қолданылады. 2) Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-
ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін
салыстырғанда қолданылады.
3. Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді: 1) нақты экономикалық өсу – бұл
статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай
макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі. 2) потенциалды
экономикалық өсу – экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу
мүмкіндігі мен дәрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мыналар жатады: а)
еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарды арттыру; ә) технологиялық прогресстің
көмегімен, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыру
есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.
4. Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар: 1) интенсивті типі -
техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика
экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. 2) экстенсивті типі – қосымша
өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. 3) аралас типі - факторлардың
өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
5. Экономикалық өсудің неокейнстік, неоклассикалық және тарихи-әлеуметтік үлгілері
бар.
6. Экономиклық өсудің факторларын сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары және
бөлу факторлары деп бөледі.
7.
Достарыңызбен бөлісу: