерді зерттеу болып табылады:
Мемлекеттің пайда болуының мәні мен нысандары;
Мемлекеттік басқарудың қажеттілігі;
Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері;
Президенттік және парламенттік басқару тәртібі;
Мемлекеттік қызметкерлердің іске асырылу тәжірибесі;
Мемлекеттік басқару ісін құқықтық реттеу мәселелері.
Мемлекеттік басқару теориясы маңыздылығының үш басты себебі бар,
біріншіден, адамзат тарихындағы мемлекеттік басқарудың бай практикасы ғылыми
6
тұрғыдан сұрыпталып, соның нәтижесінде оның теориялық негіздері қалыптасты
да, қоғамдық ғылымдар құрылымында ол маңызды бағытқа ие болды, екіншіден,
ӛткен XX ғасырдың соңғы 10-жылдығының бас кезінде ыдырап кеткен Кеңес
Одағының теориялық кеңістігінде пайда болған дербес және тәуелсіз мемлекеттер
секілді Қазақстан да әлеуметтік, экономикалық, геосаясаттық, менталитеттік және
тағы да басқа ерекшеліктерін ескере отырып, әрі қарай күшейтіп, қуаттандырып
келеді, үшіншіден, бізде осы мемлекеттілік пен мемлекеттік басқару транзиттік
экономика жағдайында іске асырылуда. Осылардың үшеуі де жоғарыда аталған
«Мемлекеттік басқару теориясы» пәні бойынша оқитын студенттердің ғылыми-
теориялық дайындығының негізгі арқауы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |