I F = √ I L I P Баға индекстері елдегі инфляция қарқынын, өмір сүру құнының динамикасын анықтау
үшін қолданылады.
Ұлттық экономикада жасырын немесе көлеңкелі экономиканың болуы ЖІӨ-нің және
ҰЕЖ-нің басқа да көрсеткіштерінің ақиқат шамаларын айқындауда қиыншылықтар тудырады.
Экономикалық статистикада көрсетілмейтін экономикалық іс-әрекеттер жасырын жасалады.
Қорытынды 1. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және
соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп-шот нысанындағы кестелер кешені.
2. ҰЕЖ-нің негізгі мақсаты болып ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) қалыптасуы мен
пайдалану үдерістерін кешенді, әрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу
мен үлгілерді құру және болжау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыру табылады.
Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін
көрсеткіштер жиынтығын құрайды.
3. Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мыналар
болып табылады: жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке
табыс және қолда бар табыс.
4. Жалпы ішкі өнім мынадай әдістермен есептеледі: қосылған құн бойынша, шығындар
бойынша және табыстар бойынша. Сонымен қатар, жалпы ішкі өнімге баға деңгейі маңызды
түрде әсер еткендіктен оның екі түрі ажыратылады: атаулы жалпы ішкі өнім және нақты жалпы
ішкі өнім.
5. Бағалар индекстерінің макроэкономикалық көрсеткіштері тұтыну бағаларының
индексі және өндірушілер бағаларының индексі болып бөлінеді. Жалпы ішкі өнім дефляторы
атаулы жалпы ішкі өнімнің нақты жалпы ішкі өнімге қатынасын білдіреді. Тұтыну
бағаларының индексі Ласпейрес индексімен есептеледі, жалпы ішкі өнім дефляторы Пааше
индексімен есептеледі, ал Фишер индексі Ласпейрес индексі мен Пааше индескінің
кемшіліктерін жояды.
6. Ұлттық экономикада жасырын немесе көлеңкелі экономиканың болуы ЖІӨ-нің және
ҰЕЖ-нің басқа да көрсеткіштерінің ақиқат шамаларын айқындауда қиыншылықтар тудырады.
Экономикалық статистикада көрсетілмейтін экономикалық іс-әрекеттер жасырын жасалады.
Көлеңкелі экономика – мемлекетке салық төлеуден жалтаратын және заңсыз түрде пайда
табуды көздейтін экономикалық қызмет.