Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет184/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

еңбек нарығы
 - бұл ерекше тауар – жұмыс күшін сату және сатып 
алумен  байланысты  экономикалық  қатынастар  жиынтығы;  еңбекті  жалақыға  айырбастау 
механизмі  орындалатын  нарық.  Еңбек  нарығында  жұмыс  күшіне  және  еңбек  қызметтеріне 
сұраныс пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері 
ретінде  кәсіпкерлер-ірі  монополистер,  шағын  және  орта  бизнесмендер,  мемлекет,  жекелеген 
жұмыскерлер және олардың ассоциациялары (кәсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында 
қалыптасатын  бағалар  жұмыс  күшінің  ақшалай  нысандағы  құны  болып  табылатын  жалақы 
мөлшерлемелері  ретінде  сипатталады.  Еңбек  нарығының  динамикасы  оның  негізгі  екі 
элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің 
нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады. 
Еңбек  нарығының 
экономикалық
  және 
әлеуметтік
  деген  екі  негізгі  қызметі  бар. 
Экономикалық  қызметі  еңбекке  қабілетті  халықтың  ұдайы  өндірісінің  тиімді  үрдістерін 
қамтамасыз  етуден  көрінеді,  ал  әлеуметтік  қызметі  жұмыскерлердің  және  олардың 
отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады. 
Жұмыс күші
 – бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру 
үрдісіндегі  физикалық  және  ой  қабілеттіліктерінің  жиынты-ғы;  елдегі  жұмыскерлердің  жалпы 
саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.  
Жұмыссыздық
  –  бұл  еңбек  ұсынысының  еңбекке  деген  сұраныстан  артып  кетуі; 
еңбекке  жарамды  халықтың  жұмыс  таба  алмауы  немесе  жұмыспен  қамтылмауы.  Еңбек 
нарығында  тепе-теңдік  орын  алғанда  экономикада  толық  жұмысбастылық  қалыптасады.  Бірақ 
ақпараттың  жетілмегендігінен  еңбекке  қабілетті  халықтың  белгілі  бір  бөлігі  жұмыс  таппай 
қалады. 
Макроэкономикада 16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай 
екі топқа бөліп қарастырады:  
1)  экономикалық  белсенді  халық  (бұл  топқа  жұмыс  күші  жатады,  ол  өз  кезегінде 
жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар болып бөлінеді);  
2)  экономикалық  белсенді  емес  халық  (бұлар  жұмыс  күші  құрамына  кірмейтін 
оқушылар, зейнеткерлер, т.б.). 
Жұмыссыздықтың  негізгі  көрсеткіші  болып  жұмыссыздық  деңгейі  табылады,  ол 
жұмыссыздар  санының  жұмыс  күшінің  жалпы  санына  (жұмыс  істейтіндер  мен  жұмыс 
істемейтіндер  санының  сомасына)  қатынасы  арқылы  анықталады  және  пайыздық  көрсеткішке 
ие болады: 
100%
L
U
u


  
немесе, 
100%
U
E
U
u



 
мұндағы,  u  –  жұмыссыздық  деңгейі,  U  -  жұмыссыздар  саны,  L  –  жұмыс  күші,  E  – 
жұмыспен қамтылғандар саны. 
Еңбек нарығында жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:
  
1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет