Екішші.
Өндіріс факторларының
өзара алмасуы, немесе, бірінің орнына бірі жүре
алатындығы болады. Бұл жағдайда өндіріс факторларының бірінін, орнына бірі жүргенде
өндірістің көлемі төмендейді. Мысалы, егер
жұмыскерлер
өндірістік құралдармен қамтамасыз
етілген болса, олардың еңбегі тиімді болады. Ал құралда) болмаса өндіріс көлемі төмендейді,
немесе өседі (егер жұмыскерлер саны көбейсе). Бұл жәйтта бір
ресурс
басқа ресурспен
алмастырылады.
Өнімді
шығаруды азайтпай, еңбекті одан коп капиталмеі алмастырудың шегі
болады. Осы сияқты, жабдықтарды қолданбай қол еңбегін пайдаланудың шегі бар.
Мысалы,
фирмада
машиналарды қолдануды қысқартып, қол еңбегінің санын өсіруге болады
Бірақ, машиналардың саны аз, жұмысшылар саны көп болғанда машиналардың бір жұмыс
сағатын өтеу үшін, жұмыскерлердің көп сағат еңбегі қажет болады. Қандай өндіріс болмасын,
ол өзінің негізгі мақсатына — неғұрлым көп пайдаға жеткен жағдайды, өндіріс тепе-тендігі де
атайды. Шығарылған өнімнің көлемінің өзгерістері, шығында көлемінен тәуелділігі
сақталғанша, азды-копті түрақты болмақ Шығындардын. өсуімен бірге өнім колемі белгілі бір
шекке дейі өседі. Осылай алынған өнім
шекті өнім
(ШӨ) деп аталады. Бұл өнім ресурстардың
шекті өнімділігінің негізінде пайда болады. Ол өнімнің өсімімен ΔӨ ресурстардың өсімінің ΔХ
ара қатынасы арқылы есептеледі:
ШӨ = ΔӨ /ΔХ.
Егер шығындар шексіз аз мөлшерде өсіп отырса, онда шекті өнім ресурстың шекті
өнімділігін корсететін болады. Ресурстарды шекті өнімділігін және оның (ресурстың) нарықтық
бағасын салыстыра отырып,
кәсіпорны
(фирма) қоғамдық өндірістің ұйымдастырушы формасы
ретінде, қосымша шығындар жасау-жасамау қажеттілігін шешеді. Егер динамикалық
техникалық прогресс қамтамасыз етілмесе онда қосымша еңбек шығынының бірлігінің
тиімділігі бірте-бірте азая береді. Сөйтіп, шекті еңбек өнімділігі мен шекті өнім төмендей
беретін болады. Бұл машиналар мен імеханизмдерге жұмыскерлер жұмсайтын еңбек
шығындары барған сайын көбейе беретінінен байқалады. Еңбектің техникамен құралдануы
төмендейді, өндіріс
техникалық шекке жетеді, өнімнің жалпы өсуі тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: