Номиналды (атаулы) ЖҰӨ
– бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ
көлемі.
Нақты ЖҰӨ
– бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен
есептелетін ЖҰӨ көлемі.
Номиналды ЖҰӨ-ді нақты ЖҰӨ-ге келтіру үшін екі индекс қолданылады:
1.
Тұтынушылық бағалар индексі (
ТБИ
);
2.
ЖҰӨ дефляторы.
ЖҰӨ-ді есептеудің кейбір қиыншылықтары бар. Мысалы, егер жеке адам көлік сатып
алса, онда С болады, ал фирма сатып алса І болады. ТБИ-ды анықтау үшін «тұтыну қоржыны»
пайдаланылады.
ТБИ = ағымдағы жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы /
базалық жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы
ТБИ
тек тұтыну тауарларына ғана есептелетін баға индексі болып табылады. Бұл
индекстің өзіндік кемшіліктері бар. Ал тек тұтыну емес, сонымен бірге инвестициялық және
басқа да тауарлар бағаларының өзгерісін ескеретін баға индексі – ЖҰӨ дефляторы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |