Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация
G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы
(мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар,
т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.
Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе
экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда
таза экспорт оң болады, керісінше болса, таза экспорт теріс мәнді болады.
Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары
қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |