Экономикалық өсудің неоклассикалық модельдері.
Экономикалық өсудің неоклассикалық модельдерінің негізгісі болып Роберт Солоудың
экономикалық өсу моделі табылады.
Солоудың экономикалық өсу моделі
– бұл халықтың өмір сүру деңгейіне жинақтың,
еңбек ресурстарының және ҒТП-тің әсер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің
неоклассикалық үлгісі.
Экономикалық өсудің тарихи-әлеуметтік теориялары.
Американ ғалымы және социологы Уолт Ростоу, өткен ғасырдың 60-шы жылдары
жасаған
«экономикалық өсудің стадиялары»
атты концепцияның авторы, өзінің осы
теориясында қоғамның экономикалық өсу тарихын бес фазаға бөледі:
1)
дәстүрлі (таптық) қоғам
– бұған қол еңбегін қолдану, экономиканың негізі ретіндегі
ауыл шаруашылығының дамуы, төменгі еңбек өнімділігі, техникалық-экономикалық
өзгерістердің баяу қарқыны сияқты белгілер тән;
2)
қоғамның алға жылжуы үшін экономикалық жағдайлар жасау кезеңі
– мұнда
қоғамның алға жылжуы үшін басты қозғаушы күштер ретінде ғылымның, нарықтық қатынастар
мен еркін бәсекелестіктің дамуы, халық шаруашылығында капиталдың жинақталуы мен
капитал салымдарының өсуі деген факторлар қарастырылады;
3)
қоғамның алға жылжуы немесе өнеркәсіптік төңкеріс кезеңі
– мұнда ҒТП-нің
жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік туады, даму үшін үкімет институттарының және әдет-
ғұрыптардың жасайтын кедергілері жойылады, өнеркәсіптің жекелеген салалары тез қарқынмен
дамиды, қол еңбегі машиналы еңбекке ауысады;
4)
қоғамның кемелдену кезеңі
– мұнда экономикалық дамудың қарқыны өседі, өндіріс
көлемінің өсуі халық санының өсуінен артады, адамдардың тұрмыс жағдайы өсе түседі,
нәтижесінде халық шаруашылығының барлық салаларында жылдам әрі тұрақты даму
үрдістеріне қол жеткізіледі;
5)
қоғамның жаппай тұтынуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін кезең
– мұнда
өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді мәселе жойылады, керісінше, сұраныс
пен экология тарапынан шектелудің туа бастауы өсе түседі, ұзақ мерзімде пайдаланылатын
тауарлар мен қызметтердің маңызы күшейе түседі. Бірақ Ростоу 70-ші жылдары өзінің
концепциясын алтыншы кезеңмен толықтырды, яғни бұл кезеңде қоғам адамзат үшін өмір
сүрудің аса қолайлы және сапалы жағдайларын жасаудың жаңа жолдарын іздеумен
айналысады. Сондықтанда, ғалымның көрсеткен қосымша алтыншы кезеңін –
қоғамның сапалы
өмір сүруі үшін жаңа жолдарды іздестіру кезеңі
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |